Жекеше нотариустарды есептік тіркеу тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 13 наурыздағы N 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 653. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N 264 (V032625) бұйрығымен.

      "Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 ақпандағы N 3859 U983859_ Жарлығын атқару мақсатында:
      Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы екi апталық мерзiмде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне:
       бұл ретте, көрсетiлген акционерлiк қоғам қызметiнiң негiзгi нысанасы - ұйымдар мен жеке адамдардың өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи қалаларын қайта өркендету және туризм инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi қажеттi ғылыми және өндiрiстiк әлеуеттi бiрiктiру екендiгiн белгiлеп, "Жiбек жолы - Қазақстан" ұлттық компаниясы" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын;
      "Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" атты Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi шаралардың жоспарын енгiзсiн.
 
      Премьер-Министр