"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйекте N 2012 тіркелген N 3 бұйрығына N 17 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2003 жылғы 30 шілдедегі N 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 31 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2421

Қолданыстағы

      Бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің N 2012 тіркелген N 3 бұйрығына  (N 2013 тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы N 5 , N 2018 тіркелген 2002 жылғы 17 қазандағы N 10 , N 2094 тіркелген 2002 жылғы 25 қарашадағы N 27 , N 2101 тіркелген 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 37 , N 2086 тіркелген 2002 жылғы 14 желтоқсандағы N 43 , N 2119 тіркелген 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 52 , N 2170 тіркелген 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 10 , N 2223 тіркелген 2003 жылғы 11 наурыздағы N 41 , N 2263 тіркелген 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 62 , N 2267 тіркелген 2003 жылғы 5 мамырдағы N 78 , N 2393 тіркелген 2003 жылғы 13 маусымдағы N 101 , N 2408 тіркелген 2003 жылғы 30 маусымдағы N 109 ) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функциональдық сыныптамасында:
      12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобындағы 1 "Автомобиль көлiгi" кіші функциясында 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" әкімшісіндегі 060 "Республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңарту жөніндегі жобалау-іздестіру жұмыстары" бағдарламасы бойынша:
      037 "Қызылорда-Жезқазған автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау" кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "037 Ресей Федерациясы шекарасы-Успенка-Павлодар-Қызылорда-Жезқазған автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау";
      мынадай мазмұндағы 045 және 046 кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:
      "045 2003 жылғы конкурстар хабарландыруларын төлеу және 2004 жылғы объектілер бойынша конкурстық құжаттамалар таралымын көбейту";
      "046 Челябинск-Қостанай-Астана автожолын қайта жаңарту жобасын және техника-экономикалық негіздемесін дайындау".
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) құқықтық басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2003 жылдың 25 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға таралатын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр