Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1330 тiркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту жөнiнде" 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 284 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2472. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412 қаулысымен.

Күшін жойған

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін    2-тармақтан   қараңыз ).
__________________________________

      Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттеудi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту жөнiнде" 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87  қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1330 тiркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының 2001 жылғы қаңтарда N 1 жарияланған, Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1690 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434  қаулысымен , Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2334 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 134  қаулысымен  енгiзiлген өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      26-тармақтың 1-тармақшасының екiншi абзацы мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiндегi "кезiнде" деген сөзден кейiн "осы банктiң дауыс берушi акцияларына инвестициялар осы банктiң дауыс берушi акциялары жалпы санының он процентiнен кем болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
      32-тармақтың екiншi абзацында "күнi" деген сөз "жұмыс күнi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, "Активтердi басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы