"Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1832. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 618 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы "Әділет органдары туралы"  Заңының  7 бабына 2002 жылғы 18 наурыздағы, Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы туралы"  Заңының  15-бабына сәйкес, бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 16 наурыздағы 1998 жылғы N  181  "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының сот сарапшыларына біліктілік атағын берудің Ережесін бекіту туралы" келесідей өзгерту енгізілсін: 
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының сарапшыларына біліктілік сот сараптамасы атағын беру тәртібі Ережесі жоғарда аталған бұйрықпен бекітілген.
      Бірінші абзацтың 4 тармағында:
      ", құрамы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бекітіледі" сөзі алып тасталсын;
     екінші абзац келесідей редакцияда жазылсын:
     "Біліктілік комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығы директорының ұсынысымен бекітіледі".     

     Министр