"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйекте N 2012 тіркелген N 3 бұйрығына N 11 толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 5 мамырдағы N 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2267

Қолданыстағы

      бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің N 2012 тіркелген N 3 бұйрығына  (N 2013 тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы N 5 , N 2018 тіркелген 2002 жылғы 17 қазандағы N 10 , N 2094 тіркелген 2002 жылғы 25 қарашадағы N 27 , N 2101 тіркелген 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 37 , N 2086 тіркелген 2002 жылғы 14 желтоқсандағы N 43 , N 2119 тіркелген 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 52 , N 2170 тіркелген 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 10 , N 2223 тіркелген 2003 жылғы 11 наурыздағы N 41 ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      1) бюджет шығыстарының сыныптамасында:
      5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобындағы 2 "Халықтың денсаулығын қорғау" кіші функциясында:
      254 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтаудың атқарушы органы" бағдарламасының әкімшісі бойынша:
      033 "Жергілікті деңгейдегі эпидемиямен күрес" бағдарламасы бойынша "Іс-әрекеттің аяқталу күні" бағаны "01.01.04" деген сандармен толықтырылсын;
      030 "Санитарлық-эпидемиологиялық станциялар" және 031 "Жұқпалы аурулардың ошағында дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жұмыстарын жүргізу" кіші бағдарламаларымен 039 "Санитарлық-эпидемиологиялық игілікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша "Іс-әрекеттің аяқталу күні" бағанындағы "01.01.03" деген сандар "01.01.04" деген сандармен ауыстырылсын;
      278 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау атқарушы органы" бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 033 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "033 Жергілікті деңгейдегі эпидемиямен күрес".

      2. Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті (Б.Т.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Е.Е.Исаев) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр