Азаматтардың жазаны орындау мекемелеріне, тергеу изоляторларына келіп-кету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті төрағасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2135. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы N 194 Бұйрығымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.06.28 N 194 Бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару  кодексінің 21-бабын іске асыру және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінің қызметін жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтардың жазаны орындау мекемелеріне, тергеу изоляторларына келіп-кету ережесі бекітілсін.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).
      2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстар бойынша басқармалары, түзеу мекемелерінің бастықтары практикалық қызметте осы Нұсқаулықты мүлтіксіз басшылыққа алсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрлігі    
Қылмыстық-атқару жүйесі 
комитеті Төрағасының  
2003 жылғы 7 қаңтардағы 
N 6 бұйрығымен     
БЕКІТІЛДІ       

  Азаматтардың жазаны орындау мекемелеріне,
тергеу изоляторларына келіп-кету
ережесі

       Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

  1. Жалпы қағидалар

      1. Өткізу режимі - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің жазаны орындау мекемесінің немесе органының, тергеу изоляторының аумағына адамдардың кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), құжаттар мен бұйымдарды кіргізу (шығару) бойынша, сондай-ақ  режимдік объектілердің аумағына арнайы рұқсат бойынша қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) қызметкерлерінің, азаматтар мен өзге де тұлғалардың өтуі мен болуының тәртібін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы.
      Өткізу режимі:
      1) ҚАЖ режимдік объектілеріне, түзеу мекемелерінің (бұдан әрі - ТМ) мен тергеу изоляторларын (бұдан әрі - АИ) режимдік үй-жайларына бөгде адамдардың басып кіруін;
      2) бақылаудың жеке визуалдық құралдарын бейне, кино, фотоаппаратураларын, радиотехникалық және басқа да аппаратураларды аумаққа заңсыз кіргізуді (әкелуді);
      3) сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттарды, бұйымдарды, дүниелерді, құжаттарды және азық-түлік өнімдерін кіргізуді (әкелуді), шығаруды (алып шығаруды);
      4) ҚАЖ режимдік объектісінің аумағынан құжаттар мен бұйымдарды тиісті рұқсатсыз шығаруды (алып шығаруды) болдырмауға арналған.
      Өткізу режимі:
      1) бақылау-өткізу бекеттерін (бұдан әрі - БӨБ) және кіру (шығу) орындарында өткізу функциялары бар бекеттерді ұйымдастыруды;
      2) рұқсатнама бюросын құруды;
      3) рұқсат қағаз беруге рұқсат беру құқығы бар лауазымды адамдарды белгілеуді;
      4) режимдік аумаққа кіргізуге (әкеліп кіргізуге) тыйым салынған заттардың тізбесін белгілеуді;
      5) ҚАЖ режимдік объектілерінің аумағын күзетуді;
      6) БӨБ-де қызметкерлердің, қызметке жіберілген адамдардың және азаматтардың жеке заттарын сақтау камераларын жабдықтауды;
      7) радиотехникалық байланыс құралдарын, кино, фото, бейнеге түсірулерді заңсыз пайдалану мүмкіндігін болдырмауды көздейді.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

      2. ҚАЖ режимдік объектілеріне түзеу мекемесі және оның аумағы, әкімшілік ғимараттар, құрылыстар, шаруашылық объектілері, сондай-ақ оларға қарайтын аумақ жатады.

      3. Режимдік объектілер қаруланған күзеті бар объектілер (түзеу колониялары, тәрбие колониялары, түрмелер және тергеу изоляторлары) және ТМ әкімшілігінің қадағалауындағы объектілер (қоныс колониясы, әкімшілік ғимараттар, құрылыстар, шаруашылық объектілері, сондай-ақ оларға жататын аумақ) болып бөлінеді.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

  2. Түзеу мекемесі   және тергеу изоляторы әкімшілігінің қадағалауындағы ҚАЖ органдарының әкімшілік 
ғимараттары мен объектілеріне
өткізу режимін ұйымдастыру

       Ескерту: 2-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).
 

             4. ҚАЖ әкімшілік ғимараттары мен режимдік объектілеріне рұқсат мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ қызметкерлері ҚАЖ органдарының әкімшілік ғимараттары мен объектілеріне қызмет куәлігін көрсету негізінде кіруге құқығы бар;
      2) азаматтарға әкімшілік ғимараттарға, сол сияқты режимдік объектінің аумағында болуға міндетті түрде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен, Келушілерді есепке алу журналына тіркегеннен және арнайы рұқсат қағаз алғаннан кейін ғана рұқсат беріледі;
      3) азаматтарды рұқсат қағаз алғанынан кейін лауазымды адам қабылдайды. Бұл адамдардың әкімшілік ғимараттың аумағы бойынша жүруі, олардың кіруі және шығуы ҚАЖ қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүзеге асырылады;
      4) басқа министрліктер мен ведомстволардың қоғамдық қадағалау комиссиясының мүшелерін, лауазымдық адамдарының, сол сияқты шет елдік делегация өкілдерінің болуы ҚАЖ қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүзеге асырылады.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

  3. Күзетілетін түзеу мекемелерінде және тергеу
изоляторларында өткізу режимін ұйымдастыру

       Ескерту: 3-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

      5. Қаруланған күзет күзететін түзеу мекемелеріне және тергеу изоляторларына өткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: ҚАЖ қызметкерлеріне және азаматтарға кіруге арнайы рұқсат қағаздары бойынша рұқсат етіледі ( 2-қосымша ):
      1) тұрақты рұқсат қағазы - осы мекемеде тұрақты жұмыс істейтін басшы құрамға, инженерлік-техникалық қызметкерлерге және ерікті жалданушы құрамға ресімделеді. Рұқсат қағаз иесінің фотосуреті, ТМ және АИ мөрі және сол рұқсат қағазды беруге рұқсат еткен лауазымды адамның қойылған қолы болған кезде жарамды. Рұқсат қағаздың түсі - көк. Тұрақты рұқсат қағазы кемінде жылына бір рет қайта тіркелуге жатады;
      2) уақытша рұқсат қағаз - уақытша жұмыс істейтін азаматтарға, сондай-ақ ТМ-не қызметке жіберілгендерге бір жыл мерзімге дейін кейіннен ұзартыла отырып ресімделеді. Рұқсат қағаз иесінің фотосуреті, ТМ мөрі және сол рұқсат қағазды беруге рұқсат еткен лауазымды адамның қойылған қолы болған кезде жарамды. Рұқсат қағаздың түсі - жасыл.
      3) атауы жоқ рұқсат қағаздары (көрсетушіге) қылмыстық-атқару жүйесі орталық аппаратының қызметкерлеріне және ҚАЖ Комитетінің облыстар бойынша басқармаларының қызметкерлеріне беріледі. Атауы жоқ рұқсат қағазы оның иесіне  бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын мекемелер мен органдарына арнайы рұқсатсыз келу құқығын қамтамасыз етеді. Рұқсат қағаз қызметтік куәлік, рұқсат қағазды беруге рұқсат берген орган мен лауазымды адамның қолы болғанда жарамды. Түсі - қызыл. Атауы жоқ рұқсат қағазы  кемінде жылына бір рет қайта тіркелуге жатады;
      4) бір жолғы рұқсат қағаз - ТМ-не және АИ-НА кіруге рұқсат етілген азаматтарға беріледі.
      Берілетін, тапсырылған және алынған рұқсат қағаздарын есепке алу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетінің режим, қадағалау, және арнайы есепке алу басқармасына, тиісінше ҚАЖ Комитетінің облыстар бойынша режим және қадағалау бөлімдеріне  жүктеледі.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

      6. Тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарында өткізу режимін, БӨБ-де қарап-тексеруді реттеуге арналған шифрі бар кестелері болады, мынадай түрде толтырылады:
      1) 1-2-колонкалар - күзетілетін объектіге кіру уақыты;
      2) 3-4-колонкалар күзетілетін объектіден шығу уақыты;
      3) 5-колонка - "К" әріпі оның иесі 1-2, 3-4 колонкаларда көрсетілген жұмыс уақытының барлық кезеңінде объектіге еркін кіруге және шығуға құқығы бар екендігін көрсетеді;
      4) "К" - диагональ бойынша (кіру-шығу) бір сызықпен сызылған, рұқсат қағазының иесіне ТМ және АИ күн тәртібіне сәйкес түскі асқа (түскі астан кейін) ғана кіруге рұқсат етіледі;
      5) "К" - диагональ бойынша (кіру-шығу) екі сызықпен сызылған - 1-2, 3-4 колонкаларда көрсетілген жұмыс уақытының барлық кезеңінде объектінің аумағынан шығуға тыйым салынады;
      6) "Қ" әріпі (қарап-тексеру) - ТМ және АИ аумағына папкаларды, портфелдерді, дипломаттарды, сөмкелерді қарап-тексерусіз енгізуге рұқсат етіледі;
      7) "Қ" - диагональ бойынша бір сызықпен сызылған ТМ аймағына папкаларды, портфелдерді, дипломаттарды, сөмкелерді міндетті түрде қарап-тексеріп енгізуге рұқсат етіледі;
      8) "Қ" - диагональ бойынша екі сызықпен сызылған - папкаларды, портфелдерді, дипломаттарды, сөмкелерді енгізуге тыйым салынады;
      9) 6-7 колонкалар - ұсынылатын рұқсат қағаз жарамды болатын мекеменің шартты атауының екі соңғы цифрлары (мысалы: 159/11-11).
      Айына кемінде бір рет ТМ және АИ режим бөлімі бастығы берілген рұқсат қағаздардың сәйкестігін Рұқсат қағаз беру журналы бойынша тексереді ( 3-қосымша ).
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

      7. Рұқсат қағаздарының сақталуын және оларды бөгде адамдарға алуын болдырмауды нақ ұйымдастыру үшін БӨБ күзетшісінде ұдайы болатын код барлық рұқсат қағаздарына беріледі.

      8. БӨБ-не кіргенде қызметкер өз рұқсат қағазының кодын атайды, БӨБ күзетшісі "ТМ аумағының сыртында" деген рұқсат қағаздарына арналған кассетадан рұқсат қағазын табады, рұқсат қағазы сол адамға тиесілі екендігіне көз жеткізеді және "ТМ аумағында" ( 4-қосымша ) деген рұқсат қағаздарына арналған кассетаға қайта енгізеді, жаңа кодын хабарлайды.

      9. Рұқсат қағазы рұқсатнама бюросына бір адамға және біржолғы келуге ресімделеді. Рұқсат қағазы төлқұжат немесе жеке куәлігін көрсетуімен жарамды. Біржолғы рұқсат қағазы арнайы қағазда жасалады және үзу талонымен болуы тиіс. Біржолғы рұқсат қағазы күзетілетін объектінің бақылау-өткізу пунктіндегі "Келушілерді тіркеу журналында" тіркеледі және қатаң есепке алу бланкісі болып табылады. Күн сайын, қолданылғаннан кейін бланкі түбіртектері колония бастығының кезекші көмекшісіне тапсырылады, ол оларды кезекшілікті тапсырғаннан кейін күзет (режим) бөліміне тапсырады.

      10. ТМ-не мәдени-бұқаралық іс-шаралар (концерттер, спектакльдер және т.б.) өткізу үшін келген адамдарға ҚАЖ режимдік объектісіне кіруге ТМ бастығы не оның міндетін атқарушы рұқсат береді не қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органдарының рұқсатымен бір жолғы рұқсат қағазы бойынша рұқсат беріледі.

      11. Адвокаттарға, сондай-ақ сотталғандарға заң көмегін көрсетуге уәкілеттік берілген өзге де адамдарға күзетілетін объектіге кіруге ТМ бастығы немесе оның міндетін атқарушы адам жұмыс уақытында рұқсат береді.

      12. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген діни бірлестіктердің қызметшілеріне ТМ-не және АИ-на кіру мен келуге жұмыс уақытында ТМ және АИ бастығы немесе оның міндетін атқарушы адам рұқсат береді.
      Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) қоғамдық комиссия мүшелерінің ҚАЖ режимдік объекті аумағына және ТМ және АИ кедергісіз кіру мен кетуге ТМ, АИ бастықтарына немесе оның міндетін атқаратын адамға, немесе ҚАЖ жоғары тұрған органның бір жолғы рұқсат қағазы бойынша рұқсат етіледі.
       Ескерту: 12-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

      13. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сол мекемелерінің
әкімшілігінің, немесе қылмыстық-атқару жүйесінің  жоғарыда тұрған органдарының арнайы рұқсаты бойынша жазаны орындайтын мекемелерге және тергеу изоляторларына келуге құқылы. Рұқсат қағазы осы мекемеге келу  мақсатымен, танысқылары келетін ақпараттың тізбесі мен сипатымен танысқаннан кейін беріледі.
       Ескерту: 13-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

      14. Шет ел делегациялары, шет елдерінің азаматтары ҚАЖ режимдік объектілеріне келуі мынадай жүзеге асырылады:
      1) шет ел азаматтары шет елдерінің дипломаттық өкілдері ТМ және АИ келу мәселелері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы шешіледі;
      2) ҚАЖ Комитетінің басқармалары, ТМ және АИ шет ел адамдарының келу туралы өтініштерін ҚАЖ Комитетімен келісуінсіз қарамауға тиісті.
       Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

      15. Шет елдік делегациялар мен шет елдік азаматтарды қабылдау жөніндегі міндеттерді орындау үшін арнайы бөлінген (тағайындалған) ҚАЖ бөлімшелерінің қызметкерлері ТМ және АИ ( 5-қосымша ) келуді есепке алу журналы мен ТМ және АИ объектілеріне шетелдіктердің келуін есепке алу журналы бойынша кездесулердің есепке алуын жүргізеді. Аталған қызметкерлер:
      1) шетелдіктермен жұмыс істеуде қатысатын мекеме қызметкерлерінің режимдік талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
      2) түзеу мекемелеріндегі және тергеу изоляторларындағы мемлекеттік құпиялары сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі режимдік іс-шаралардың жоспарларын  әзірлеу және орындау барысын бақылауға, шетелдіктерді қабылдауға байланысты қосымша шараларды қабылдауға;
      3) мекеменің жұмысымен шетелдіктерді таныстырудың белгіленген тәртібі сақталуына бақылауды, олардың келу бағдарламасында көзделмеген және Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша шараларды шетелдіктердің өтініштері бойынша өткізуді жүзеге асыруға;
      4) шетелдіктермен жұмыс істеу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға. ТМ және АИ шетелдіктерді қабылдаудың орынсыздығы туралы, сондай-ақ режимдік талаптарды бұзғаны немесе басқа себептер бойынша  мекеменің қызметкерлерін шетелдіктермен жұмыс істеуден оқшаулау туралы басшылыққа себептелген ұсынымдарды енгізуге міндетті.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен , 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

      16. Жақын туыстарымен кездесуге келген шет ел азаматтарына кездесу Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген тәртібінде беріледі.
      17. Түзеу мекемелеріне және тергеу изоляторларына азаматтар мен өзге адамдардың келуі жұмыс уақытында түскі асқа үзіліс уақытынан басқа 9.00 сағаттан 17.00 сағатқа дейін, рұқсат етіледі.
       Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

      17-1. Көрсетілген азаматтардың келіп-кету және болу барлық жағдайларында ТМ және АИ әкімшілігімен олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
       Ескерту: 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

  4. Күзетілетін түзеу мекемесінің   және тергеу
изоляторының бақылау-өткізу пункті арқылы өту
және қарап-тексеру өткізу тәртібі

       Ескерту: 4-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

      18. Түзеу мекемесіне және тергеу изоляторына келетін барлық адамдар, соның ішінде осы мекеменің қызметкерлері мен қызметшілері (жедел құрамнан басқа), тыйым салған заттарды өткізгені үшін жауаптылығы жөнінде ескертіледі. Стационарлық металодетектор арқылы өтеді, немесе БӨП-гі тасымалды металодетектормен тексеріледі. Тексеріс заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
       Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

      19. Табелдік қарулары бар лауазымды адамдардың ТМ және АИ келуі объектіні күзету жөніндегі қарауыл бастығына сақталуға табелдік қаруды тапсырғаннан кейін жүзеге асырылады, бұл туралы қарауылдық үй-жайдағы  "Сақталуға тапсырылған қаруды есепке алу журналында" ( 6-қосымша ) жазба жасалады. Қарауыл бастығы қарудың сақталуына және оны санкциясыз пайдалануы болдырмауына шаралар қолданады.
       Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

      20. Рұқсат қағазының иесі немесе жеке басын куәландыратын құжатта күмәнданғанда БӨП күзетшісі қарауыл бастығына баяндайды және оны нұсқауы бойынша жұмыс жасайды.      

      21. Белгіленген үлгідегі рұқсат қағазы жоқ болғанда күзетілетін объектінің (ТМ және АИ) аймағына кіруге тыйым салынады.
       Ескерту: 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

  5. Осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзғаны
үшін жауаптылық

      22. Қызметкерлердің және өзге адамдардың осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзған фактілері айқындалғанда бұзушылыққа жол берген адам объектіге өткізілмейді. Бұзушылыққа жол берген қызметкерлерді және өзге адамдарды жазалау туралы мәселе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

                                     ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитеті Төрағасының
                                        2003 жылғы 7 қаңтардағы
                                       N 6 бұйрығымен бекітілген
                                        Арнайы рұқсат қағаздары
                                       бойынша жазаны орындайтын
                                         мекемелерге адамдардың
                                             келу ережелеріне
                                                1-қосымша

              Келушілерді есепке алу журналы

___________________________________________________________________
рет.|Дата.|Келу.|ҚР азаматы |Режим.|Келу  |  Еріп  |  Еріп |Режим.
тік |сы   |шінің|жеке куәлі.| дік  |мақса.|жүретін |жүретін| дік
N  |     |тегі,|гінің және |объек.| ты   |адамның |адамның|объек.
    |     |аты- |ҚР азаматы |тінің |      |  тегі, | қолы  |тінің
    |     |жөні |паспортының|айма. |      |аты-жөні,       |аймағы.
    |     |     |    N      |ғына  |      |атағы,  |       |на шығу
    |     |     |           |кіру  |      |лауазымы|       |уақыты
    |     |     |           |уақыты|      |        |       |
___________________________________________________________________
1     2     3        4        5      6       7        8      9
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

                                   ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитеті Төрағасының
                                       2003 жылғы 7 қаңтардағы
                                      N 6 бұйрығымен бекітілген
                                       Арнайы рұқсат қағаздары
                                      бойынша жазаны орындайтын
                                        мекемелерге адамдардың
                                          келу ережелеріне
                                              2-қосымша           

                  Рұқсат қағаз түрлері
        Тұрақты рұқсат қағазы - Уақытша рұқсат қағазы

Сыртқы беті                                       Ішкі жағы
_________________________________   _______________________________
                          Шифры          N ___ РҰҚСАТ ҚАҒАЗЫ
            1                        Атағы ___________________
            2                        Тегі ____________________
            3                        Аты _____________________
            4                        Әкесінің аты ____________
            5                        Лауазымы ________________
            6
            7                        Мекеме бастығы __________

                                     М.О.  "__" ______ 20__ж.
______                              _______________________________
|     |   К
|     |
|     |   Қ
|     |
|     |
  ______ 20__ "__" ______
           дейін жарамды

М.О. ___________
      өз қолы
_________________________________

                  АТАУЫ ЖОҚ РҰҚСАТ ҚАҒАЗЫ

Сыртқы беті                                        Ішкі жағы
______________________            _________________________________

     N _____                      Қызметтік куәлігін көрсету
                                  кезінде жарамды 
    АТАУЫ ЖОҚ
  РҰҚСАТ ҚАҒАЗЫ
                                  ҚАЖ Комитетінің Төрағасы
                                  (Облыс ҚАЖБ бастығы)
                                   __________________________
                                   "___"_____20___ж.
                                   м.о.
______________________            _________________________________

                    Бір жолғы рұқсат қағазы

Сыртқы беті                                        Ішкі жағы
________________________________     ______________________________
N ____ бір жолғы рұқсат қағазы       N ___ бір жолғы рұқсат                                             қағазына үзу талоны
Қызметтік куәлігін көрсету кезінде   Қызметтік куәлігін көрсету
жарамды                              кезінде жарамды

Т.А.Ә. _______________________       Т.А.Ә. _______________________
______________________________       ______________________________

Мекеме бастығы _______________       Мекеме бастығы _______________
                          М.О.                                 М.О.
________________________________     ______________________________

                                    ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитеті Төрағасының 
                                        2003 жылғы 7 қаңтардағы
                                       N 6 бұйрығымен бекітілген
                                        арнайы рұқсат қағаздары
                                       бойынша жазаны орындайтын
                                         мекемелерге адамдардың
                                            келу ережелеріне
                                                 3-қосымша

              Рұқсат қағаздарын беру журналы

__________________________________________________________________
Рет.| Беру  |Рұқсат қағазын | Рұқсат   |Рұқсат  | Рұқсат қағазын
тік |датасы | беруге рұқсат | қағазы   |қағазды | берген адамның
N  | мен   | еткен адамның |берілетін | алуда  | аты-жөні, атағы
    |уақыты |   аты-жөні,   | адамның  |адамның |  лауазымы, қолы
    |       |    атағы      | аты-жөні | қолы   |
    |       |   лауазымы    |          |        |
___________________________________________________________________
  1    2            3             4        5             6
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

                                    ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитеті Төрағасының
                                        2003 жылғы 7 қаңтардағы
                                       N 6 бұйрығымен бекітілген
                                        арнайы рұқсат қағаздары
                                       бойынша жазаны орындайтын
                                         мекемелерге адамдардың
                                            келу ережелеріне
                                               4-қосымша

       Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

        Рұқсат қағаздарын сақтауға арналған кассеталары

_______________________________     _______________________________
       ТМ және АИ аумағында           ТМ және АИ аумағынан тыс
N     А    Б    В   8.00-ден         N   А    Б    В     18.00 дейін
1.                                   1.
2.                                   2.
3.                                   3.
4.                                   4.
5.                                   5.
6.                                   6.                   20.00 дейін
7.                                   7.                       -
8.                                   8.
9.                                   9
10.                  18.00-ден       10.
11.                     -            11.
12.                                  12.
13.                                  13.                  24.00 дейін
14.                                  14.                      -
15.                                  15.
16.                                  16.
17.                                  17.
18.                                  18.
19.                   24.00-ден      19.
20.                      -           20.                  18.00 дейін
21.                                  21.                  18.00 дейін
22.                                  22.
23.                                  23.
24.                                  24.
25.                                  25.
26.                                  26.
_______________________________     _______________________________

                                    ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитеті Төрағасының 
                                        2003 жылғы 7 қаңтардағы
                                       N 6 бұйрығымен бекітілген    
                                        Арнайы рұқсат қағаздары
                                       бойынша жазаны орындайтын
                                        мекемелерге адамдардың
                                           келу ережелеріне
                                               5-қосымша

       Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан   қараңыз ).

          ТМ және АИ объектілеріне шет ел адамдарының
                 келуін есепке алу журналы

___________________________________________________________________
рет.|Дата.|Келу.| Жеке  |Режимдік|Келу|  Еріп   | Еріп  | Режимдік
тік | сы  |шінің|басын  |объекті.|мақ.|жүретін  |жүретін|объектінің
N  |     |тегі,|куәлан.|  нің   |саты|адамның  |адамның| аймағына
    |     |аты- |дыратын| аймағы.|    |  тегі,  | қолы  |   шығу
    |     |жөні | құжат | на кіру|    |аты-жөні,|       |  уақыты
    |     |     |       | уақыты |    | атағы,  |       |
    |     |     |       |        |    |лауазымы |       |
___________________________________________________________________
1    2      3     4        5      6      7         8        9
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

                                   ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитеті Төрағасының  
                                       2003 жылғы 7 қаңтардағы
                                      N 6 бұйрығымен бекітілген
                                       Арнайы рұқсат қағаздары
                                      бойынша жазаны орындайтын
                                       мекемелерге адамдардың
                                           келу ережелеріне
                                              6-қосымша           

     Сақтауға тапсырылған қаруды
         есепке алу журналы

___________________________________________
Рет.|      |Келушінің |Қызметтік  |Қарудың |
тік |Датасы|аты-жөні  |куәлігінің |маркасы |
N  |      |          |    N      |   мен  |
    |      |          |           |зауыттық|
    |      |          |           | нөмірі |
___________________________________________|
  1    2        3           4         5    |
___________________________________________|

таблицаның жалғасы

_________________________________________________________
  Қаруын | Қаруды қабылдаған |   Сақтау    |Қаруын алғаны|
тапсырған|кезекшінің аты-жөні|камерасындағы|    туралы   |
келушінің|   және қолы       |  ұяшық N    |   келушінің |
  қолы   |                   |             |     қолы    |
         |                   |             |             |
_________________________________________________________|
    6              7                8             9      |
_________________________________________________________|