Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң
371
,
470-баптарына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың;
2) Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудың ережесі бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Төрағаның
міндетін атқарушы
"Сыртқы экономикалық қызметке
қатысушыларды ең аз тәуекел
санатына жатқызудың және
кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған
тәртiбiн қолданудың ережесiн
бекiту туралы"
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының
2003 жылғы 29 мамырдағы
N 258 бұйрығымен
бекiтiлген
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел
санатына жатқызудың ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесі (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 470-бабына сәйкес әзiрлендi және ең аз тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке (бұдан әрi - СЭҚ) қатысушыларды айқындаудың тәртiбiн белгілейді.
2. Қызмет аймағында тіркелген кеден органына СЭҚ-қа қатысушының есеп кәртішкесін қоса бере отырып жазған оның жазбаша өтініші СЭҚ-қа қатысушының ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкестігін айқындау үшін негіздеме болып табылады. Өтінішті қарау мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспауы тиіс
Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181
бұйрығымен
.
3. Мыналар:
ең аз тәуекел санатына кеден төлемдерi мен салықтарын мемлекеттiң бюджетiне жылдың ішінде уақытылы және толық төлеу;
осындай құқық бұзушылықтар үшiн белгiленетiн талап арыз мерзiмiнiң көнелігi ішiнде Қазақстан Республикасының кеден және валюталық заңнамасын бұзушылықтардың болмауы;
жылдың ішінде экспорттық валюталық түсімдердің/экспорттық-импорттық мәмiлелер жөніндегі импорты бойынша түсiмдердiң уақытылы қамтамасыз етiлуi;
СЭҚ қатысушылардың сыртқы экономикалық қызметiн екi жылдан астам уақытта жүзеге асыруы ең аз тәуекел санатына жатқызу өлшемдерi болып табылады;
СЭҚ-қа қатысушыда арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайлар мен ашық алаңдарды уақытша сақтау орны деп тану туралы кеден органы шешімінің болуы;
тауарлардың кеден шекарасы арқылы өткізілуінің мерзімділігі күнтізбелік жыл ішінде 50 реттен кем емес.
Ескерту: 3-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181
бұйрығымен
.
4. СЭҚ-қа қатысушы ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкес деп танылған жағдайда, кеден органы аталған мәліметтерді СЭҚ-қа қатысушыны ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ-қа қатысушылардың жалпылама тізіліміне енгізу туралы шешім шығару үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға береді.
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181
бұйрығымен
.
5. Кеден ici мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган ең аз тәуекел санатына жатқызылған CЭҚ қатысушылардың жалпы тiзiлiмiн барлық кеден органдарына жiбередi.
5-1. СЭҚ-қа қатысушыны ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкес деп тану туралы мәліметтерді қарау кезінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын растайтын кеден органдарынан құжаттарды сұратады. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аталған мәліметтерді қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
СЭҚ-қа қатысушыға және аумақтық кеден органына жіберілетін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жазбаша қорытындысы СЭҚ-қа қатысушыны ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкес деп танудың негіздемесі болып табылады.
Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181
бұйрығымен
.
6. Ең аз тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ қатысушылардың жалпы тiзiлiмiнен СЭҚ қатысушыны шығару мынадай:
1) көрсетiлген құқық бұзушылықты жасағандығы туралы сот шешiмiнiң болуы шартымен, CЭҚ қатысушы кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықты жасаған;
2) кеден төлемдерi мен салықтары бойынша берешектер қордаланған жағдайларда кеден органын хабардар ету негiзiнде жүргiзiледi;
3) жалпылама тізілімге енгізілген тұлға таратылған не қайта ұйымдастырылған жағдайда.
Көрсетiлген жағдайларда, кеден органы СЭҚ қатысушыны оның тiзiлiмнен шығарылғандығы туралы 3 жұмыс күнiнiң iшiнде хабардар етедi.
Ескерту: 6-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181
бұйрығымен
.
"Сыртқы экономикалық қызметке
қатысушыларды ең аз тәуекел
санатына жатқызудың және
кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған
тәртiбiн қолданудың ережесiн
бекiту туралы"
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының
2003 жылғы 29 мамырдағы
N 258 бұйрығымен
бекiтiлген
1. Осы Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кеден кодексi) 371-бабына сәйкес әзiрлендi және ең аз тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (бұдан әрi - СЭҚ) тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеуiнiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi.
2. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi:
оларды бiрдейлендiру үшiн қажеттi мәлiметтердiң ең аз көлемi ұсынылған жағдайда, тауарлар шығаруды;
оларға қатысты тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi белгiленген СЭҚ қатысушылардың уақытша сақтау орындарында қараудың жүргiзiлуiн қамтиды.
Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181
бұйрығымен
.
3. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi "тауарлардың экспорты" және "еркiн айналым үшiн тауарлар шығару" кеден режимдерiне сәйкес өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде қолданылады.
4. Оңайлатылған тәртіпті пайдалана отырып тауарларды кедендік ресімдеу кедендік тексеру жүргізбестен, оларды уақытша сақтау қоймаларына орналастырмастан, сондай-ақ кедендік алып жүру қолданылмастан жүргізіледі. Кедендік тексеру егер тауарлар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып өткізілді деп санауға негіздеме болған жағдайларда ғана жүргізіледі.
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181
бұйрығымен
.
5. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының кеден органдарына жолдайтын СЭҚ қатысушылардың жалпы тiзiлiмiне сәйкес ең аз тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ қатысушыға қолданылады.