Бiр жолғы талондар берудi және шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимін қолдануды ұйымдастырудың кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 182 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2003 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2280

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы Заңына  сәйкес бұйырамын:

      1. Кейбір бұйрықтарға мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 417 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 417 бұйрығымен  (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгіндe 2002 жылғы 22 сәуірде N 1832 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде 2002 жыл, маусым, N 21 жарияланған) өзгерістермен "Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгіндe 2001 жылғы 20 қазанда N 1685 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықты актiлерi бюллетенiнде 2002 жылғы N 4 жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бір жолғы талондарды беру Ережелерінде:
      3-тармақтың "1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша" деген сөздер "1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес толықтырылсын;
      4-қосымшаның "Бір күнге берілген бiр жолғы талонның құны" 4-бағаны алынып тасталсын;
      5-қосымшаның 3 және 9-бағандары алынып тасталсын.

      2) "Арнайы салық режимінде көзделген өтініштер мен патенттер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1554 бұйрықта  (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 24 желтоқсанда N 1702 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде 2002 жыл, наурыз, N 11 жарияланған):
      2-қосымшада "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-қосымша мынандай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын: "Салық кезеңінің 1-қаңтары жағдайы бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшін қажеттілік нормативіне енгізілген негізгі құралдар, материалдық емес активтер және көлік құралдары бойынша мәліметтер.

                                                     1-кесте

------------------------------------------------------------------
N п/п!  Негізгі құралдар мен материалдық ! Бухгалтерлік есеп
     !  емес активтердің атауы           ! бойынша айқындалатын
     !                                   ! қалдық құны
------------------------------------------------------------------
  1  !                 2                 !           3
------------------------------------------------------------------

                                                     2-кесте

------------------------------------------------------------------
N п/п!  Көлік құралдарының атауы !   Көлік құралдарына салық
     !     (маркасы, моделі)     !   есептеу үшін мәліметтер
     !                           !--------------------------------
                                 !Шығарған!    жүк     !Сыйымдылығы
                                 !  жылы  !көтергiштiгi!
------------------------------------------------------------------
  1  !              2            !    3   !      4     !     5
------------------------------------------------------------------

      4-қосымшада "Министерство государственных доходов Республики Казахстан", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздерді тиісінше "Налоговый комитет Министерства финансов Республики Казахстан", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Өндірістен тыс төлемдер басқармасы (Ю.Тлеумуратов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жіберсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің
      Төрағасы

"Бiр жолғы талондар берудi және   
шаруа (фермер) қожалықтарына    
арналған арнайы салық режимін   
қолдануды ұйымдастырудың кейбір  
мәселелері" Қазақстан      
Республикасының Қаржы министрлігі 
Салық комитеті Төрағасының    
2003 жылғы 23 сәуірдегі N 182   
бұйрығына қосымша        

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
кіріс министрінің 2001 жылғы   
30 қазандағы N 1469 бұйрығымен  
бекітілген Ережелерге 1-1-қосымша

  Бір күнге берілген біржолғы       Бір күнге берілген біржолғы
      талонның түбіртегі                       талон

Төлеушінің аты-жөні (атауы)         Төлеушінің аты-жөні (атауы)
______________________________      ______________________________

Төлеушінің СТН-і _____________      Төлеушінің СТН-і _____________

Қызметті жүзеге асыратын орны       Қызметті жүзеге асыратын орны
______________________________      ______________________________

Біржолғы талонның қолданылу         Біржолғы талонның қолданылу
кезеңі (жазумен)                    кезеңі (жазумен)

200____ ж. "__________________"     200____ ж. "__________________"
_______________ арналған            _______________ арналған

Бір күнге берілген біржолғы         Бір күнге берілген біржолғы
талонның құны (жазумен, бас         талонның құны (жазумен, бас
әріппен, бос қалған жол бойынша     әріппен, бос қалған жол бойынша
-сызықша), теңге:                   -сызықша), теңге:
_______________________________     ______________________________

Біржолғы талон берген уәкілетті     Біржолғы талон берген уәкілетті
органның атауы: _______________     органның атауы: _______________
_______________________________     _______________________________

Берген күні: күн __ ай __  жыл      Берген күні: күн __ ай __  жыл
200__                               200__

М.О.                                М.О.

Лауазымды тұлғаның қолы: ______     Лауазымды тұлғаның қолы: ______

Серия __ 916 N ________________     Серия __ 916 N ________________