Инвестициялар мемлекеттiк қолдауының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 27 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2222.

Қолданыстағы

      2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының " Инвестициялар туралы " Заңының 19-шы бабын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) инвестициялық преференцияларды беруiне өтiнiм нысаны (N 1 Қосымша);
      2) инвестициялық жоба бойынша бизнес-жоспар дайындау жөнiнде инструкция бекiтiлсiн (N 2 Қосымша).
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Инвестициялық жобаға қойылатын талаптар" нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1997 жылғы 28 наурыз N 3  (1997 жылғы 15 қазан, N 396);
      2) "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлармен келiсiм-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық бeру рәсiмдерiн жетiлдiру туралы" Инвестициялар жөнiндегi Қазақстан Республикасы агенттiгi төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығы  (2000 жылғы 27 сәуiр, N 1120);
      3) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына қосымша енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 22 мамырдағы N 01/31 бұйрығы  (2000 жылғы 25 мамыр, N 1144);
      4) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына өзгерту мен толықтыру енгiзу туралы" Инвестициялар жөнiндегi Қазақстан Республикасы агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 23 тамыздағы N 0-1/117 бұйрығы  (2000 жылғы 13 қыркүйек, N 1242);
      5) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң Төрағасының 2001 жылғы 2 сәуiрдегi N 25-П бұйрығы  (2001 жылғы 7 сәуiрi, N 1452);
      6) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң 2001 жылғы 18 шiлдедегi N 69-П бұйрығы  (2001 жылғы 7 тамыз, N 1616);
      7) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң Төрағасының 2001 жылғы 12 қыркүйектегi N 104-П бұйрығы  (2001 жылғы 19 қыркүйек, N1644);
      8) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң Төрағасының 2001 жылғы 18 қараша N 127/1-П бұйрығы  (2001 жылғы 14 желтоқсан, N 1701);
      9) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы индустрия мен сауда министрлiгi Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң Төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 240-П бұйрығы  (2002 жылғы 19 желтоқсан, N 2091).
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен күшiне енедi.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестициялар жөнiндегi комитетi
төрағасының            
2003 жылғы 18 наурыздағы    
N 18-п бұйрығымен        
бекiтiлген 1-қосымша      

Инвестициялық преференцияларды алуға арналған
өтінім

      1. Инвестор туралы мәлiметтер
      1) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы:
__________________________________
      2) Почталық мекен-жайы (заңды мекен-жайы, нақты орналасқан
жерi):
__________________________________
      3) Банктiк реквизиттерi (СТТН қоса)
__________________________________
      4) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасы бiрiншi басшысының
қысқа резюмесi: _________________________________________________
Тел.___________, Факс_______, электр. почтасы ____________
      5) Жоба менеджерiнiң қысқа резюмесi:
      Тел._________, Факс ________ , электр. почтасы __________
      6) Ұйымның бас бухгалтерiнiң қысқа резюмесi: ______________
Тел. ______ Факс ____________ , электр. почтасы _______________
      2. Инвестициялау үшiн таңдалған қызметтiң басым түрi (ЭҚСК бойынша 4 белгiсi бар код көрсетiлсiн), жобаны iске асыру орнының атауы мен мекен-жайы, жобаның қысқаша сипаттамасы (инвестициялардың жалпы көлемiн, тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiн, жаңадан ашылған жұмыс орындарының санын көрсету)
      3. Инвестордың қаржы мүмкiндiктерi __________________________
      Қаржыландыру көздерi ________________________________________
      4. Инвестордың техникалық және ұйымдастырушылық мүмкiндiктерi Бұрынғы жобалардың тәжiрибесi: ____________________________________
      Ұқсастар: ___________________________________________________
      Жаңалық: ____________________________________________________
      5. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қажетті инвестициялық преференциялар:
      1) корпоративтiк салық бойынша ________ жылға;
      2) мүлiкке салық бойынша;
      3) жер салығы бойынша;
      4) кедендiк баж төлеуден босату;
      5) мемлекеттiк заттай грант.
      6. Өтiнiм сараптамасын ұйымдастыру мен өткiзу, сондай-ақ келiсiм-шартты дайындаған кезде инвестор Қазақстан Республикасы индустрия мен сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетiне жан-жақты қолдау және жәрдем көрсетедi, сондай-ақ барлық қажеттi ақпаратты ұсынады. Өтiнiм берушi инвестор өтiнiм және өтiнiм мен қоса берiлген құжаттарда көрсетiлген ақпараттың дәлдiгiне кепiлдiк бередi.
      7. Қоса берiлiп отырған құжаттардың тiзбесi:
      1. __________________________________________________________
      2. __________________________________________________________
      3. __________________________________________________________
      4. __________________________________________________________
      5. __________________________________________________________
      6. __________________________________________________________

      ________________________
       (бiрiншi басшысының,
       аты-жөні, қолы мөрі)

      ____________________
            (күні)

Қазақстан Республикасының    
Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестициялар жөнiндегi комитетi
төрағасының           
2003 жылғы 18 наурыздағы    
N 18-п бұйрығымен        
бекiтiлген 2-қосымша      

Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын құру бойынша
нұсқаулық

1. Инвестордың қысқа сипаттамасы

      1. Заңды тұлғаның атауы.
      2. Заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, мемлекеттiк тiркеуге (қайта тiркеуге) тұрған күнi.
      3. Заңды тұлғаның басшысы.
      4. Заңды тұлғаның мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық почтасы.
      5. Заңды тұлғаның негiзгi бағыттарының қысқа сипаттамасы, негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштерi, көрсетiлген салада инвестициялық Келiсiм-шарт жасасу бойынша жоспарланатын жұмыс тәжiрибесi. Соңғы есеп беру мерзiмi үшiн қаржы-шаруашылық қызмет туралы қысқа есеп беру.

2. Жобаның қысқа сипаттамасы

      6. Жобаның атауы.
      7. Жобаның негiзгi мақсаттары.
      8. Жобаның тiкелей қатысушылары.
      9. Жобаны iске асыру орыны (облыс, аудан)
      10. Қысқа мазмұны:
      1) шығаруға ұсынылатын өнiм, болуы мүмкiн модификациялар, мәнi мен қолдану саласын көрсете отырып тауарлар және қызмет көрсетулердiң қысқа сипаттамасы;
      2) болжанатын жобаның сипаты: жаңадан құру, жаңғырту немесе қолданыстағы кәсiпорынды кеңейту;
      3) жоба бойынша техникалық құжаттаманың болуы (техника-экономикалық негiздеме, жобалау-смета құжаттамасы, құрылыс-монтаж жұмыстары және құрал-жабдықты жеткiзуге келiсiмдер мен келiсiм-шарттардың көшiрмелерi; жер телiмiне құқықтарды растайтын құжаттардың көшiрмелерi; ғимараттар, құрылыстарды жалдауға келiсiмдердiң көшiрмелерi мен басқа да құжаттар);
      4) жоба бойынша iске асыру және шектеудiң ерекше шарттары: лицензиялардың (егер қызмет түрi лицензиялауға жататын болса), патенттердiң, рұқсаттардың, болуы; экспорттық және импорттық квоталардың болуы, өткiзу рыногы және шикiзат, су-, энергиямен қамтамасыз ету, көлiк, байланыс, қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шектеулер мен ұсыныстар, шетелдiк жұмыс күшiне қажеттiлiктер, технологиялық процестердiң экологиялық тазалығына талаптар.
      11. Жобаны iске асыру құны, қаржыландыру көздерi:
      1) меншiк қаражаты;
      2) заемдық қаражаттар (кредиттер немесе шаруашылық субъектiлердiң қаражаттарын тарту) және/немесе грант.
      12. Жобаны iске асыру мерзiмi-инвестицияларды жүзеге асыру сәтiнен ай (жыл).

3. Техникалық бөлiм

      13. Технологиялық жобаның қысқа сипаттамасы.
      14. Технологиялық шешiмдi iрiктеудiң негiздемесi:
      1) орналасу жерiн және мөлшерiн (масштаб), жобасын (жеткiзушiлер мен рыноктар үшiн орналасу қолайлығы) iрiктеудiң негiздемесi:
      iлеспе инфрақұрылым және көлiк мүмкiндiктерi;
      қолда бар орындарды пайдалану және қайта құрылымдау мүмкiндiктерi;
      жоба бойынша тауарларды (қызмет көрсетулердi) өндiрудiң көлемiн айқындайтын факторлар;
      2) техникалық және құнның сипаттамасы бойынша балама шешімдерді (ұқсастармен салыстырудағы өндiрiс үшiн ұсынылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң техникалық деңгейi мен құны, ақпарат көзiне сiлтемелер) салыстырмалы талдау:
___________________________________________________________________
 Көрсеткiштердiң атауы   |        Көрсеткiштердiң мәнi
                         |_________________________________________
                         |  ұсынылатын үлгі   |  ұқсастықтар
___________________________________________________________________
1.
2.
___________________________________________________________________

      3) шикiзат ресурстарын қолданудың оңтайлылық деңгейi:
         шикiзатты өңдеудiң деңгейi;
         өндiрiстiң қайта бөлiнуi (қалдықтарды қайта өңдеу);
         жергiлiктi шикiзатты қолдану;
      4) жобаны iске асыру кестесi:
____________________________________________________________________
    Жұмыстардың       | Күнтiзбелiк жыл   | Күнтiзбелiк жыл   |Жалпы
      Атауы           |___________________|___________________|_____
                      | 1  | 2  | 3  | 4  | 1  | 2  | 3  | 4  |
                      |тоқ.|тоқ.|тоқ.|тоқ.|тоқ.|тоқ.|тоқ.|тоқ.|
                      |сан |сан |сан |сан |сан |сан |сан |сан |
____________________________________________________________________
          Тiркелген активтерге инвестициялар (АҚШ долл.)
____________________________________________________________________
1. СМР
2. Құрал-жабдық
3.
____________________________________________________________________
Материалдық емес активтерге инвестициялар (АҚШ долл.)
____________________________________________________________________
Жобалық қуаттарды
игеру
Құрылатын және/немесе
сақталатын жұмыс
орындардың саны
____________________________________________________________________

4. Коммерциялық бөлiм

      15. Шикiзат пен құрал-жабдықтың жеткiзiлiмдерi:
      1) шикiзат рыногын талдау (ұлттық және импорттық):
      пайдаланатын шикiзат түрлерiнiң тiзбесi;
      көлiктiк шығыстарды есепке алғандағы бағаның арзандығы және деңгейi;
      2) құрал-жабдықты өндiрушiлердiң/жеткiзушiлердiң таңдауы:
      қажеттi құрал-жабдықтардың тiзбесi және оларға негiзгi техникалық талаптар;
      құрал-жабдық жаңалығы мен әлемдiк және жергiлiктi рыноктағы технологиялар;
      көлiктiк шығыстар, монтаж және қосушы-реттеушi жұмыстарды есепке алатын құрал-жабдықтардың құны;
      жөндеу базасының болуы (қажет болған жағдайда);
      қосалқы бөлшектер немесе шығыс материалдармен қамтамасыз ету көздерi.
      16. Маркетинг:
      1) шығарылатын тауарлар немесе қызмет көрсетулердiң түрлерi мен көлемiнiң тiзбесi:
____________________________________________________________________
Тауарлардың | Өндiрiстiң | Өндiрiстiң |Өнiмнiң белгiлерi| Ескерту
 (қызмет    |  құндық    | заттай     |_________________|
көрceтулер) |көрiнiстегi |көрiнiстегi | қолда |  Жаңа   |
  атауы     |   көлемi,  |  көлемi    |  бар  |         |
            |  АҚШ мың   |     |      |       |         |
            |   долл.    |     |      |       |         |
___________________________________________________________________
1.
2.
___________________________________________________________________

      2) қолданыстағы шектеулердi (квоталар, лицензиялар және т.б.) - (нарық сиымдылығын) есепке алғандағы өткiзу нарығын болжау: iшкi және сыртқы нарықтағы әлеуеттi төлем қабiлетi бар сұраным, қазiргi уақыттағы оны қанағаттандыру деңгейi:
      өткiзiм арналары: қандай өңiрлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегi қай елдерге жеткiзiлiм болжанатыны көрсетiлсiн;
      рынокта ұқсас, өзара алмасатын, өзара толықтырылатын тауарлар, қызмет көрсетулердiң орын алуы, болашақтағы олардың өндiрiсiн бағалау, соңғы бiрнеше жыл iшiнде тауарлардың экспорты және/немесе импортының динамикасы, көлемi мен бағалары, негiзгi бәсекелестер және олардың рыноктағы үлес салмағы;
      әлеуметтiк-экономикалық жағдайының өзгеру мүмкіндіктері нәтижелерiнде рынокты болжау;
      3) өткiзу мүмкiндiгiн дәлелдейтiн құжаттар: тауарлардың жеткiзiлiмiне келiсiм-шарттардың немесе ниеттер туралы хаттамалардың нотариалды дәлелденген көшiрмелерi;
      4) тауарларға немесе қызмет көрсетулерге бағалар деңгейiн болжамды бағалау;
      5) коммерциялық тәуекел факторлары мен негiзгi маркетингтiк iс-шаралар. Жобаны қаржыландырудың ауыспалы қаражат бағамы мен қолданыстағы салық базасының өзгеруiне әсер етудi бағалау.

5. Ұйымдастыру бөлiмi

      17. Тартылатын ұйымдар:
      1) жобаны құрушы;
      2) құрал-жабдықты өндiрушілер;
      3) құрал-жабдықты жеткiзушiлер;
      4) қаржыланатын ұйым;
      5) делдалдар.
      18. Жобаны iске асыру процесiнде қатысушылар арасында мiндеттер мен жауапкершiлiктердi бөлу.
      19. Ұйымдастыру құрылымы және тауарлардың/қызмет көрсетулердiң менеджментi мен сапасын бақылау жүйесi.

6. Әлеуметтiк бөлiм

      20. Жобаның еңбек ресурстарындағы қажеттiлiгi (қажеттi саны мен бiлiктiлiгі):
      1) қажеттi бiлiктiлiгi бар кадрлардың болуы;
      2) импортты қоса алғанда бiлiктi мамандар көмегiн тарту қажеттiлiгi.
      21. Жобаның халықты жұмыспен қамтамасыз ету және бiлiм деңгейiне әсерi.

7. Қаржы бөлiмi

      22. Инвестицияларды бағалау:
      1) толық инвестициялық шығындар (негiзгi және айналым капиталға инвестициялар);
      2) жобаны қаржыландыру мен инвестициялардың құрылымы (инвестициялардың жалпы көлемiн бағалау: жобаны iске асыру үшiн қаржының жеткiлiктiгi, инвестициялардың құрылымы, қаржыландырудың схемасы мен шарттары, түсiмнiң болжамды қолдануы).
      23. Тәуекелдердi бағалау:
      1) тәуекелдердiң түрлерi;
      2) тәуекелдiң деңгейi (дисконт ставкасы).
      24. Қаржылық талдау:
      1) жобаның қаржылық үлгiсi: инвестициялық преференцияларды есептемей және тиiстi инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып үлгiлердi есептеу;
      2) жобаның өмiрлiк кезеңi iшiндегi таза дисконттық табысы (NPV);
      3) жобаның өмiрлiк кезеңi iшiндегi табыстылықтың iшкi нормасы (IRR);
      4) жоба өмiрiнiң әр жылына табыстың қарапайым нормасы (рентабельдiгi);
      5) төленетiн салықтар, бюджетке түрлер бойынша кеденнiң баждары мен төлемдерi;
      6) төленетiн салықтардың барлық түрлерi бойынша бюджеттiк тиiмдiлiктiң жиынтық есебi анықталсын.

8. Экологиялық бөлiм

      25. Жоба технологиясының қоршаған ортаға әсерi бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестiгi.

9. Экономикалық бөлiм

      26. Жобаның мемлекет экономикасының қажеттiлiктерiне (Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң қаулыларына, даму бағдарламаларына, басқа құжаттарға) сәйкестiгi:
      1) халық тұтынатын азық-түлiк тауарлары және азық-түлiк емес тауарларын шығаруды ұлғайту;
      2) импорт алмастыру (импорт алмастырудың қабылданған бағдарламаларына сәйкестiгi);
      3) экспортты ұлғайту;
      4) жаңа жұмыс орындарын ашу;
      5) халықтың бiлiмi мен бiлiктiлiк деңгейiн көтеру;
      6) озат технологиялар, "ноу-хау";
      7) жобаны iске асырудан мультипликатордың тиiмдiлiгi;
      8) сапаның халықаралық стандарттарына сәйкес өндірiстi ұйымдастыру.
__________________________________________________________________
      Бизнес-жоспардың көрнекi құралдары болуға мiндеттi (схемалар, сызбалар, нобайлар, жарнамалық проспектілер).