Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2625

Қолданыстағы

      "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жекеше нотариустарды есепті тіркеу туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 13 наурыздағы N 178 бұйрығының (Әділет министрлігінде N 653 тіркелген, 1998 жылғы 30 қарашада N 8 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Аумақтық әділет органдарының бастықтары осы ереженің іске асуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет вице-министрі С.Н.Баймағамбетовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

"Жекеше нотариустарды   
есептік тіркеу туралы   
ережені бекіту туралы"  
Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2003 жылғы 13 желтоқсандағы
N 264 бұйрығымен     
бекітілген        

Жекеше нотариустарды есептік
тіркеу туралы ереже

      1. Осы Ереже "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының негізінде әзірленді және жекеше нотариустарды есептік тіркеудің шарты мен тәртібін айқындайды.

      2. Жеке нотариустарды есептік тіркеу (бұдан әрі - есептік тіркеу) келу сипатында болады және Конкурстық комиссияда оң қорытынды алған және нотариаттық палата мүшелігіне енген адамды тиісті нотариаттық округтің жекеше нотариустары туралы деректер банкін қалыптастыру мақсатында аумақтық әділет органында есепке қою болып табылады. V050003547

      3. Конкурстық комиссияда оң қорытынды алған және нотариаттық палата мүшелігіне енген адам (бұдан әрі - өтініш беруші) аумақтық әділет органында есептік тіркеуден өту үшін белгіленген нысанда өтініш береді (1-қосымша).
      Өтінішке мынадай құжаттар:
      1) кадрларды есепке алу жөніндегі фотосуреті бар жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілген);
      2) жеке куәліктің немесе Қазақстан Республикасы азаматы төлқұжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) нотариаттық палатаға мүше болып енуі туралы нотариаттық палата басқармасының шешімінен үзінді;
      5) егер өтініш беруші бұрын басқа нотариаттық округте нотариаттық қызмет жасаған жағдайда, тиісті нотариаттық округте есептік тіркеуден шығару туралы аумақтық әділет органы бұйрығының көшірмесі қоса беріледі.
      Есептік тіркеуге қою туралы өтінішті аумақтық әділет органы ол келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде қарайды.

      4. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша аумақтық әділет органы өтініш берушіні есептік тіркеуге алу туралы шешім қабылдайды және нотариаттық палатамен бірлесіп бос орын жарияланғаннан оған қызмет аумағын айқындайды.
      Есепті тіркеуге алу және қызмет аумағын белгілеу туралы шешім аумақтық әділет органының бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен нотариаттық палатаның келісімі бойынша ресімделеді.

      5. Өтініш берушіні есептік тіркеуге алу және оған қызмет аумағын белгілеу туралы мәлімет Жекеше нотариустардың есептік тіркеу кітабына (бұдан әрі - кітап) енгізіледі (2-қосымша).

      6. Кітап аумақтық әділет органында жүргізіледі.
      Кітаптағы парақтар қатталып тігілуге, нөмірленуге және аумақтық әділет органының мөрімен бекітілуге тиіс.
      Онда енгізілген мәліметтердің толықтығына, шынайылығына, уақтылы мен өзектілігіне, сондай-ақ оның сақталуына аумақтық әділет органы бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушының бұйрығымен белгіленген аумақтық әділет органының қызметкері жауапты болады.

      7. Есептік тіркеуге қоюдан осы Ереженің 3-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін бермеген жағдайда бас тартылуы мүмкін.
      Есептік тіркеуге қоюдан бас тартуға сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.

      8. Есептік тіркеуге алынған адам (бұдан әрі - жекеше нотариус) бір ай мерзімде аумақтық әділет органына:
      1) аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата белгілеген қызмет аумағында үй-жайдың барлығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін (жалға беру, сатып алу-сату шарты және т.б.);
      2) салық органында жекеше нотариусты салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырған көшірмесі;
      3) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) жекеше нотариустың жеке мөрін дайындау туралы өтінішті ұсынады.

      9. Аумақтық әділет органы осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде:
      1) жекеше нотариустың үй-жайын "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 4-тармағының және 21-бабы 4-тармағының талаптарына оның сәйкестігін тексеруді;
      2) нотариустың жеке мөрін дайындауға тапсырысты жүзеге асырады және оны нотариусқа заңнамада белгіленген тәртіппен беруді жүргізеді.

      10. Жекеше нотариус жеке мөрді алған соң аумақтық әділет органы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жекеше нотариустың жеке анкетасын он күн ішінде (3-қосымша) жібереді.

      11. Жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты немесе оның үй-жайының орналасқан жері өзгерген жағдайда аумақтық әділет органы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бұл өзгерістер туралы мәліметті жекеше нотариустан тиісті мәліметтер келіп түскен күннен бастап он күн ішінде ұсынады.
      Бұл ретте жекеше нотариус өзінің тегін, атын, әкесінің атын не үй-жайының орналасқан жерін өзгерткені туралы өзінің ақпаратына аумақтық әділет органына өзгеріс орын алғанын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады.

      12. Жекеше нотариус нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініш бергенде нотариаттық палата үш күн мерзімде аумақтық әділет органына хабарлайды.

      13. Жекеше нотариустың оның нотариаттық палатадан шығатыны туралы хабарлама келіп түскен соң аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесіп бір ай мерзімде мынадай іс-шараларды:
      1) жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын тексеруді және жекеше нотариустың анықталған бұзушылықтарды жоюын;
      2) жекеше нотариаттық мұрағатқа нотариаттық құжаттарды қабылдап-тапсыруды;
      3) жекеше нотариустың жеке мөрін алып қою мен жоюды;
      4) Лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жекеше нотариустың лицензиясын алып қоюды және Әділет министрлігіне жіберуді жүзеге асырады.
      Осы тармақта көрсетілген іс-шараларды өткізу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайларда, аумақтық әділет органының бастығы немесе оның міндетін атқарушы адам және нотариаттық палатаның төрағасы мерзімдерді кемінде бір айға ұзарта алады.

      14. Осы ереженің 13-тармағында көзделген өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде, сондай-ақ нотариусты нотариаттық палатаның мүшелігінен шығарған соң аумақтық әділет органы жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы шешім қабылдайды.
      Осындай шешімді қабылдауға негіздеме көрсетілген іс-шаралардың өткізілгенін, сондай-ақ нотариаттық палата мүшелігінен шығарылғанын растайтын құжаттар болып табылады.

      15. Жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы шешім аумақтық әділет органы бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушының бұйрығымен ресімделеді.

      16. Жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы мәлімет Жекеше нотариустарды есептік тіркеу кітабына енгізіледі.

      17. Аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесіп есептік тіркеуден шығарылған нотариустың қызмет аумағында нотариаттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы нотариустың өз қызметін тоқтатқаны туралы хабардар ету бойынша шаралар қабылдайды.

      18. Аумақтық әділет органы он күн ішінде Әділет министрлігіне жекеше нотариустың нотариаттық палата мүшелігінен шығарылғаны және оның есептік тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлайды.

Жекеше нотариустарды   
есептік тіркеу туралы  
Ережеге 1 қосымша     

___________________________  облысы 
әділет басқармасының бастығы        
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________

Өтініш

      ______________________________________________________________
                  (бос орын құралған нотариаттық округтің
____________________________________________________________________
             әкімшілік-аумақтық бірлігі көрсетіледі)
жекеше нотариусы ретінде есептік тіркеу жүргізуіңізді сұраймын.
      Осы өтінішке:
      ______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________ қоса ұсынамын.

_____________                           ____________________________
  (қолы)                                          (Т.А.Ә.)

"__" ______________ 200_ ж.

Жекеше нотариустарды 
есептік тіркеу туралы
Ережеге 2-қосымша  

Жекеше нотариустарды есептік тіркеу кітабы
_____________________________________ (қаласы) облысы

____________________________________________________________________
N | Жекеше  |  Жеке    |Мемлекеттік|Нотариаттық|Есептік | Жекеше
р/с|нотариус.|куәліктің |лицензияның| палатаға  |тіркеуге|нотариус.
   |тың тегі,|(төлқұжат)|нөмірі және|енген күні |алынған |  тың
   |  аты,   |  нөмірі  | берілген  |           |  күні  | қызмет
   |әкесінің |  және    |   күні    |           |        | аумағы
   |  аты    |бергілен  |           |           |        |
   |         |  күні    |           |           |        |
____________________________________________________________________
1 |    2    |    3     |     4     |     5     |    6   |    7
____________________________________________________________________

кестенің жалғасы
____________________________________________________________________
  Жекеше   |  Жекеше  |Нотариаттық| Есептік  |  Жазба   | Ескерту
нотариус  | нотариус |   палата  |тіркеуден | енгізген |
үй-жайының |  үйінің  |мүшелігінен|шығарылған|лауазымды |
орналасқан |мекен-жайы| шығарылған|   күні   | адамның  |
   жері    |          |   күні    |          |т.а.ә.аты.|
____________________________________________________________________
      8    |    9     |    10     |     11   |     12   |   13
____________________________________________________________________

Жекеше нотариустарды 
есептік тіркеу туралы
Ережеге 3 қосымша  

Жекеше нотариустың жеке анкетасы
Жалпы мәліметтер

1. Тегі ___________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________________
2. Туған күні ___________________________________ (күні, айы, жылы)
3. Туған жері _____________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Білімі _________________________________________________________
___________________________________________________________________
       (жоғарғы оқу орнының атауы және оны аяқтаған күні)
5. Диплом бойынша мамандығы _______________________________________
_______ ж. " ___" _______________________ N _____ диплом
6. Жалпы жұмыс стажы ______________________________________________
7. Заң мамандығы бойынша жұмыс стажы ______________________________
оның ішінде нотариус ______________________________________________
8. Нотариаттық палата мүшелігіне енген күні _______________________
басқа палаталарға мүшелігі ________________________________________
9. Есептік тіркеу күні ____________________________________________
10. Сақтандыру компаниясының атауы және жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы шарт жасасқан күні
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
11. Жеке куәлік (төлқұжат):
N _____________ кім берген ____________  берілген күні ____________
12. Үйінің мекен-жайы _____________________________________________
___________________________________________________________________
үй тел.  ________________________________
13. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау мекен-жайы _____________________
___________________________________________________________________
жұмыс тел. ________________________________
Мемлекеттік лицензия нөмірі| жекеше нотариустың  |жекеше нотариус
және оның берілген күні    | жеке мөрінің үлгісі |қолының үлгісі