Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлем карточкаларын пайдалану мәселелері жөніндегі кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 370 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 27 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2582

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тiркеу тізiлiмiнде N 1260 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 23 қазанда - 5 қарашада жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1667 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы" 2001 жылғы 3 қыркүйектегi N 328 қаулысымен және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерiн мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде N  1984 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 361 қаулысымен   бекiтiлген өзгерiстермен және толықтырулармен) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген  Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiнде:

      3-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;

      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ алынып тасталсын;

      13-тармақтағы "Ұлттық Банктің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақтағы "төлем карточкасын беру туралы" деген сөздерден кейiн "карт-шот шарттың" деген сөздермен толықтырылсын;

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "46. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын валюта операциялары банк шоттары бойынша валюта операцияларын жүргiзуге валюта заңдарында белгiленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.";

      47-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң қызмет ету ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 510 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2158 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 10 - 23 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң қызмет ету ережесiнде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi жүйенiң қатысушы банктерi шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасының аумағында төлемдердi және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған.";

      4-тармақтың:
      8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) жүйенiң төлем карточкасы (бұдан әрi - жүйенiң карточкасы) - жүйенiң қатысушы банкi шығарған және Қазақстан Республикасының заңдарында және/немесе жүйеде белгiленген операцияларды жүзеге асыру мақсатында жүйеде қолданылатын төлем карточкасы.";
      14) тармақша алынып тасталсын;

      7-тармақтың 5) тармақшасындағы "қайта шығару" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ оларды оқшаулау және күшiн жою" деген сөздермен толықтырылсын;

      15-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      23-тармақтың бiрiншi сөйлемi алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
 

      4. Төлем жүйесі басқармасы (Мусаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, "Процессинг орталығы" жабық акционерлік қоғамына, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.
 

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.
 

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмішовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы