Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының көмiрсутегi кен орындарының өнiмдi қабаттарына көмiрсутегi газдарын айдау кезiндегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсін.
2. Мұнай өнеркәсібі департаменті осы Ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен тіркетсін.
3. Осы Ереженің орындалуын бақылау Мұнай өнеркәсібі департаментіне жүктелсін (Исаев М.И.).
Министр
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігінің төрағасы
5 қазан 2003 ж.
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
2003 жылғы 25 қыркүйектегі
N 177 бұйрығымен
Бекітілді
Қазақстан Республикасының көмiрсутегi кен
орындарының өнiмдi қабаттарына көмiрсутегi
газдарын айдау кезiндегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi
Ережесi 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының көмiрсутегi кен орындарының өнiмдi қабаттарына көмiрсутегi газдарын айдау кезiндегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi ережесi (бұдан әрi - Ереже) көмiрсутегi газдарын (бұдан әрi - KCГ), оның iшiнде құрамында күкiртсутегi барларын өнiмдi қабаттарға айдау кезiндегi орындалуы құрғақта, теңiз бен iшкi су қоймаларында орналасқан Қазақстан Республикасының көмiрсутегi кен орындарындағы жұмыстардың қауiпсiз өндiрiсiн қамтамасыз етудiң мiндеттi шарты болып табылатын төтенше жағдайлардың алдын алу, адамдардың денсаулығы мен өмiрiн, қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының "Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы", "Мұнай туралы", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заңдардың және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес әзiрлендi. Z100291 қараңыз
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.07.21 N 252 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) геодинамикалық мониторинг - жер қойнауының бүгiнгi геодинамикалық жайының деңгейiне баға беру;
2) отты жұмыстар - электр газбен дәнекерлеудi қолдану арқылы жүргiзiлетiн жұмыстар;
3) өнеркәсiптiк объектiнiң қауiпсiздiк декларациясы - өнеркәсiптiк объектiдегi мүмкiн болатын төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымы туралы хабар беретiн және пайдалануға беру, оның жұмыс iстеуi мен пайдаланудан шығуы сатыларында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiнде меншiк иесi қабылдаған шаралар туралы жариялайтын құжат;
4) сейсмикалық жағдайлар мониторингi - қаралатын аудандағы жер сiлкiнiсiнiң кеңiстiкте-уақытша бөлiнуiн және көрсетiлген процестiң уақыт iшiнде өзгеру динамикасын зерделеу;
5) Оператор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреттi органның жазбаша хабарламасы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар құратын немесе белгiлейтiн, келiсiм-шартты орындауға байланысты қызметтi жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның iс-әрекетi үшiн жер қойнауын пайдаланушы мемлекет алдында мүлiктiк жауапкершiлiкте болады;
6) газды дайындау - газ сығушы ұңғымаларға КСГ қысу және айдау алдында дайындалатын технологиялық процесс;
7) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) құзыреттi орган – Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен бекітілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өңдеуге келісімшарттарды қоспағанда, бірлескен барлау мен өңдеуге, барлауға, өңдеуге келісімшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.07.21 N 252 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
3. Осы Ереже құрғақта, теңiзде және iшкi су қоймаларында орналасқан КСГ өнiмдi қабаттарға айдау жүзеге асырылатын және өнiмдi қабатқа айдау үшiн жабдықтарды жобалау мен пайдалануды қамтитын Қазақстан Республикасының көмiрсутегi кен орындарында қолдануға жатады.
4. Осы Ережелерде қарастырылмаған жағдайлар туындағанда Оператор қосымша қауiпсiздiк шараларын уәкiлеттi органмен келiсiп жасауы керек.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.07.21 N 252 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
5. КСГ өнiмдi қабатқа айдау арқылы көмiрсутегi (бұдан әрi - КС) кен орнын игерушi оператордың "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қауiптi тау-кен өндiрiсiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалануға лицензиясы болуы керек және белгiленген тәртiппен "Өнеркәсiптiк объект қауiпсiздiгi декларациясын ұсыну ережелерi мен нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 19 мамырдағы N 764 қаулысына сәйкес белгiленген тәртiппен өнеркәсiптiк қауiпсiздiк объектiсiнiң Декларациясын жасайды және бекiтедi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.07.21 N 252 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
6. Оператор осы Ереже мен өнеркәсiп, өрт, санитарлық және экологиялық қауiпсiздiк жөнiндегi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес KCГ айдау жүйесiн жобалау және игерудi жүзеге асырады, сондай-ақ белгіленген тәртiппен КСГ айдау жүйесiнiң техникалық жобасын бекiтедi.
7. Оператордың мұнайгаз саласындағы өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiнде, оның iшiнде КСГ өнiмдi қабатқа айдау жөнiнде өндiрiстiк нормативтік-техникалық құжат (бұдан әрі - НТҚ) базасы болуы керек және оны ол әрдайым жаңалап отыруы керек.
8. Оператор персоналды жұмыс қауiпсiздiгi үшiн қажеттi құжаттамалармен қамтамасыз етедi және есепке алатын құжаттамаларды жүргiзедi.
9. Оператор КСГ айдайтын барлық объектiлерде ауа райының қолайсыздығы мен төтенше жағдай туындауы мүмкiн жағдайларда жұмысты тоқтату туралы нұсқау әзiрлейдi.
10. Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен сертификациядан өткен және өнеркәсiпте қолдануға рұқсаты бар қауiптi өндiрiстiк объектiлерде техникалық қондығыларды, жабдықтарды, материалдар мен бұйымдарды пайдаланады.
11. Оператор тиiстi өкiлеттiктердi ресiмдей отырып, жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуiн бақылауды қамтамасыз ету үшiн бiлiктi қызметшiлер штатын құрады.
12. Жобалау ұйымы КСГ айдау жөнiндегi жобалау объектiлерiнде қауiптi фактор мен тәуекелге талдау жасайды.
13. Оператор Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мен халықаралық нормаларға сәйкес жасалған нұсқаулар бойынша КСГ айдайтын объектiге персоналдың кiруiн бақылайды.
14. Оператор КСГ айдау жөнiндегi объектiдегi барлық жұмыстардың жоспарлануы және жүзеге асырылуы кезiнде басшылыққа алынатын рұқсат беру және жұмысқа жiберу жүйесiн әзiрлейдi. Оператор белгiлi бiр жұмыс түрлерiне (отты, электрлiк, шектеулi кеңiстiктегi, жердегi, газ қаупi бар және басқа да) арналған рұқсат беру мен жiберушi-нарядтарды әзiрлейдi (келiседi), оларды беру тәртiбiн белгiлейдi және оларға қол қояды.
15. Оператор КСГ айдау объектiсiндегi апаттық жағдайлардың алдын алу жөнiндегi барлық қажеттi шараларды қабылдайды және апат салдарын жоюға үнемi дайын болуды қамтамасыз етедi.
16. Оператор өндiрiстегi персоналды (оның iшiнде, келiсiм-шартпен жұмыс iстейтiн персоналды) оқытады, техника қауiпсiздiгi жөнiндегi бiлiмiн мезгiл-мезгiл тексерiп отырады, тыныс алу органдарын қорғайтын құралдарды пайдалануға болмайтындығын анықтау үшiн медициналық тексеруден өткiзедi.
17. Оператор есепке алу құжаттамасын жүргiзедi және персоналдың техника қауiпсiздiгi жөнiнде оқудан өткенi және емтихан тапсырғаны жөнiнде куәлiк бередi.
18. 0ператор КСГ айдау жөнiндегi жұмысқа басқа объектiлерден уақытша шақырылған персоналды нұсқамадан өткiзедi. Нұсқама: өнеркәсiп қауiпсiздiгiнiң жалпы мәселелерiн; нақты объектiге жататын өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң арнайы мәселелерiн; жұмыстың орындалуына байланысты персоналдың өмiрiн, денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн қамтиды.
19. Оператор алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт қауiпсiздiгi, тағы басқа мәселелер бойынша нұсқамадан өткiзу үшiн иiстi мамандарды тартады.
20. Оператор КСГ айдау кезiнде қолданыстағы НТҚ қарастырылған жаңа жабдық түрлерiн, жаңа технологиялық әдiстер мен процестердi қолданған жағдайда, персоналды қосымша оқытып, бiлiмiн тексередi.
21. Оператор КСГ айдау объектiлерiнде ай сайын персоналдың және апаттан құтқару қызметiнiң бiрлескен оқу-жаттығу сабағын келiсiлген кесте бойынша өткiзiп тұрады.
22. Оператор КСГ айдайтын объектiлерде теңiз мұнайгаз құрылғыларында жұмыс iстейтiн персонал үшiн техника қауiпсiздiгi жөнiнде нұсқама өткiзедi және төтенше жағдайлар, эвакуациялау кезiндегi iс-қимыл мен теңiзде аман қалу жөнiндегi практикалық дағдыға үйретедi.
23. Оператор теңiз мұнайгаз құрылғыларындағы КСГ айдау объектiлерiнде жұмыс iстейтiн барлық персоналдарды теңiзде аман қалу жөнiнде нұсқамамен қамтамасыз етедi.
24. Теңiз мұнайгаз құрылғыларындағы КСГ айдау объектiлерiне бiрiншi рет жұмысқа жiберiлген персонал 7 күнтiзбелiк күн бойы жауапты қызметкердiң бақылауымен қосымша оқудан өтуi тиiс.
25. КСГ айдау объектiлерiнде жұмыс iстейтiн персонал айына кемiнде бiр рет техника қауiпсiздiгi жөнiнде оқу-жаттығу сабағынан өтедi.
26. КСГ айдау объектiлерiнде 60 күннен артық уақыт болмаған персонал техника қауiпсiздiгi жөнiндегi жаңартылған дайындықтан өтедi.
27. Әрбiр КСГ айдау объектiсiнде өндiрiстiк персонал танысуы тиiс келiсiлген және белгiленген тәртiппен бекiтiлген апатты жою жоспары бұдан әрi - АЖЖ) болады.
28. Оператор персоналмен техника қауiпсiздiгi, қоршаған орта мен еңбектi қорғау жөнiнде айына кемiнде бiр рет мәжiлiс өткiзедi және құжаттайды. Құжаттарға мәжіліске қатысушылардың барлығы қол қояды.
29. Оператор КСГ айдау объектiсiнде жұмыс iстейтiн персоналды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етедi және оларды қолдана бiлуге үйретедi. Оператор берiлген жеке қорғаныш құралдарының есебiн алып отырады, техникалық қызмет көрсетедi және дер кезiнде ауыстырып отырады.
30. Оператор жобаға сәйкес қызметшiге таныс белгiлi бiр жерлерге өртке қарсы жабдықтарды орнатады және олардың жұмыс iстеп тұруын қадағалап отырады.
31. Отпен жұмыс iстеу кезiнде персонал қолданыстағы HTҚ алаптарын сақтайды, өрттiң шығуын болдырмайды және оны жоюды қамтамасыз етедi, өрт шығу көздерiн сенiмдi оқшаулайды және мүмкiн болса электр жабдықтарын ажыратады.
32. Барлық КСГ айдау объектiлерiнде шылым шегуге рұқсат етілмейдi.
33. Оператор қауiпсiз еңбек жағдайын басқаруды, КСГ айдау объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн жетiлдiрудi, персоналды KCГ айдау объектiлерiнде жұмыс iстеуге үйретудi, персоналдың техника қауiпсiздiгiн бұзуын болдырмайтын жағдайларды қамтамасыз ету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдайды.
34. Оператор КСГ айдау объектiлерiн жел бағытын көрсететiн құрылғымен жарақтайды және оларды iс жүзiндегi талаптарға сәйкес көрiнетiн орындарға орнатады.
35. КСГ айдау объектiлерiнен тұрғын үйлерге дейiнгi арақашықтық жайластыруға арналған жобалау құжаттамасын келiсу кезiнде белгiленедi.
36. Оператор операторлық және авариялық қызмет бөлмелерiне: апаттық қоймалардың, жинау пункттерiнiң орны, газ қауiпсiз болатын алаңдар, өрт жабдықтары және эвакуация бағыты көрсетiлген объектiлер сызбасын; жедел көмек қызметi мен төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық органның телефон нөмiрлерi көрсетiлген хабарлау жүйесiнiң сызбасын; персоналдың АЖЖ сәйкес iс-қимылдарының жоспарын қоюы керек.
37. КСГ айдайтын объектiлердiң жабық өндiрiстiк орындарын Оператор тиiстi жылыту, желдету және ауаны кондиционерлеу жүйелерiмен жабдықтайды.
38. Газ детекторы мен мәжбүрлеп желдету жүйесiн Оператор мезгiл-мезгiл қарап, сынақтан өткiзiп отырады.
39. КСГ айдау жөнiндегi объектiлердi жобалауға арналған техникалық тапсырмада Оператор басқа көрсеткiштерден бөлек қабаттағы және айдалатын газдағы күкiртсутегiнiң бар екенiн көрсетедi.
40. KCГ айдау объектiлерiнен ауаға шығарылатын газды Оператор залалсыздандырады немесе жағып жiбередi. Күкiрттi КСГ жаққан кездегi жанған өнiмнiң ауада шоғырлануы ел қоныстанған аймақтағы шектеулi мөлшерден аспауы керек.
41. Құрамында күкiртсутегi бар газды залалсыздандырмайынша немесе жақпайынша ауаға шығаруға рұқсат етiлмейдi.
42. Өнеркәсiптiк канализация жүйесiне кұрамында күкiртсутегi бар сұйықты залалсыздандырмайынша құюға рұқсат етiлмейдi.
43. KCГ айдау жөнiндегi объектiнi автоматты басқару жүйесiне:
1) басқарудың тиiстi қалқанындағы бекiту қақпақтарының орналасу индикациясы;
2) берiлетiн газ параметрлерiн және дабыл беру жүйелерiн тiркеу;
3) процесс бұзылған жағдайда компрессорды автоматты түрде өшiру;
4) жұмыс параметрлерi бұзылған жағдайда ұңғымаларды автоматты түрде өшiру кiредi.
44. Технологиялық жабдықтар мен ұңғымаларды ашпас, жөндемес, бақыламас, қымтамас бұрын Оператор күкiртсутегiнi залалсыздандыру және пирофорлық түзiлiмдердi баяулату жөнiнде шаралар қабылдайды. Күкiртсутегi, КСГ және мұнай буы шектеулi концентрациядан аспаған жағдайда ғана жұмысқа кiрiседi.
45. Оператор жұмыс зонасының ауасына күкiртсутегiнiң бөлiнуi мүмкiн орындарда (бұрғы қондырғысында, өнеркәсiптiк манифольдтар, газды дайындау, салыстыру қондырғыларында және т.б.) тұрақты автоматты немесе жылжымалы газ дабылдағыштармен ауа ортасын бақылап отыруы тиiс.
46. КСГ айдау объектiлерiнде жұмыс iстейтiн персоналға мынадай талаптар қойылады:
1) жұмысты осы Ереженiң және басқа да қолданыстағы өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi НТҚ талаптарына сәйкес орындау;
2) лауазымдық және өндiрiстiк нұсқаулықты қатаң сақтау;
3) өндiрiстегi санитарлық-гигиеналық норманы сақтау;
4) оператор басшыларын анықталған ереже бұзушылық, бекiтiлген жобалық параметрлерден, технологиялық жабдықтар мен процестердi пайдалану режимiнен ауытқушылық туралы дереу хабарлау және регламентпен АЖЖ-да қаралған шараларды дереу қабылдау.
47. Персонал:
1) жұмысты қауiпсiз орындау жөнiндегi қажеттi техникалық құжаттаманы, қауiпсiздiк ережелерi мен басқа НТҚ пайдалануға;
2) әкiмшiлiктен қауiпсiз жұмыс жүргiзу үшiн нұсқаулық және басқа да HTҚ әзiрлеу және ұсынуды талап етуге;
3) қолданыстағы нұсқаулықтар мен ережелердi және еңбек қауiпсiздiгi жөнiндегi басқа да құжаттарды жақсартатын ұсыныстар енгiзуге;
4) объектiнiң (жұмыс) басшысына ереже бұзушылықты жою жөнiнде ұсыныс беруге, ал оған мән берiлмеген және шара қолданылмаған жағдайда техника қауiпсiздiгi журналына жазуға және мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарына, жоғары басшыға хабар беруге;
5) туындаған апаттық жағдайларды, төтенше жағдайларды (персонал жарақаттанғанда, жарылысты немесе өрттi) жоюға қатысуға құқылы.
48. Басқарушы инженерлiк-техникалық персонал қызметтi бақылау оның лауазымдық мiндеттерiне кiрген жағдайда және лауазымдық нұсқаулықпен белгiленсе, қол астындағылар жiберген қауiпсiздiк техникасының бұзылуына жауап бередi.
49. КСГ айдауды қолдануды Оператор игерудiң бiр нұсқасы сияқты кен орнын игерудiң жобалық құжатында негiздейдi. Негiздеудiң осы нұсқасында оператор КСГ айдалатын объектiлердiң тұмшалану дәрежесiн, резервуардың геологиялық құрылысын және аймақтың сейсмикалылығын ескередi.
50. КСГ айдау технологиясын қолдана отырып, кен орнын игерудiң жобалау құжаттарын Оператор белгiленген тәртiппен келiседi және бекiтедi.
51. Объектiнi игеруде тұмшалану дәрежесiн сақтау үшiн KCГ айдауды Оператор кен орнын игеруге арналып бекiтiлген жобалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
52. "Kөмiрсутегi газдарын өнiмдi қабаттарға айдау кезiнде оператор жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерасты геодинамикалық үлгілеуді және мониторингті жүзеге асырады.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.07.21 N 252 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
53. Оператор сейсмикалық жағдай мониторингi бағдарламасын жасайды және орындайды.
54. Көмiрсутегi газдарын айдау процесiне қойылатын технологиялық талаптарды құзыреттi орган белгiлейдi.