Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97 "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Әділет министрлігінде 2000 жылғы N 1124 тіркелген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 6 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2156. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N 385 бұйрығымен.

Күшін жойған

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.06.20 N 385 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының  27-бабының  1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2008 жылғы 20 маусымдағы  
N 385 бұйрығына қосымша  

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. ...;
      2. ...;
      3. ...;
      4. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1124 тіркелген»Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 6 ақпанда N 2156 тіркелді);
      5. ...;
      6. .... 
-----------------------------  

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "Астық туралы"  Заңына , Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Лицензиялау туралы"  Заңына  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері туралы" 2000 жылғы 22 ақпандағы N 273  қаулысына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97 "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы"  бұйрығына  (Әділет министрлігінде 2000 жылғы 29 сәуірде N 1124 тіркелген, 2000 жылғы 30 мамырдағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2000 жылғы 21 маусымдағы N  167 , 2001 жылғы 29 мамырдағы N  150  бұйрықтармен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесінде:

      1 тарауда:
      1 тармақ:
      "беру" деген сөзден кейін "қайтарып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      "тоқтата тұру" деген сөздерден кейін "тоқтату және қайтадан бастау" деген сөздермен толықтырылсын;
      "лицензия" деген сөз "бас лицензия" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияны алушыға (Лицензиатқа) лицензияны беру, лицензияны қайтарып алу осы ереженің 15-1 тармағына сәйкес және оның әрекетін тоқтатқаннан кейін қайтадан бастауды ұсыну өкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен жүргізіледі. Лицензияны қайтарып алу осы ереженің 15-1 тармағын қоспай, оның әрекетін тоқтатуды ұсыну Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармаларымен жүргізіледі (бұдан әрі - облыстық аумақтық басқармалар).".
      5 тармақ:
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) тексеру актысы - астық қабылдау кәсіпорынын біліктілік талаптарға сәйкестігі және жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығын Лицензиармен бекітілген үлгі бойынша зерттеу актысы.";

      2 тарауда:
      7 тармақтың 4) тармақшасында:
      "қорытынды" деген сөз "қорытындылар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Астықты сақтау бойынша лицензияда астық сақтау қоймасының (элеватордың, астық қабылдау кәсіпорнының) орналасқан жері көрсетіледі.";
      10 тармақта:
      екінші абзацтағы "қабылдау, қайта өңдеу" және "және оның элеватордағы қайта өңдеу өнімдері" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшінші абзацта:
      "барлық" деген сөз "толық тізбесімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Лицензияны қайтарып алуды ұсыну облыстық аумақтық басқарманың бірінші басшысының бұйрығымен құрылған комиссиямен астық қабылдау кәсіпорынын тексерудің негізінде іске асырылады. Лицензияны қайтарып алу туралы өтініш астық қабылдау кәсіпорынын тексеру актысын қосып сотқа облыстық аумақтық басқармамен Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдемелерімен белгіленген тәртіп және негізде жіберіледі. Мәліметтердің көшірмесі үш жұмыс күннен көп емес мерзімде өтінішті сотта тіркелген күннен бастап Лицензиарға жіберіледі. Лицензия қайтып алынған жағдайда Лицензиат ресми хабарлауды алғаннан бастап он күн ішінде лицензияны Лицензиарға қайтаруға міндетті.";

      15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Лицензияның әрекетін тоқтату облыстық аумақтық басқарманың бірінші басшысының бұйрығымен:
      лицензияны қайтарып алу туралы сот шешімінің;
      заңды тұлғаның жойылуы немесе қайта құрылуының негізінде жүргізіледі.
      Лицензияның әрекетін тоқтату туралы бұйрықтың көшірмесі Лицензиарға және Лицензиатқа жіберіледі.";

      18 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "18. Облыстық аумақтық басқармалар заңнамада белгіленген тәртіппен тоқта тұру себебін көрсете отырып, лицензияның әрекетін тоқтата тұруға құқығы бар. Лицензияның әрекетін тоқтата тұру облыстық аумақтық басқарманың бірінші басшысының бұйрығымен астық қабылдау кәсіпорынын тексеру қорытындысының негізінде жүргізіледі. Лицензияның әрекетін тоқтату туралы бұйрықтың көшірмесі жеті календарлық күннен көп емес мерзімде Лицензиарға және Лицензиатқа жіберіледі.";
      18 тармақтың екінші абзацындағы "Лицензиардың" деген сөз "облыстық аумақтық басқарманың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18 тармақтың үшінші абзацындағы "өкілетті мемлекеттік органмен" деген сөздер "облыстық аумақтық басқармамен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18-1 тармақта:
      "Лицензиармен" деген сөз алынып тасталсын;

      24 тармақтағы "Лицензиардың қорытындысы бойынша" деген сөздер "Лицензиармен, облыстық аумақтық басқарманың ұсынысының және астық қабылдау кәсіпорынын тексеру актысының негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3 тарауда:
      26 тармақта:
      "қабылдау, қайта өңдеу және" және "және оның элеватордағы қайта өңдеу өнімдері" деген сөздер алынып тасталсын;

      29-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "29-1. Лицензиаттың біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін Лицензиат жыл сайын объектінің жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тексеріледі. Соның қорытындысы бойынша тексеру актысы жасалады. Астық қабылдау кәсіпорынының біліктілік талаптарға сәйкестігін және жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығын тексеру кестесі және комиссия құрамы жыл сайын облыстық аумақтық басқарманының бірінші басшысымен бекітіледі және Лицензиарға тапсырылады. Көрсетілген тексеру мерзіміне үш айдан кем емес уақытта кесте Лицензиарға жеткізіледі. Ретті түрде ресімделген және бекітілген дайындық актысы Лицензиарға жіберіледі, ол құжаттың түскен уақытынан бастап отыз календарлық күннен көп емес мерзімде лицензияны растау туралы шешім қабылдайды.
      Лицензияны растаудан бас тарту оның әрекетін тоқтата тұру үшін негіз болады.".

      2. Қоса берілген астық қабылдау кәсіпорынының біліктілік талаптарға сәйкестігін және жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығын тексеру актысының үлгісі бекітілсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалысын бақылау вице-Министр А.К. Күрішбаевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      орынбасары - Министр

8 қаңтар 2003 жылғы    
N 04 бұйрыққа қосымшасы  
"Бекітілді"       
ҚР АШМ аумақтық     
басқармасының бастығы  
________________________
200__ "___" ___________ 

Объектінің біліктілік талаптарға сай екендігін және
200__ жылғы егіннің астығын қабылдауға дайындығын зерттеу
АКТЫСЫ

200__ "___" ___________                  ________________________
                                          АҚК кәсіпорынының атауы

Мына құрамдағы комиссия:
Төраға: мемлекеттік астық инспекторы ________________________
Комиссия мүшелері:
АҚК директоры                        ________________________
Санитарлық бақылау органының өкілі   ________________________
Экологиялық бақылау органының өкілі  ________________________
Өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша инспектор _________
кәсіпорынның 200__жылғы егіннің астығын қабылдауға дайындығына тексеру жүргізді
Тексерумен анықталды:

1. Ғимараттардың, құрылыстардың және құрал жабдықтардың дайындығы

___________________________________________________________________
           Объект            |  Өлшем  | 01.01.200_ж.|  Дайындығы
                             | бірлігі | қолда бары  |туралы мәлімет
___________________________________________________________________
Астық қоймасының сыйымдылығы   мың тонна
оның ішінде: элеваторлық      мың тонна
пайдалануға жоспарланғаны     мың тонна
оның ішінде: қоймалық         мың тонна
пайдалануға жоспарланғаны     мың тонна
Астық кептіргіштер            шт.тонна/сағ.
Асфальтталған алаңдар         мың кв/метр
Автомобиль түсіргіштер          шт.
Астық тазалау машиналары        шт.
Жылжымалы тасымалдау            шт.
жабдықтары
Автомобиль таразылары           шт.
Вагон таразылары                шт.
Астық температурасын            комп.
бақылайтын арақашықтық
қондырғылар
Белсенді желдету үшін           шт.
желдеткіштер
___________________________________________________________________

2. Зертханалардың және зертханалық құрал жабдықтардың дайындығы

___________________________________________________________________
        Объект            |  Өлшем  | 01.01.200_ж.|Дайын.   Дайын
                          | бірлігі | қолда бары  |далғаны  емесі
___________________________________________________________________
Зертхана                     шт.
Сынақ алғыштар               шт.
Ылғал өлшегіштер             шт.
Кептіргіш шкафтар            шт.
Өлшегіштер                   шт.
Дән маңызын анықтау үшін     шт.
жуатын жабдықтар
Зертханалық таразылар        шт.
Дән ұнтау үшін диірмендер    шт.
Елеуіштер комплектісі        шт.
___________________________________________________________________

3. Іс шаралардың орындалысы

___________________________________________________________________
        Талаптар             |   Орындалысы      | Орындалғанын
                             | (керек емесін     |   растайтын
                             |   сызу керек)     |  құжатты беру
                             |                   |     мерзімі
____________________________________________________________________
Экологиялық бақылаудың       Орындалды  Орындалмады
талаптары
Санитарлық бақылаудың        Орындалды  Орындалмады
талаптары
Метрологиялық бақылаудың     Орындалды  Орындалмады
талаптары
Өсімдіктерді қорғау және     Орындалды  Орындалмады
карантин бойынша талаптары
Өртті бақылаудың талаптары   Орындалды  Орындалмады
Энергетикалық бақылаудың     Орындалды  Орындалмады
талаптары
Төтенше жағдайлардың         Орындалды  Орындалмады
талаптары
Өндірістік-техникалық       Аттестация. Аттестация.
зертхана                    ланды       ланбады
____________________________________________________________________

4. Карантин, зиянды және өте қауіпті зиянкес организмдерді залалсыздандыру жөніндегі жұмыстар бойынша іс шаралар

___________________________________________________________________
        Объект            |  Өлшем  | Іс шаралар  |Фирманың атауы,
                          | бірлігі |             |лицензияның N
___________________________________________________________________
Силос корпусы              кв/метр
Астық қоймалары            кв/метр
Технологиялық жабдықтар      шт.
Жер алаңдары               кв/метр
___________________________________________________________________

5. Кадрлармен қамтамасыз етілуі

___________________________________________________________________
    Мамандықтың атауы               | Қажет  |  Бары  |  Білімі
___________________________________________________________________
Аға лаборант
Лаборант
Сынақ алушы
Таразышы
Астық кептіруші
Автомобиль аудару құралдарының
маманы
Айыру жабдықтарының маманы
Тасымалдау құралдарының маманы
Слесарь
Электр монтеры
Жұмыскер
___________________________________________________________________

Астық қабылдаушы кәсіпорынның біліктілік талаптарды сақтауы жөнінде комиссия қорытындысы

____________________ астық қабылдау кәсіпорыны біліктілік талаптарға
сай келеді (сай келмеді)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

       Төраға:
      Мемлекеттік астық инспекторы        ___________________

      Комиссия мүшелері:

      Санитарлық бақылау органының өкілі  ___________________
      Экологиялық бақылау органының өкілі ___________________
      Өсімдіктерді қорғау және
      карантин бойынша инспектор          ___________________
      АҚК директоры                        ___________________