Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247
бұйрығымен
бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N№1118-н 2000 жылғы 24 сәуірде тіркелген) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес, мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім несиелерін тағайындау үшін бұйырамын:
1. Ұсынылған Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беру жөніндегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Конкурстық комиссиясы жұмысының ережелері бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаменті (Б.С. Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін
атқарушы
"Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау
мен мемлекеттік білім несиелерін беру
жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының
ережелерін бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2003 жылғы 22 мамырдағы N 337 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік
білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия
жұмысының ережелері
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің конкурстық комиссиясы (бұдан әрі - Конкурстық комиссия) мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беру жұмыстарды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N№247 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N№1118-н 2000 жылғы 24 сәуірде тіркелген) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелеріне (бұдан әрі - Типтік ереже) сәйкес құрылады.
2. Конкурстық комиссия өз жұмысында "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , Қазақстан Республикасының Типтік ережелерін, осы Ережені және білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3. Конкурстық комиссия төрағасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып табылады.
Конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің кәсіптік жоғары білім мәселелерін бағыттайтын басшы құрамы, өңірлік комиссиялардың төрағалары, заңды тұлғалардың өкілдері.
Конкурстық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдауды өткізу кезінде Министр бекітеді.
4. Конкурстық комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерге мемлекеттік білім гранттарын тағайындау және мемлекеттік білім несиелерін беру болып табылады.
5. Конкурстық комиссия қойылған міндеттерді іске асыру үшін:
1) талапкерлердің кешенді тестілеу нәтижелерін қарастырады ұлттық бірыңғай тестілеуден (бұдан әрі - ҰБТ) және мемлекеттік сертификаттағы балдарына сәйкес бекітілген мемлекеттік білім тапсырысы шегінде мемлекеттік білім гранттарын тағайындайды және мемлекеттік білім несиелерін, оның ішінде резервтен береді; <*>
2) жоғары оқу орындарына қабылдауды реттейтін нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылмаған мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518
бұйрығымен
.
6. Конкурстық комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен білім несиелерін беру рәсімдерін ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
2) тиісті мамандықтар бойынша конкурс өткеннен кейін қалған мемлекеттік білім гранттары мен несиелерін бакалавр мен жоғары кәсіптік білімді мамандарды даярлау бағыттары арасында қайта бөлуге;
3) мемлекеттік білім тапсырысының резервінен мемлекеттік білім гранттарын тағайындауға және мемлекеттік білім несиелерін беруге;
4) Конкурстық комиссия жұмысының қорытындылары бойынша Конкурстық комиссия жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері туралы Министрлікке ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
7. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау және мемлекеттік білім несиелерін беру нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқыту нысаны бойынша кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша ҰБТ немесе берілген мемлекеттік сертификаттардағы балдарға сәйкес жүзеге асырылады. <*>
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518
бұйрығымен
.
8. Бірінші кезекте мемлекеттік білім гранттары тағайындалады, одан әрі мемлекеттік білім несиелері беріледі. <*>
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518
бұйрығымен
.
9. Мемлекеттік білім гранттары бірінші кезекте:
осы мамандыққа өтініш берген "Алтын белгі" белгісінің иегерлеріне;
ағымдағы жылы жалпы орта білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары болып табылатын жалпы орта, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беру ұйымдарының бітірушілеріне (І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталған), сондай-ақ соңғы үш жылдағы республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының жеңімпаздарына (І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталған) олар жеңімпаз болып табылатын олимпиада мен ғылыми жарыстар таңдап алған мамандықтарына сәйкес келген жағдайда тағайындалады;
одан әрі, қалған орындарға жалпы конкурс бойынша барлық қалған талапкерлердің кандидатурасы қарастырылады.
10. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау әрбір жоғары оқу орны үшін тиісті мамандықтар бойынша, белгіленген квотаны ескере отырып бекітілген мемлекеттік білім гранты көлемі шегінде, талапкер өтініш білдірген жоғары оқу орнына, мамандықтар мен тіл бөлімдері бойынша мемлекеттік сертификаттар баллдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Талапкер өзі өтініш білдірген екі мамандық бойынша конкурстық іріктеуден өткен жағдайда мемлекеттік білім гранты көрсетілген бірінші мамандық бойынша тағайындалады. <*>
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518
бұйрығымен
.
10-1. Мемлекеттік білім несиелерін беру белгіленген квотаны ескере отырып, мамандықтар мен тіл бөлімдері бойынша мемлекеттік сертификаттар баллдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Талапкер өзі өтініш білдірген екі мамандық бойынша конкурстық іріктеуден өткен жағдайда мемлекеттік білім несиесі көрсетілген бірінші мамандық бойынша беріледі. <*>
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518
бұйрығымен
.
11. Ауыл мектептерін бітірген тұлғаларға арналған квота белгіленген мамандықтарға конкурс мынадай түрде өтеді:
осы мамандық пен оқыту тілі бойынша олардың жалпы санының 70%-ы және кредиттерімен жалпы конкурс тәртібімен тағайындалады, ал қалған 30% грантқа және несиелерімен конкурс тек ауылдық оқу ұйымдарын бітірушілер арасында өткізіледі. <*>
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518
бұйрығымен
.
12. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ және 2% квотамен қабылдануға құқы бар азаматтарға мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурстық негізде мемлекеттік сертификаттағы балдарға сәйкес нақты мамандарды даярлаудың бағыттары үшін квоталық орын саны шегінде жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттік сертификаттар балдарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда мемлекеттік білім гранттарын иеленуге басым құқығы барлар:
1) жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға тыйым салынбаған жағдайда, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер;
3) үздік аттестаттары, кәсіптік бастауыш және орта білімді үздік дипломдары бар азаматтар;
4) аттестатының ең жоғарғы орта балы бар азаматтар;
5) дипломының ең жоғарғы орта балы бар азаматтар;
6) бейіндік пәндер бойынша ең жоғары балы бар азаматтар.
14. Тіл бөлімдерінің біріндегі босаған орындар мамандықтар ішінде конкурстық негізде тағайындау үшін беріледі.
Мемлекеттік білім гранттарын конкурстық тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беруден кейін қалған бос орындар көрсетілген оқу нысанына және тіл бөліміне қарамастан, жоғары өту баллымен мамандықтарға даярлау бағыттарының ішінде қайта бөлінеді.<*>
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518
бұйрығымен
.
15. <*>
Ескерту. 15-тармақ алынып тасталды - ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518
бұйрығымен
.
16. <*>
Ескерту. 16-тармақ алынып тасталды - ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518
бұйрығымен
.
17. <*>
Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518
бұйрығымен
.
18. <*>
Ескерту. 18-тармақ алынып тасталды - ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518
бұйрығымен
.
19. Резервтен мемлекеттік білім гранттары мен несиелері:
1) халықаралық және ведомствоаралық келісімдермен келген шетел азаматтарына;
2) заңмен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік білім гранттарын емтихан тапсырмай алуға құқықты және осы ереженің 13-тармағына сәйкес бірдей көрсеткіштері бар тұлғалардың кейбіреуіне бос қалған орындар жетпеген жағдайда тағайындалады.
20. Конкурстық комиссияның отырыстары олардың мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3-і қатысқанда іс жүзінде саналады.
21. Конкурстық комиссияның шешімі отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің дауыс беруінің жай басымдылығымен қабылданады. Дауыс саны тең болғанда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Конкурстық комиссияның жоғары оқу орындарына қабылдауға келісілген, нормативтік құқықтық актілерде қарастырылмаған мәселелер бойынша шешімдері хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған барлық мүшелерінің қолдары қойылады.