Ескерту: Бұйрықтың атауы өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ бұйрығымен .
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713
қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық жобаларын қарау және келісу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шардарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті
қорғау жөніндегі агенттігінің
2003 жылғы 27 қаңтардағы
N 16-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық
бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келісу
НҰСҚАУЛЫҒЫ
Ескерту: Атауындағы және барлық мәтiндегi "жобаларын", "жобалары" "жобаларда","инвестициялық жобада", "жобаларды", "инвестициялық жоба", "инвестициялық жобаға", "инвестициялық жобалардың" деген сөздер "бағдарламаларын (жобаларын)", "бағдарламалары (жобалары)", "бағдарламаларда (жобаларда)", "инвестициялық бағдарламаның (жобаның)", "бағдарламаларға (жобаларға)", "инвестициялық бағдарлама (жоба), "инвестициялық бағдарламаға (жобаға)", "инвестициялық бағдарламамен (жобамен)" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ бұйрығымен .
Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау мен келісудің осы Нұсқаулығының (бұдан әрі - Нұсқаулық) мақсаты тұтынушылар мен табиғи монополия Субъектілері (бұдан әрі - Субъектілер) мүдделерінің тепе-теңдігіне қол жеткізуі, сондай-ақ тұтынушыларды Субъектілердің көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) экономикалық негізсіз арттырудан қорғауға бағытталған республикалық және жергілікті деңгейлердегі әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді және ағымдағы басымдықтарына сәйкес табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау мен келісуді тәптіштеу болып табылады.
1. Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келісудің осы ережесі "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына , Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Субъектілердің инвестициялық бағдарламалары (жобалары) белгіленген тәртіппен бекітілген Қазақстан Республикасы мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер дамуының басымдықтарын ескере отырып әзірленеді.
Белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген Субъектілердің негізгі құралдарындағы жұмсалымдар көлемі республикалық және аймақтық деңгейлердегі әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарларында ағымдағы кезеңге және орта мерзімді перспективаға арналған Субъектілердің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шекті өсімінің болжамын есептеген кезде ескеріледі.
3. Субъектілердің инвестициялық бағдарламалары (жобалары):
іске асыру мерзімдері бойынша - қысқа мерзімге (1 жылға дейін), орта мерзімге (5 жылға дейін), ұзақ мерзімге (5 жылдан асатын);
мәртебесі бойынша республикалық және жергілікті;
іс-қимылдардың бағыттылығы бойынша - жаңа активтер құруға арналған инвестиция; кеңейтуге арналған инвестиция; қазіргі бар активтерді қалпына келтіруге және қолдауға арналған инвестиция болып бөлінеді.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 238-НҚ
бұйрығымен
.
4. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
базалық тарифтік смета - "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
15-1-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен шығындарды қалыптастырудың Ерекше тәртібінің (бұдан әрі - Ерекше тәртіп) талаптарына сәйкес Субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) іске асырғаннан бастап бір жылға белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтік смета;
инвестициялық бағдарлама (жоба) - техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында белгілі бір кезеңде жаңа активтерді құруға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, қайта жаңғыртуға, қазіргі бар активтерді қолдануға, жаңартуға, Субъектінің негізгі құралдарын техникалық қайта жабдықтауға бағытталған жұмсалымдар мен қаражаттарды қайтару бағдарламасы;
болжанып отырған тарифтік смета - инвестициялық бағдарламаны (жобаны) жүзеге асырудың әрбір жылында уәкілетті орган қабылдаған және онымен келісілген тарифтік смета;
тарифтік кіріс - уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша реттелетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуден алынған Субъектінің кірісі;
техникалық сараптама - негізгі қорлардың техникалық жай-күйін, күрделі жөндеулердің қажеттілігін, конкурстық негізде таңдалған тәуелсіз сарапшы жүргізетін және Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес орындалатын инвестицияларды тексеру (бағалау);
қаржылық сараптама - конкурстық негізде таңдалған тәуелсіз сарапшы жүргізетін және Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес орындалатын Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес келетін шығындардың нақты құрамын тексеру (бағалау).
Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ
бұйрығымен
,
2004 жылғы 24 мамырдағы N 238-НҚ
бұйрығымен
.
5. Уәкілетті органға қарауға және келісуге ұсынылып отырған инвестициялық бағдарламалар (жобалар) салалық бағдарламаларға және республикалық және жергілікті деңгейлерде қабылданған даму бағдарламалары мен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келуге тиіс.
6. Инвестициялық бағдарламаларға (жобаларға):
1) жүргізілген техникалық және қаржылық сараптаманың қорытындылары;
2) Субъектілер ұсынатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) сұранысты дамытуға арналған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың ықпалы туралы Субъектінің бағасы;
3) негізгі құралдар мен өзге мүліктің жобасын іске асыруға қажетті құн туралы маркетингтік зерттеулер растаған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға арналған шығындар туралы ақпарат;
4) қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұстауға арналған шығындарды төмендету жөніндегі есептерді қамтитын инвестициялық жұмсалымдардың экономикалық тиімділігі, нормативтік және нормативтен тыс ысырапты азайту, қызметтердің сапасын арттыру, жүйелердің сенімділігін арттыру туралы Субъектінің бағасы;
5) қаржыландырудың мүмкiн жағдайлары және заемдық қаражатты қайтару, соның iшiнде бағалы қағаздарды эмиссиялау, несие алу есебiнен;
6) негізгі құралдардың топтары бойынша жүргізілген құнды қайта бағалаудың нәтижелері қоса берілуге тиіс;
7) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінсе немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылса, онда қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттар ұсынылады.
Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ
бұйрығымен
.
7. Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) бюджетін жоспарлау мен жасау негізінде болжамды тарифтік смета, тарифтік кіріс қалыптасатын базалық тарифтік сметаға сәйкес жүзеге асырылады және қаржылық көрсеткіштер бағаланады. Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) тиімділігіне экономикалық және қаржылық бағалау жүргізудің негізгі қағидаттары осы Ережеге берілген қосымшада айқындалады.
8. Инвестициялық бағдарламалар (жобалар) мынадай өлшемдерге:
1) Субъектінің іске қосылған негізгі өндірістік құралдарының өтімді бағасының қазіргі бар деңгейін көбейту немесе сақтау капитал түзетін шығындардың (инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде негізгі құралдарды қайта бағалауға уәкілетті органның келісімі бойынша ғана жол беріледі) есебінен қол жеткізілуге тиіс;
2) қаржылық-экономикалық тәуекелдерді барынша азайтуға;
3) нормативтік және/немесе нормативтен тыс ысырапты кемітуге;
4) бағдарламаның (жобаның) негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің оң мәндері пайданың (кірістіліктің) ішкі нормасы, іске қосылған активтердің пайдасы, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарымен бекітілген Субъектілердің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шекті өсімі болжамының шеңберіндегі Субъектілердің қызметтеріне арналған тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) деңгейі кезінде дисконттелген ағыстардың болуына;
5) заемдық ресурстарды қарызға алу және өтеу сызбаларын оңтайландырумен, өндірістік шығындарды кемітумен, конъюнктурлық рынокқа сәйкес оны барынша жоғары пайдалану мақсатында өндірістің әртараптылығымен қамтамасыз етілуге тиіс инвестициялардың өтеу мерзімдерін азайтуға;
6) көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі мен сапасын ұлғайтуға;
7) Субъектінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешегінің деңгейін төмендету жөніндегі, ол болған жағдайда, кешенді іс-шараларға жауап беруге тиіс.
9. Орташа мерзімдік кезеңге тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекітуге арналған өтініммен бір уақытта уәкілетті органның қарауына және келісуіне республикалық және жергілікті инвестициялық бағдарламалар (жобалар) енгізіледі.
Орындалуы үш жылдың iшiнде қолданыстағы тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) өсуiн талап етпейтiн инвестициялық бағдарламалар уәкiлеттi органның қарауына және келiсуiне оны iске асыру алдындағы жылдың 1-қазанынан кешiктiрiлмей енгiзiледi.
Ескерту: 9-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ
бұйрығымен
,
2004 жылғы 24 мамырдағы N 238-НҚ
бұйрығымен
.
10. Уәкілетті орган тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) арналған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға еткен ықпалын оны іске асыру кезеңінде айқындау мақсатында инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) тиімділігіне экономикалық және қаржылық бағалау жүргізеді.
Ескерту: 10-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 238-НҚ
бұйрығымен
.
11. Инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) қарауға уәкілетті органның қабылдаудан бас тартуының себептері:
Субъектінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) ұсынудың мерзімдерін бұзуы;
Субъектінің осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы болып табылады.
Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және Субъектіге инвестициялық бағдарламаның (жобаның) қарауға қабылданғаны туралы немесе бас тартудың негіздемесімен қарауға қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша хабарлама беруге міндетті.
12. Уәкілетті органмен келісілген республикалық және жергілікті инвестициялық бағдарламалар (жобалар) Субъектінің орындауына міндетті болып табылады. Егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде Субъект уәкілетті органға жаңа инвестициялық бағдарламаны (жобаны) келісуге берсе, уәкілетті орган жаңа инвестициялық бағдарламаның (жобаның) қолданыстағы тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) деңгейіне жасайтын ықпалына талдау жүргізеді. Уәкілетті орган, егер оны іске асыру инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың қалған мерзіміне болжамдалған көрсеткіштерден тыс тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейін өзгертуді талап еткен жағдайда, келісуден бас тартуға құқылы.
13. Республикалық және жергілікті инвестициялық бағдарламаларға (жобаларға) уәкілетті органның келісімі бойынша нықтылаулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін.
4. Субъектілердің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын)
іске асыру мониторингі
Ескерту: 4-тарау алынып тасталды (14-20 тармақтар) - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 238-НҚ бұйрығымен .
Табиғи монополия субъектілерінің
инвестициялық бағдарламаларын
(жобаларын) қарау және келісу
ережесіне
қосымша
Ескерту: Қосымша өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ бұйрығымен .
Инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) тиімділігіне
экономикалық және қаржылық бағалау жүргізу
1. <*>
Ескерту: 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 238-НҚ
бұйрығымен
.
2. Инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген инвестициялық шығындарды өтеу уәкілетті органмен келісілген қажетті тарифтік кіріспен қамтамасыз етіледі.
3. Инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) келісу үшін мынадай деректер талап етіледі:
1) N 1, 2, 3 және 4-кестелерде көрсетілген деректердің негізіндегі тарифтік кіріс;
2) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңіндегі болжамды тарифтік смета жасауға арналған бастапқы деректер, олар:
базалық тарифтік смета;
3) құзыретті органның, ал су шаруашылығы мен канализациялық жүйелердің қызметтерін көрсетуші Субъектілер үшін - инвестициялардың қажеттігін және олардың Субъектілердің негізгі құралдарындағы көлемдерін, нақты қалыптасқан негізде және республикалық және аймақтық деңгейлердегі әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарларында көзделген перспективаларды ескере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) болжанып отырған көлемдерін растайтын жергілікті атқарушы органның қорытындысы;
іске қосылған активтердің реттелген базасына және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңіне арналған активтердің реттелген базасының болжамдалған деңгейіне пайданың ставкасы;
инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде көрсетіліп отырған қызметтерге сұраныстың даму перспективалары туралы Субъектінің бағасы;
техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қалпына келтіру және жаңа негізгі құралдарды енгізу бағдарламасы;
жылдар бойынша күрделі қаржы жұмсалымдарын игеру кестесі;
заемдық қаражаттар бойынша негізгі борыштар мен сыйақыларды өтеу кестесі;
ағымдағы тұрақты және ауыспалы шығындар, жылдар бойынша қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі кезеңіндегі шығыстар болып табылады.
4. Болжамды тарифтік сметалардағы шығындардың қалыптасуы:
1) болжанып отырған тарифтік сметалардың шығындары қолданыстағы тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шегінде қажет болған жағдайда Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес Субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) іске асырғаннан бастап іс жүзіндегі қалыптасқан шығындарға сәйкес түзетілген базалық тарифтік сметаның негізінде қалыптасады;
2) нормативтік ысыраптарға байланысты шығындар қосылады;
3) субъект негізгі құралдар құнының өсіміне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған құралдар құзыретті (жергілікті атқарушы) органның растауы мен жұмыстардың осы көлемдерін жүргізудің қажеттігі туралы техникалық сараптама нәтижелері болған жағдайда ескеріледі;
4) негізгі құралдардың және тура желілі (бір қалыпты) әдіс бойынша есептелген материалдық емес активтер амортизациясының тозуы. Тозуды есептеудің өзге әдістерін қолдану уәкілетті органның келісімі жөнінде мүмкін болады;
5) еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды айқындау кезінде есепке белгіленген тәртіппен бекітілген, Субъектінің нормативтік адам санынан аспайтын нақты адам саны қабылданады.
Субъектінің персоналдарына еңбек ақы төлеу шығыстары болжамды тарифтік сметада Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарында көзделген тұтынушылар бағалары индексінің болжамды өзгерісін ескере отырып, базалық тарифтік сметада қабылданған еңбекке ақы төлеу шығыстарына сүйене отырып есептеледі;
6) әкімшілік мақсаттағы шығыстар Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарында көзделген тұтынушылар бағалары индексінің болжамды өзгерісін ескере отырып, ескеріледі.
Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) келіскенге және оны құзыретті (жергілікті атқарушы) орган бекіткенге дейін әкімшілік мақсаттағы шығыстардың сомаларын Субъектінің әкімшілік шығыстарының нақты құрамының жүргізілген қаржылық сараптамасының нәтижелері бойынша өзгерту туралы шешім қабылдауға құқылы;
7) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2 мәртелiк ресми ставкадан аспайтын ұлттық валютада алынатын заемдық қаражаттар бойынша сыйақылар төлеу шығындары қосылады;
8) егер заемдық қаражаттар шетел валютасында алынса, онда сыйақы төлеудiң есебi Лондон банк аралық рыногының 4 мәртелiк ставкасын қолданып, шетел валютасына орта жылдық теңге курсы бойынша жүргiзiледi.
Алынған заемдық қаражаттар жөніндегі сыйақылардың мөлшерін (кредиттер үшін проценттер, комиссиялық төлемдер) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде өзгертуге уәкілетті органның келісімі бойынша жол беріледі;
9) өкілдіктер шығыстары, әкімшілік персоналының іссапарлық шығыстары, қымбат тұратын байланыс түрлерінің, мерзімді баспа, қызметтік автокөлік ұстау шығыстары, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарында көзделген тұтынушылар бағалары индексінің болжамды өзгерісін ескере отырып, нақты шығындар құрамының жүргізілген қаржылық сараптамасының нәтижелері бойынша ақпараттық, консультациялық қызметтері.
Болжамды тарифтік сметаларда тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) енгізуге жатпайтын Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес шығыстар ескерілмейді.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 238-НҚ
бұйрығымен
.
5. Уәкілетті орган экономикалық мақсатқа сай қағидаттарына сүйеніп:
1) кредиттер (заемдар) үшін инвестицияда алынған және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде төленген (төлеуге жататын) сыйақыны жаңа негізгі құралдарының құнына қосуға;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде кредиттерге (заемдарға) қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды материалдық емес активтердің құнына қосуға;
3) егер Субъектіге қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметтің өзге де түрлерімен айналысуға рұқсат етілсе, онда одан түскен пайданы Субъектінің инвестициялық міндеттемелерін өтеуге жұмсауға;
4) егер тарифтер (бағалар, алым ставкалары) осы Қосымшаның 1-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, Субъектіден инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) өлшемдерін қайта қарауды талап етуге құқылы.
6. Қажетті тарифтік кіріс экономикалық негізді шығындар мен пайдадан жинақталады.
Тарифтік кірісте ескерілетін пайда Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.
Амортизациялық аударымдар мен қызметтің реттелген түрінен түскен пайда Субъектінің инвестициялық міндеттемелерін өтеуге жұмсалады.
N 1-кесте
Ескерту: 1-кесте жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ
бұйрығымен
.
Ескерту: 1-кестеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 238-НҚ
бұйрығымен
.
Қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері
____________________________________________________________________
NN түзетілген базалық тарифтік
Көрсеткіштердің сметада қабылданған
атаулары
_________________________________________
Қызметтің Қызметтің
реттелетін түрінің реттелмейтін түрінің
қызметтердің көлемі қызметтердің көлемі
____________________________________________________________________
1-ші 2-ші Бар. 1-ші 2-ші Бар.
жарты жарты лығы жарты жарты лығы
жылдық жылдық жыл жылдық жылдық жыл
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
____________________________________________________________________
Өндірілетін қызмет.
тердің(тауарлардың,
жұмыстардың) көлемі
1
____________________________________________________________________
1.1. млн. теңгемен
____________________________________________________________________
1.2. нақты көрсеткіштерде
____________________________________________________________________
Бұдан әрі тұтынушы.
ларға беру үшін са.
тымдық өнімнің
(тауарлардың) көлемі
2
____________________________________________________________________
2.1. млн. теңгемен
____________________________________________________________________
2.2. нақты көрсеткіштерде
____________________________________________________________________
Құзыретті орган
бекіткен норматив
бойынша өз мұқтажына
пайдаланылатын қыз.
меттердің (тауарлар.
дың, жұмыстардың)
көлемі - барлығы
3
____________________________________________________________________
3.1. млн. теңгемен
____________________________________________________________________
3.2. нақты көрсеткіштерде
____________________________________________________________________
3.3. нақты көрсеткіште
жалпы көлемнен нақты
ысырап:
____________________________________________________________________
3.3.1. нормативтік
____________________________________________________________________
3.3.2. нормативтен тыс
____________________________________________________________________
Құзыретті орган
бекіткен қызметтердің
(тауарлардың, жұмыс.
тардың) ысырап көлемі
4
____________________________________________________________________
4.1. млн. теңгемен
____________________________________________________________________
4.2. нақты көрсеткіштерде
____________________________________________________________________
Көлемнен %-тегі нақты
ысырап (өндірілген
немесе сатымдық өнімді
көрсету):
4.3.
____________________________________________________________________
4.3.1. млн. теңгемен
____________________________________________________________________
4.3.2. нақты көрсеткіштерде
____________________________________________________________________
Тұтынушыларға көрсе.
тілетін қызметтердің
(тауарлардың, жұмыс.
тардың) көлемі
5
____________________________________________________________________
5.1. млн. теңгемен
____________________________________________________________________
5.2. нақты көрсеткіштерде -
оның ішінде:
____________________________________________________________________
5.2.1. транзиттік тұтынушы.
ларға
____________________________________________________________________
5.2.2. өзінің тұтынушыларға,
оның ішінде
____________________________________________________________________
заңды тұлғалар
____________________________________________________________________
Халық
____________________________________________________________________
Тұтынушыларға өнімдер.
дің (тауарлардың)
өндірілетін көлемі:
6
____________________________________________________________________
6.1. млн. теңгемен
____________________________________________________________________
6.2. нақты көрсеткіштерде -
оның ішінде:
____________________________________________________________________
заңды тұлғалар
____________________________________________________________________
Халық
____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
________________________________________
Базалық жылы
инвестициялық бағдарламаны
(жобаны) іске асырудың 1-ші
жылы (базалық тарифтік смета)
________________________________________
Қызметтің Қызметтің
реттелетін түрінің реттелмейтін түрінің
қызметтердің көлемі қызметтердің көлемі
_________________________________________
1-ші 2-ші Бар. 1-ші 2-ші Бар.
жарты жарты лығы жарты жарты лығы
жылдық жылдық жыл жылдық жылдық жыл
_________________________________________
9 10 11 12 13 14
_________________________________________
таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________
Инвестициялық бағдарламаны |.. | Инвестициялық бағдарламаны
(жобаны) іске асырудың | | (жобаны) іске асырудың
2-ші жылы | | тарифтік жылы
_______________________________| |________________________________
Қызметтің Қызметтің |...| Қызметтің Қызметтің
реттелетін реттелмейтін | | реттелетін реттелмейтін
түрінің түрінің | | түрінің түрінің
қызметтердің қызметтердің | |қызметтердің қызметтердің
көлемі көлемі | | көлемі көлемі
_______________________________| |________________________________
1-ші 2-ші Бар. 1-ші 2-ші Бар.|...|1-ші 2-ші Бар. 1-ші 2-ші Бар.
жар. жар. лығы жарты жар. лы. | |жарты жарты лығы жар. жар. лы.
ты ты жыл жыл. ты. ғы | | жыл. жыл. жыл ты ты ғы
жыл. жыл. дық жыл. жыл | | дық дық жыл. жыл. жыл
дық дық дық | | дық дық
___________________________________________________________________
15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
___________________________________________________________________
N 2-кесте
Ескерту: 2-кесте жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ
бұйрығымен
.
Ескерту: 2-кестеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 238-НҚ
бұйрығымен
.
ШЫҒЫСТАР (қызметтің реттелетін түрі бойынша)
____________________________________________________________________
NN түзетілген базалық тарифтік сметада
Көрсеткіштердің қабылданған
атаулары
____________________________________________
Барлық Оның ішінде:
шығыстар Кезең шығыстары
____________________________________________________________________
1-ші 2-ші Бар. 1-ші 2-ші Бар.
жарты жарты лығы жарты жарты лығы
жылдық жылдық жыл жылдық жылдық жыл
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
____________________________________________________________________
Материалдық
шығындар,
1 барлығы
____________________________________________________________________
1.1. Шикізат және
материалдар -
барлығы,
оның ішінде:
____________________________________________________________________
1.1.1. шетел валюта.
сынан сатып
алынған
____________________________________________________________________
1.2. Сатымды бұйым.
дар мен жар.
тылай дайын
фабрикаттар,
көмекші мате.
риалдар - бар.
лығы, оның
ішінде:
____________________________________________________________________
1.2.1. шетела валюта.
сына сатып
алынған
____________________________________________________________________
1.3. Отын барлығы,
оның ішінде:
____________________________________________________________________
1.3.1. шетел валюта.
сына сатып
алынған
____________________________________________________________________
1.4. Электр энергия.
сы - барлығы,
оның ішінде:
____________________________________________________________________
1.4.1. шетел валюта.
сына сатып
алынған
____________________________________________________________________
Негізгі
құралдардың
құнын өсіруге
әкелмейтін
субъектілерге
ағымдағы және
күрделі жұмыс.
тарға және
жөндеу-қайта
құру жұмыстар
бағытталған
2 құралдар
____________________________________________________________________
2.1. ағымдағы жөндеу
____________________________________________________________________
2.2. НҚ құнын өсіруге
әкелмейтін
күрделі жөндеу
____________________________________________________________________
3 Өзге шығындар
*
)
____________________________________________________________________
4 Негізгі құрал.
дардың тозуы
**
)
____________________________________________________________________
Материалдық
емес активтер.
дің аморти.
5 зациясы
**
)
____________________________________________________________________
Өзге шығыстар
барлығы, оның
6 оның ішінде:
____________________________________________________________________
6.1. іссапар шығыстары
____________________________________________________________________
Салық төлемдер
*
)
және алымдар
7 барлығы, оның
ішінде:
____________________________________________________________________
7.1. мүлікке арналған
салық
____________________________________________________________________
7.2. табиғи ресурс.
тарды пайдалан.
ғаны үшін төлем
____________________________________________________________________
Тараптық
ұйымдардың
қызметтеріне
8 ақы
*
) барлығы,
оның ішінде:
____________________________________________________________________
8.1. жалдау ақысы
____________________________________________________________________
Басқа шығындар
*
)
- барлығы, оның
9 ішінде:
____________________________________________________________________
9.1. сыйақы төлеу
жөніндегі
шығыстар
____________________________________________________________________
9.1.1. шетел
валютасында
____________________________________________________________________
Жалақы қоры
барлығы, оның
10 ішінде:
____________________________________________________________________
10.1. өндірістік
персонал
____________________________________________________________________
10.2. көмекші
персонал
____________________________________________________________________
10.3. әкімшілік
персонал-
барлығы, олардан
____________________________________________________________________
10.3.1. бас офис
____________________________________________________________________
10.4. Әлеуметтік салық
____________________________________________________________________
11 Шығыстардың
барлығы
____________________________________________________________________
Жылдар бойынша
күрделі қаржыға
жұмсалған шығын.
дарды қаржылан.
12 дыру-барлығы,
олардан:
____________________________________________________________________
12.1. құрылысқа-
барлығы, олардан:
____________________________________________________________________
12.1.1. шаруашылық
тәсілмен салынған
меншік құрылысы
____________________________________________________________________
12.1.2. машиналар мен
жабдықтар;
табыстау
құрылғылар
____________________________________________________________________
12.1.3. көлік құрылғылары
____________________________________________________________________
12.1.4. материалдық
емес актив.
терді сатып
алуға - барлығы,
оның ішінде:
____________________________________________________________________
12.1.5. ЭЕМ бағдарла.
масын қамтамасыз
етуді жасауға
және сатып алуға
____________________________________________________________________
*
) Шығындардың ажыратып жазылуы міндетті тәртіпте қоса беріледі
**
) Амортизациялық аударымдардың есебі міндетті тәртіпте қоса беріледі
таблицаның жалғасы
___________________________________________
Бағдарламаны (жобаны)
іске асыру кезеңі
___________________________________________
Базалық инвестициялық бағдарламаны
(жобаны) іске асырудың 1-ші жылы
___________________________________________
Барлық Оның ішінде:
шығыстар Кезең шығыстары
___________________________________________
1-ші 2-ші Бар. 1-ші 2-ші Бар.
жарты жарты лығы жарты жарты лығы
жылдық жылдық жыл жылдық жылдық жыл
___________________________________________
9 10 11 12 13 14
___________________________________________
таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________
Базалық инвестициялық бағдарламаны
(жобаны) іске асырудың 1-ші жылы
___________________________________________________________________
Инвестициялық бағдарламаны |.. | Инвестициялық бағдарламаны
(жобаны) іске асырудың | | (жобаны) іске асырудың
2-ші жылы | | тарифтік жылы
_______________________________| |________________________________
Барлық Оның ішінде: |...| Барлық Оның ішінде:
шығыстар Кезең шығыстары | | шығыстар Кезең шығыстары
_______________________________| |________________________________
1-ші 2-ші Бар. 1-ші 2-ші Бар.|...|1-ші 2-ші Бар. 1-ші 2-ші Бар.
жар. жар. лығы жарты жар. лы. | |жарты жарты лығы жар. жар. лы.
ты ты жыл жыл. ты. ғы | | жыл. жыл. жыл ты ты ғы
жыл. жыл. дық жыл. жыл | | дық дық жыл. жыл. жыл
дық дық дық | | дық дық
___________________________________________________________________
15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
___________________________________________________________________
N 3-кесте
Ескерту: 3-кесте жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ
бұйрығымен
.
Ескерту: 3-кестеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 238-НҚ
бұйрығымен
.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері
____________________________________________________________________
Бағдарламаны (жобаны)
Көрсеткіштердің іске асыру кезеңі
атаулары ________________________
NN түзетілген базалық Инвестициялық бағдарла.
тарифтік сметада маны (жобаны) іске
қабылданды асырудың базалық 1-ші
жылы
____________________________________________________________________
1-ші 2-ші Бар. 1-ші 2-ші Бар.
жарты жарты лығы жарты жарты лығы
жылдық жылдық жыл жылдық жылдық жыл
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
____________________________________________________________________
Тарифтің құра.
1 мындағы пайда
____________________________________________________________________
Іске қосылған
активтердің
реттелетін
2 базасы (АРБ)
____________________________________________________________________
АРБ-ға пайда
3 ставкасы
____________________________________________________________________
Қызметтерді
(тауарларды,
жұмыстарды)
көрсетудің барлық
4 шығыстары
____________________________________________________________________
5 Тарифтік кіріс
____________________________________________________________________
Салық салынған.
нан кейінгі
жиынтық кіріс
6 (зиян)
____________________________________________________________________
7 Дивиденттер
төлемі
____________________________________________________________________
8 Пайдадан төленетін
басқа да міндетті
төлемдер
____________________________________________________________________
9 Бөлуге кететін
пайда
____________________________________________________________________
10 Инвестицияға
жолданған зайымдық
құралдардың
қайтарылуы
____________________________________________________________________
11 Таза табыс
____________________________________________________________________
Анықтама:
____________________________________________________________________
12 Есеп тариф
____________________________________________________________________
Қазақстан Респуб.
ликасы әлеумет.
тік-экономикалық
дамуының Индика.
тивтік жоспарында
көзделген негізгі
көрсеткіштер
____________________________________________________________________
Есепті тарифті
түзету
____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
_____________________________________________________
Бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңі
_____________________________________________________
Инвестициялық бағдар. |.. |Инвестициялық бағдарламаны
ламаны (жобаны) іске | |(жобаны) іске асырудың
асырудың 2-ші жылы | | тарифтік жылы
______________________| |__________________________
1-ші 2-ші Бар. |...| 1-ші 2-ші Бар.
жарты жарты лығы | | жарты жарты лығы
жылдық жылдық жыл | |жылдық жылдық жыл
_____________________________________________________
9 10 11 12 13 14 15
_____________________________________________________
N 4-кесте
Ескерту: 4-кесте жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ бұйрығымен .
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері
____________________________________________________________________
NN Есепті жылдың қаржылық
Көрсеткіштердің нәтижесі
атаулары
_________________________________________
Қызметтің Қызметтің
реттелетін түрінен реттелмейтін түрінен
түсетін барлық түсетін барлық
кіріс (зиян) кіріс (зиян)
____________________________________________________________________
1-ші 2-ші Бар. 1-ші 2-ші Бар.
жарты жарты лығы жарты жарты лығы
жылдық жылдық жыл жылдық жылдық жыл
____________________________________________________________________
1 1. Реттелген
қызметтен
____________________________________________________________________
2. Қызметтің
реттелмеген
түрлерінен
(бағам айырма.
шылығын ес.
кере отырып),
2 одан
____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
__________________________________________
Бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңі
__________________________________________
Бағдарламаны (жобаны) іске асырудың
базалық 1-ші жылдың қаржылық нәтижесі
__________________________________________
Қызметтің Қызметтің
реттелетін түрінен реттелмейтін түрінен
түсетін барлық түсетін барлық
кіріс (зиян) кіріс (зиян)
__________________________________________
1-ші 2-ші Бар. 1-ші 2-ші Бар.
жарты жарты лығы жарты жарты лығы
жылдық жылдық жыл жылдық жылдық жыл
__________________________________________
__________________________________________
таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________
Бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңі
___________________________________________________________________
Бағдарламаны (жобаны) іске |.. | Бағдарламаны (жобаны) іске
асырудың базалық 2-ші жылдың | | асырудың базалық тарифтік
қаржылық нәтижесі | | жылдың қаржылық нәтижесі
_______________________________| |_______________________________
Қызметтің Қызметтің |.. | Қызметтің Қызметтің
реттелетін реттелмейтін | | реттелетін реттелмейтін
түрінен түрінен | | түрінен түрінен
түсетін барлық түсетін барлық | |түсетін барлық түсетін барлық
кіріс (зиян) кіріс (зиян) | | кіріс (зиян) кіріс (зиян)
_______________________________| |________________________________
1-ші 2-ші Бар. 1-ші 2-ші Бар.| |1-ші 2-ші Бар. 1-ші 2-ші Бар.