"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 23 қыркүйектегi N 3 бұйрығына N 1 толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2002 жылғы 1 қазанындағы N 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 16 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2013. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.19 № 1221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсету үшін авиабағыттарға конкурс өткізу және куәліктер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 401 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 10, 100-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсету үшін авиабағыттарға конкурс өткізу және куәліктер беру ережесінде:
      11-тармақтың 2) тармақшасында ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілуі" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі