Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң
371
,
470-баптарына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың;
2) Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудың ережесі бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Төрағаның
міндетін атқарушы
"Сыртқы экономикалық қызметке
қатысушыларды ең аз тәуекел
санатына жатқызудың және
кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған
тәртiбiн қолданудың ережесiн
бекiту туралы"
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының
2003 жылғы 29 мамырдағы
N 258 бұйрығымен
бекiтiлген
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел
санатына жатқызудың ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесі (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 470-бабына сәйкес әзiрлендi және ең аз тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке (бұдан әрi - СЭҚ) қатысушыларды айқындаудың тәртiбiн белгілейді.
2. СЭҚ қатысушының ең aз тәуекел санатына сәйкестігін айқындау үшiн негіздеме өзi қызмет аймағында тiркелген кеден органына СЭҚ қатысушының есеп кәртішкесiн қоca бере отырып ұсынатын жазбаша өтiнiшi болып табылады. Өтінiштi қарау мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспауы тиіс, ол өткеннен кейiн кеден органы СЭҚ қатысушының ең аз тәуекел санатына сәйкестiгі, не сәйкес еместiгі туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
3. Мыналар:
ең аз тәуекел санатына кеден төлемдерi мен салықтарын мемлекеттiң бюджетiне жылдың ішінде уақытылы және толық төлеу;
осындай құқық бұзушылықтар үшiн белгiленетiн талап арыз мерзiмiнiң көнелігi ішiнде Қазақстан Республикасының кеден және валюталық заңнамасын бұзушылықтардың болмауы;
жылдың ішінде экспорттық валюталық түсімдердің/экспорттық-импорттық мәмiлелер жөніндегі импорты бойынша түсiмдердiң уақытылы қамтамасыз етiлуi;
СЭҚ қатысушылардың сыртқы экономикалық қызметiн екi жылдан астам уақытта жүзеге асыруы ең аз тәуекел санатына жатқызу өлшемдерi болып табылады.
4. СЭҚ қатысушы ең аз тәуекел санатына сәйкес деп танылған жағдайда, кеден органы CЭҚ қатысушыны ең аз тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ қатысушылардың тиiстi тiзiлiмiне енгiзедi және аталған мәлiметтердi кеден ici мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға бередi.
5. Кеден ici мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган ең аз тәуекел санатына жатқызылған CЭҚ қатысушылардың жалпы тiзiлiмiн барлық кеден органдарына жiбередi.
6. Ең аз тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ қатысушылардың жалпы тiзiлiмiнен СЭҚ қатысушыны шығару мынадай:
1) көрсетiлген құқық бұзушылықты жасағандығы туралы сот шешiмiнiң болуы шартымен, CЭҚ қатысушы кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықты жасаған;
2) кеден төлемдерi мен салықтары бойынша берешектер қордаланған жағдайларда кеден органын хабардар ету негiзiнде жүргiзiледi.
Көрсетiлген жағдайларда, кеден органы СЭҚ қатысушыны оның тiзiлiмнен шығарылғандығы туралы 3 жұмыс күнiнiң iшiнде хабардар етедi.
"Сыртқы экономикалық қызметке
қатысушыларды ең аз тәуекел
санатына жатқызудың және
кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған
тәртiбiн қолданудың ережесiн
бекiту туралы"
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының
2003 жылғы 29 мамырдағы
N 258 бұйрығымен
бекiтiлген
Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн
қолданудың ережесi
1. Осы Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кеден кодексi) 371-бабына сәйкес әзiрлендi және ең аз тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (бұдан әрi - СЭҚ) тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеуiнiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi.
2. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi:
оларды бiрдейлендiру үшiн қажеттi мәлiметтердiң ең аз көлемi ұсынылған жағдайда, тауарлар шығаруды;
оларға қатысты тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi белгiленген СЭҚ қатысушылардың объектiлерiнде қараудың және (немесе) кедендiк тексерудiң жүргiзiлуiн қамтиды.
3. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi "тауарлардың экспорты" және "еркiн айналым үшiн тауарлар шығару" кеден режимдерiне сәйкес өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде қолданылады.
4. Оңайлатылған тәртiптi пайдалана отырып тауарларды кедендiк ресiмдеу оларды уақытша сақтау орындарына орналастырмастан жүргiзiледi.
5. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының кеден органдарына жолдайтын СЭҚ қатысушылардың жалпы тiзiлiмiне сәйкес ең аз тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ қатысушыға қолданылады.
6. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi кеден iсi саласында жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылық туралы ақпарат немесе күдiк болған жағдайда кеден органдарының кедендiк бақылаудың кез келген нысандарын қолдану мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
7. Осы Ережеде белгiленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.