"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң N 3 бұйрығына N 6 өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2119. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

      1-бап.  "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 11, 154-құжат; 1999 ж., N 8, 239-құжат; N 23, 925-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      12-бапта:
      1-тармақта:
      үшінші абзацтағы "4,5" деген цифр "5" деген цифрмен ауыстырылсын;
      жетінші абзацтағы "5" деген цифр "5,5" деген цифрмен ауыстырылсын;
      2-тармақтың үшінші абзацындағы "6,5" деген цифр "7" деген цифрмен ауыстырылсын;
      3-тармақтың үшінші абзацындағы "10,5" деген цифр "11" деген цифрмен ауыстырылсын.

      2-бап.  Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті