Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.26 N 796 бұйрығымен.
"Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағын iске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық көмектiң көлемi мен түрлерi бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнің) басшылары, стационарлық көмек көрсететiн республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрықты басшылыққа алсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi C.Ә.Диқанбаеваға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
"Стационарлық көмек көрсететiн
денсаулық сақтау ұйымдарындағы
медициналық көмектiң көлемi
мен түрлерiн бекiту туралы"
2003 жылғы 25 қыркүйектегі N 705
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
бұйрығымен бекiтiлген
Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау
ұйымдарындағы медициналық көмектiң көлемi мен түрлерi
1. Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмектiң негiзгi түрлерi:
1) бiлiктi медициналық көмек;
2) мамандандырылған медициналық көмек;
3) жоғары мамандандырылған медициналық көмек болып табылады.
2. Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық көмектiң түрлерi дәрiгерлiк мамандықтарға байланысты терапиялық, хирургиялық, педиатриялық және акушерлiк-гинекологиялық бейiндерге бөлiнедi.
3. Терапиялық бейiнге терапия, аллергология, гастроэнтерология, гематология, нефрология, кардиология, кардиоревматология, пульмонология, ревматология, эндокринология, психиатрия, психотерапия, медициналық психология, неврология, сексопатология, реабилитология, профпатология, наркология, фтизиатрия, дермато-венерология, дермато-косметология, инфекциялық аурулар, иммунология, лепрология кiредi.
4. Хирургиялық бейiнге хирургия, эндоскопия, онкология, травматология және ортопедия, комбустиология, урология, андрология, оториноларингология, офтальмология, проктология, маммология, стоматология, ортодонтикалық стоматология, ортопедиялық стоматология, бет-жақ хирургиясы, трансплантология, экстракорпоральды детоксикация, гипербарикалық оксигенация, токсикология, реаниматология кiредi.
5. Педиатриялық бейiнге педиатрия, фтизиопедиатрия, балалар реаниматологиясы, балалар хирургиясы, балалар эндоскопиясы, балалар травматологиясы және ортопедиясы, балалар комбустиологиясы, балалар трансплантологиясы, балалардың экстракорпоральды детоксикациясы, балалар аллергологиясы, балалар кардиоревматологиясы, балалардың жұқпалы аурулары, балалар иммунологиясы, балалар онкологиясы, балалар гематологиясы, балалар неврологиясы, балалар нефрологиясы, балалар эндокринологиясы, балалар психиатриясы, балалар психотерапиясы, балалар токсикологиясы, балалар пульмонологиясы, балалар гастроэнтерологиясы, балалар оториноларингологиясы, балалар офтальмологиясы, балалар стоматологиясы, балалардың бет-жақ хирургиясы, балалар урологиясы, балалар мен жасөспiрiмдер гинекологиясы, балалар дермато-венерологиясы, жеткiншектер наркологиясы, жеткiншектер терапиясы, балалар реабитологиясы кiредi.
6. Акушерлiк-гинекологиялық бейiнге гинекология, акушерлiк, неонатология, медициналық генетика кiредi.
7. Медициналық көмектi көлемi аурулардың диагнозын белгілеу және оны емдеу үшiн жүргiзiлген қажеттi диагностикалық және емдiк iс-шаралар кешенiн бiлдiредi.
8. Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық көмектiң көлемi стационар көрсететiн медициналық көмектiң түрiмен бейiнiне байланысты.