Ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу жөніндегі оңтайлы жұмысқа қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айналыстағы Ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301
қаулысына
, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1232 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 28 тамыз - 10 қыркүйекте жарияланған, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1671 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айналыстағы Ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301 қаулысына өзгерісті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 5-18 қарашадағы N 376
қаулысымен
бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 28 тамыз - 10 қыркүйекте жарияланған өзгерісімен бірге, мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Айналыстағы Ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесінде:
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Екінші деңгейдегі банктер Ереженің 13-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастау үшін қабылдауға құқығы жоқ.
Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері белгілеген талаптарға сәйкес оларды кейіннен Ұлттық Банктің филиалдарына сараптамаға беру үшін ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды.".
2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде:
осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелеріне, филиалдарына және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бірлесіп осы қаулыны республикалық газеттерде (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жариялайтын болсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б. Жәмішевке жүктелсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Ұлттық Банк
Төрағасы