Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 2 қыркүйек N 361. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1984. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi мен Орман, балық және аң аулау шаруашылығы комитетi Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 31 мекен-жайындағы ғимаратқа орналастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң теңгерiмiне көрсетілген ғимаратты беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi мен

 

Ауыл шаруашылығы министрлiгi мүдделi мемлекеттік органдармен келiсiм

бойынша осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың

орналастырылуына байланысты iс-шараларды қаржыландыру көзi жөнiндегi

ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.