Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 409 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2632.

Жаңартылған

      РҚАО-ескертпесі!
      Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 217 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 9 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      РҚАО-ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 217 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
Төрағасы

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Қазақстан Республикасындағы
бағалы қағаздар рыногында
төлем агентінің қызметін жүзеге
асыру ережесін бекіту туралы"
2003 жылғы 2 желтоқсандағы
N 409 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесі

      РҚАО-ескертпесі!
      Ереженің оң жақ жоғарғы бұрышы және тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 217 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      РҚАО-ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 217 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындайды.

      2. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздар және облигациялардың нақтылы құны бойынша оларды өтеу кезінде кіріс төлеуді дербес немесе төлем агентінің қызмет көрсетуі туралы жасалған шартқа (бұдан әрі – шарт) сәйкес төлем агенті көрсететін қызметті пайдалана отырып жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 217 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Төлем агенті туралы мәліметтер эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде болады. Эмитент жаңа төлем агентімен шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның талаптарына жауап беретін баспасөз басылымында эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын төлеуді жүзеге асыратын төлем агентінің және оның барлық филиалдарының атауын, орналасқан жерін көрсете отырып, бұл туралы хабарлама жариялайды.

2-тарау. Төлем агентінің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды
өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын төлеуі

      4. Бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын төлеуді эмитент шартта көрсетілген төлем агентінің банк шотына (бұдан әрі - төлем агентінің шоты) қажетті ақша сомасын аудару және бір мезгілде төлем агентіне бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін жіберу арқылы жүзеге асырады.

      5. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын төлеу үшін төлем агентіне ұсынылатын бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімінде мынадай мәліметтер болады:

      1) бағалы қағаздарды ұстаушының толық атауы (жеке тұлғаның аты-жөні, бар болса - әкесінің аты);

      2) бағалы қағаздарды ұстаушының орналасқан жері (тұрғылықты жері) және почталық мекен-жайы;

      3) бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздардың түрі және саны;

      РҚАО-ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 217 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4) бағалы қағаздардың ұлттық бірегейлендіру нөмірі;

      5) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке бірегейлендіру коды, бағалы қағаздарды ұстаушының шоты ашылған банктің атауы және банктік бірегейлендіру коды (заңды тұлға үшін);

      6) жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін);

      7) бағалы қағаздарды ұстаушының салықтық мәртебесі (Қазақстан Республикасының резиденті, резидент емесі);

      8) экономика секторының коды (заңды тұлға үшін);

      9) кірісті төлеудің мақсаты (акциялар бойынша дивидендтерді төлеу, облигациялар бойынша сыйақы немесе облигацияларды өтеу);

      10) әрбір бағалы қағаздарды ұстаушыға төленуге тиіс ақша сомасы.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Төлем агенті бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын төлеуді Қазақстан Республикасының заңдарына, өзінің ішкі құжаттарына және шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      РҚАО-ескертпесі!
      7-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 217 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Төлем агенті бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын төлеуді жүзеге асырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде:

      1) төленуге тиіс ақша сомасын;

      2) төленген ақша сомасын;

      3) талап етілмеген ақша сомасын көрсете отырып, эмитентке тапсырманың орындалғаны туралы хабар жібереді.

      7-1. Төлем агенті эмитент сыйақыны және (немесе) облигациялардың номиналды құнын төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ шектеулерді (ковенант) бұзған фактілер туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннен кешіктірмей, төлем агенті эмитентпен жасалған шарт бойынша өзінің функцияларын жүзеге асыру және өзінің құқықтарын іске асыру аясында қолданған шараларды көрсете отырып, уәкілетті органды және облигация ұстаушыларды хабардар етеді.

      Ескерту. Ереже 7-1-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      8. Төлем агенті эмитентке талап етілмеген ақша сомасын қайтаруды шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      9. Эмитент шынайы емес мәліметтері бар бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін ұсынған жағдайда, төлем агенті эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын уақтылы төлемегені үшін жауапкершілік атқармайды.

      10. Эмитенттің төлем агентінің қызмет көрсетуіне ақы төлеуі эмитенттің есебінен жүзеге асырылады.

      РҚАО-ескертпесі!
      11-тармақты алып тастау көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 217 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешілуге жатады.