Еттерге таңба басу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 18 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2236

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 маусымдағы "Ветеринария туралы" Заңының 8 бабының 8) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
      1. Ұсынылып отырған Еттерге таңба басу Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң ветеринария Департаментi Астана, Алматы қалаларының және облыстық аймақтық басқармаларымен бiрлесе отырып заңды түрде орнатылған осы бұйрықтан туындайтын тиiстi шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнен мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнің
      орынбасары - Министр

Қазақстан Республикасы Ауыл 
шаруашылығы Министрлiгiнiң 
2003 жылғы 19 наурыздағы N 140
бұйрығымен Бекiтiлген   

Етке ветеринариялық таңба қою
Ережесi

1. Жалпы бөлiм

      1. Етке ветеринариялық таңба қою Ережесi (одан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 8 бабының 8 тармақшасына сәйкес дайындалған және ет, ет өнiмдерiне (қосымша өнiмдерге) таңба қоюдың бiрыңғай ретiн белгiлейдi.

      2. Барлық ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардан, сонымен қатар құстардан алынған ет және ет тағамдарына (қосымша өнiмдерге) осы Ереженiң талабы бойынша мiндеттi түрде ветеринариялық таңба және штампалар қойылуы тиiс.

      3. Ет және ет тағамдарын арнайы таңбамен немесе штампамен таңбалауды, ветеринариялық инспекторлар жүргiзедi. Таңбаларды басуға, және оларды дайындауға рұқсат алған ветеринариялық инспекторлардың тiзiмдерiн аудандық, (қалалық) бас инспекторлардың ұсынысы бойынша облыстың, Астана және Алматы қалаларының бас мемлекеттiк инспекторлары бекiтедi.

      4. Ветеринариялық таңба және штампы облыстық Астана және Алматы қалаларының мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының рұқсатымен арнайы белгiленген тәртiп бойынша етте айқын таңба қалу мақсатында бронзы немесе басқадай тот баспайтын металдардан белгiленген нысанда және көлемде, терең етiп ойылған шетiмен, сандарымен, әрiптерiмен дайындалады.

      5. Етке таңба ветеринариялық-санитариялық сараптау өткеннен кейiн ғана басылады.

      6. Таңба оны басуға рұқсаты бар ветеринариялық инспекторларда ғана, рұқсатсыз қолданылып қойылмайтын жағдайларда сақталуы тиiс.

2. Ветеринариялық таңба және-ветеринариялық штампалар

      7. Еттердi, ет өнiмдерiн (қосымша өнiмдердi) таңбалауға ветеринариялық таңбалар мен штампалар осы Ереженiң 1 қосымшасына сәйкес белгiленедi.

      8. Сопақша ветеринариялық таңба ортасында 3 жұп сан болады: оның бiрiншiсi облыстың, Астана және Алматы қалаларының рет саны; екiншiсi - ауданның (қаланың); үшiншiсi - жануарлардан өндiрiлетiн өнiмдермен олардан алынатын шикiзаттарды шығаратын, дайындайтын (соятын), сақтайтын, қайта өңдейтiн және сататын мекемелер және базарлардың идентификациялық кодтары.

      9. Сопақша ветеринариялық таңба ет және ет тағамдары ветеринариялық-санитариялық сараптаудан толық өтiлгендiгiн және тағамдық өндiрiске шектеусiз жiберiлетiндiгiн растайды және оларды жануарлардан өндiрiлетiн өнiмдер мен шикiзаттарды дайындайтын (соятын), ұйымдар және базарлардың ветеринариялық инспекторлары ветеринариялық-санитариялық сараптаудың қорытындысынан кейiн ғана қояды.

      10. Тiк бұрышты таңба "Алдын ала тексеру", еттiң сояр алдына және сойылғаннан кейiн ветеринариялық тексеруден өткенiн (жылқылар маңқа ауруына тексерiлгенiн) және өнiм карантиндi аурулардан таза аймақтан шыққандығын растайды және ауылдық ветеринариялық инспекторлар қояды, бұл таңба өнiм ветеринариялық-санитариялық сараптау өтпейiнше сатуға құқық бере алмайды.

      11. Залалсыздандыруға (зиянсыздандыруға) жiберiлетiн еттерге тек Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2002 жылғы 31 қазандағы N 351 бұйрығымен бекiтiлген малдарды сояр алдындағы ветеринариялық тексеру және сойылғаннан кейiнгi iшкi органдарымен ұшаларын ветеринариялық-санитариялық сараптау және оларға ветеринариялық-санитариялық баға беру ережесiне сәйкес қолдану ретi көрсетiлген ветеринариялық штампы қойылады.

      12. Қосымша өнiмдердi, қоянның, құстың етiн таңбалауға осы ереженiң 8 тармағындағыдай сопақша ветеринариялық таңба тек кiшкене көлемдегi қолданылады.

      13. Ет өңдейтiн өндiрiстерде, құс фабрикаларында электроклеймо қолдануға болады, 1 немесе 2 сандарымен (құс етiнiң категориясына қарай), құстың аяғының сыртқы жағына қойылады.
      Ұшаны полимерлi пакеттерге қаптағанда түрiн категориясын пакет сыртына типографиялық жолмен қояды.

      14. Ветеринариялық таңбадағы және штампадағы:
      бiрiншi жұп санды елдiң бас мемлекеттiк инспекторы ұсынады;
      екiншi жұп санды облыстың Астана және Алматы қалаларының бас мемлекеттiк инспекторы ұсынады;
      үшiншi жұп сан ауданның (қаланың) бас мемлекеттiк инспекторымен белгiленедi.

      15. Ет және ет өнiмдерiн ТМД елдерiне сату тек сопақша нысандағы таңба болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.

3. Еттердi және олардан алынған қосымша
өнiмдердi таңбалау тәртiбi

      16. Барлық жануарлар еттерiне ветеринариялық таңба немесе штампаларды төменгi тәртiпте қойылады:
      ет ұшаларымен және жартылай ұшаларға - бiрден әр жауырынға және жамбасқа;
      әр төрт бөлiкке, шпиктiң бөлiктерiне - бiрден;
      басқа, жүрекке, тiлге, өкпеге, бауырға, бүйрекке - бiрден (ветеринариялық-санитариялық сараптау лабораториялары мiндеттi түрде);
      қоян мен нутрий ұшаларына 2 таңба; бiр-бiрден жауырынмен жамбастың сыртқы жағына;
      базарларда құстың ұшаларына бiр таңба мойынға немесе жамбастың сыртқы жағына (жабайы құстардың еттерi де осылай таңбаланады);
      ет өңдейтiн кәсiпорындарда, құс комбинаттарында, құс фабрикаларында жiлiншiктiң сыртқы жағына электроклеймо қойылады: тауықтың, үйректiң, ұшаларында - бiр аяғына; үйректiң, қаздың, күрке тауықтың - екi аяғына;
      өндiрiстiк қайта өңдеуге жататын құстардың жотасына электроклеймо "п" қойылады.

      17. Ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткен жылқы, түйе, бұғы, аю, есек, еттерiне ветеринариялық таңбаға қосымша осы Ереженiң 14 тармағына сәйкес штампы қойлады.

      18. Жануарлардан алынған майларға таңба қойылмайды, ветеринариялық таңба қойылған этикетка қыстырылады.

      19. Залалсыздандыруға (зиянсыздандыруға) жататын ет және олардан алынатын қосымша өнiмдер шұжыққа, басқада өнiмдерге жөнелтiлгендерi не тек залалсыздандыру әдiсi немесе диагнозы көрсетiлген ветеринариялық штампы қойылады, сопақша таңба қойылмайды.

      20. Залалсыздандыруға (зиянсыздандыруға) жататын құстардың еттерiнiң ыдысына ет және ет өнiмдерiн ветеринариялық-санитариялық сараптау ережесiне сәйкес залалсыздандыру әдiсi "Қайнатуға", "Консервiге" және тағы басқа әдiстерi көрсетiлген ветеринариялық таңба қойылған этикеткалар желiмделiнедi.

      21. Барлық жануарлар ұшаларына (құстар мен қояндар) ветеринариялық-санитариялық сараптау қорытындысы бойынша тамаққа жарамсыз деп табылғандарына 3-4 ветеринариялық таңба "Утильге" қойылады.

      22. Сақталу, тасымалдау кезiнде қойылатын талаптардың бұзылу салдарынан өзiнiң ветеринариялық-санитариялық белгiсiн жойған еттер қайтадан ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өтiп бұрынғы қойылған белгi алдын ала алынып тасталынады және қайтадан таңбалау осы Ереженiң 11 және 16 тармағына сәйкес жүргiзiледi.

4. Жауапкершiлiк

      23. Осы Ереженiң талаптарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл 
шаруашылығы министрлігінің 
етке ветеринариялық таңба  
қою Ережесі 2003 жылғы   
19 наурыздағы N 140 бұйрығына
қосымша           

Еттерді, ет өнімдерін (қосымша өнімдерді) таңбалайтын ветеринариялық таңбалардың нысандары

1. Сопақша нысандағы таңба

      қағаз мәтіннен қараңыз       Өлшемі: 40х60 мм.
                                  Шетінің ені - 1,5 мм.
                                  Әріпің биіктігі - 6 мм.
                                  Сандардың биіктігі - 12 мм.

2. Құстардың, қояндардың, нутрилардың еттерін
таңбалайтын сопақша нысандағы таңба
(кішкене көлемдегі)

      қағаз мәтіннен қараңыз       Өлшемі: 25х40 мм.
                                  Шетінің ені - 1 мм.
                                  Әріптің биіктігі - 3 мм.
                                  Сандардың биіктігі - 6 мм.

3. Тік бұрышты нысандағы таңба

      қағаз мәтіннен қараңыз       Өлшемі: 25х40 мм.
                                  Шетінің ені - 1 мм.
                                  Сандардың, әріптердің
                                  биіктігі - 7 мм.

4. Ветеринариялық таңбалар

      қағаз мәтіннен қараңыз

Өлшемдері 40х70 мм; шетінің ені - 1,5 мм;
Сандардың, әріптердің биіктігі - 7 мм.

5. Қосымша таңбалар

      қағаз мәтіннен қараңыз

Өлшемі: 20х50 мм; шетінің ені - 1,5 мм;
әріпінің биіктігі - 7 мм.

6. Ет комбинаттарында, құс фабрикаларында,
құстарға қойылатын электро таңбалар

                 1             2                 П

      Сандардың биіктігі - 20 мм.