Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1260 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2158 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің қызмет ету ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 510 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 371 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 27 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2581

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасында төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1260 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 23 қазанда - 5 қарашада жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1667 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы" 2001 жылғы 3 қыркүйектегi N 328  қаулысымен  және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1984 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2002 жылғы 2 қыркүйектегi N 361 қаулысымен  бекiтiлген өзгерiстермен және толықтырулармен) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiнде:

      3-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "14-1) процессинг - төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi және басқа да операцияларды жүзеге асырған кезде қалыптасатын ақпаратты жинауға, өңдеуге және беруге байланысты қызмет;";
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) процессинг ұйымы - процессингті, сондай-ақ төлем карточкалары жүйесiне қатысушылармен жасалған шарттарда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын төлем карточкалары жүйесiне қатысушы;";

      5-тарау мынадай мазмұндағы 35-2 және 35-3 тармақтарымен толықтырылсын:

      "35-2. Қазақстан Республикасының аумағында резидент банктiң төлем карточкаларын пайдалана отырып оның қызмет ету желiсiнде жүзеге асырылған төлемдер бойынша процессингтi осы банк және/немесе резидент-процессинг ұйымы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының аумағында резидент банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып басқа резидент банктерге қызмет ету желiсiнде жүзеге асырылған төлемдер бойынша процессингтi резидент-процессинг ұйымы жүзеге асырады.

      35-3. Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған операциялар бойынша резидент банктер арасындағы төлем клирингін Ұлттық Банк банкаралық клирингтi жүргiзуге берген лицензиясы негiзiнде резидент-процессинг ұйымы жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Микропроцессорлық карточкалар негізiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң қызмет ету ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 510  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актерлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2158 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 10 - 23 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық (жүйесiнiң қызмет ету ережесiнде:

      барлық мәтiн бойынша "процессинг ұйымы", "процессинг ұйымымен", "процессинг ұйымының", "процессинг ұйымына", "Процессинг ұйымы" деген сөздер тиiсiнше "арнайы ұйым", "арнайы ұйымымен", "арнайы ұйымның", "арнайы ұйымға", "Арнайы ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2 және 3 тармақтар алынып тасталсын;

      4-тармақтағы:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жүйенің қатысушы банкі - жүйеде эмитенттің және/немесе эквайердің функциясын орындайтын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;";
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) арнайы ұйым - жүйенiң қатысушы банктерi жүйе шеңберiнде банкаралық төлемдердiң процессингiн және клирингiн жүзеге асыру мақсатында құрған және жүйенiң қызмет етуiне басқаруды қамтамасыз ететiн процессинг ұйымы;";

      6-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1 тарауымен толықтырылсын:
      "5-1 тарау. Жүйеге қойылатын жалпы талаптар
      24-1. Жүйе карточкаларының бет жағында жүйенiң логотипi бар және оны жүйенiң барлық қатысушы банктерi қызмет көрсету үшiн қабылдайды. Жүйенiң логотипiн арнайы ұйым әзiрлейдi және бекiтедi.
      24-2. Жүйеде қолданылатын ақпаратты берудiң форматтарын, жүйенiң ерекше нұсқамалары мен өзге де стандарттарын арнайы ұйым әзiрлеп бекiтедi және оны жүйенiң барлық қатысушылары сақтайды.";

      29-тармақ алынып тасталсын;

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "31. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған төлемдер бойынша процессингті және/немесе жүйенiң карточкаларын пайдалана отырып банкаралық төлемдердiң клирингiн жүйенiң қатысушы банкi және арнайы ұйым арасында жасалған шартқа сәйкес арнайы ұйым жүргiзедi.";

      6-тарау мынадай мазмұндағы 34-1 тармағымен толықтырылсын:
      "34-1. Резидент еместер эмиссиялаған төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялар бойынша төлемдердi, сондай-ақ жүйенiң карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалған операциялар бойынша жүйенiң қатысушы банктерінің атына халықаралық төлем жүйелерiнен түскен төлемдердi арнайы ұйым қабылдайды әрi өңдейдi.";

      42-тармақ алынып тасталсын;

      8-тарау алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. <*>
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 80   қаулысымен .

      4. Төлем жүйесі басқармасы (Мусаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, "Процессинг орталығы" жабық акционерлік қоғамына, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмішовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы