Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару
кодексінің
21-бабын іске асыру және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінің қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтардың жазаны орындау мекемелеріне келіп-кету ережесі бекітілсін.
2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстар бойынша басқармалары, түзеу мекемелерінің бастықтары практикалық қызметте осы Нұсқаулықты мүлтіксіз басшылыққа алсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Төрағасының бірінші орынбасары әділет полковнигі Қ.М.Есқалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Қылмыстық-атқару жүйесі
комитеті Төрағасының
2003 жылғы 7 қаңтардағы
N 6 бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ
Азаматтардың жазаны орындау мекемелеріне келіп-кету
ережесі
1. Өткізу режимі - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің жазаны орындау мекемесінің немесе органының аумағына адамдардың кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), құжаттар мен бұйымдарды кіргізу (шығару) бойынша, сондай-ақ режимдік объектілердің аумағына арнайы рұқсат бойынша қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) қызметкерлерінің, азаматтар мен өзге де тұлғалардың өтуі мен болуының тәртібін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы.
Өткізу режимі:
1) ҚАЖ режимдік объектілеріне, түзеу мекемелерінің (бұдан әрі - ТМ) режимдік үй-жайларына бөгде адамдардың басып кіруін;
2) бақылаудың жеке визуалдық құралдарын бейне, кино, фотоаппаратураларын, радиотехникалық және басқа да аппаратураларды аумаққа заңсыз кіргізуді (әкелуді);
3) сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттарды, бұйымдарды, дүниелерді, құжаттарды және азық-түлік өнімдерін кіргізуді (әкелуді), шығаруды (алып шығаруды);
4) ҚАЖ режимдік объектісінің аумағынан құжаттар мен бұйымдарды тиісті рұқсатсыз шығаруды (алып шығаруды) болдырмауға арналған.
Өткізу режимі:
1) бақылау-өткізу бекеттерін (бұдан әрі - БӨБ) және кіру (шығу) орындарында өткізу функциялары бар бекеттерді ұйымдастыруды;
2) рұқсатнама бюросын құруды;
3) рұқсат қағаз беруге рұқсат беру құқығы бар лауазымды адамдарды белгілеуді;
4) режимдік аумаққа кіргізуге (әкеліп кіргізуге) тыйым салынған заттардың тізбесін белгілеуді;
5) ҚАЖ режимдік объектілерінің аумағын күзетуді;
6) БӨБ-де қызметкерлердің, қызметке жіберілген адамдардың және азаматтардың жеке заттарын сақтау камераларын жабдықтауды;
7) радиотехникалық байланыс құралдарын, кино, фото, бейнеге түсірулерді заңсыз пайдалану мүмкіндігін болдырмауды көздейді.
2. ҚАЖ режимдік объектілеріне түзеу мекемесі және оның аумағы, әкімшілік ғимараттар, құрылыстар, шаруашылық объектілері, сондай-ақ оларға қарайтын аумақ жатады.
3. Режимдік объектілер қаруланған күзеті бар объектілер (түзеу колониялары, тәрбие колониялары, түрмелер) және ТМ әкімшілігінің қадағалауындағы объектілер (қоныс колониясы, әкімшілік ғимараттар, құрылыстар, шаруашылық объектілері, сондай-ақ оларға жататын аумақ) болып бөлінеді.
2. Түзеу мекемесі әкімшілігінің қадағалауындағы ҚАЖ органдарының әкімшілік ғимараттары мен объектілеріне өткізу режимін ұйымдастыру
4. ҚАЖ әкімшілік ғимараттары мен режимдік объектілеріне рұқсат мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ қызметкерлері ҚАЖ органдарының әкімшілік ғимараттары мен объектілеріне қызмет куәлігін көрсету негізінде кіруге құқығы бар;
2) азаматтарға әкімшілік ғимараттарға, сол сияқты режимдік объектінің аумағында болуға міндетті түрде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен, Келушілерді есепке алу журналына тіркегеннен және арнайы рұқсат қағаз алғаннан кейін ғана рұқсат беріледі;
3) азаматтарды рұқсат қағаз алғанынан кейін лауазымды адам қабылдайды. Бұл адамдардың әкімшілік ғимараттың аумағы бойынша жүруі, олардың кіруі және шығуы ҚАЖ қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүзеге асырылады;
4) басқа министрліктер мен ведомстволардың лауазымдық адамдарының, сол сияқты шет елдік делегация өкілдерінің болуы ҚАЖ қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүзеге асырылады.
3. Күзетілетін түзеу мекемелерінде
өткізу режимін ұйымдастыру
5. Қаруланған күзет күзететін түзеу мекемелеріне өткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: ҚАЖ қызметкерлеріне және азаматтарға кіруге арнайы рұқсат қағаздары бойынша рұқсат етіледі (2-қосымша):
1) тұрақты рұқсат қағазы - осы мекемеде тұрақты жұмыс істейтін басшы құрамға, инженерлік-техникалық қызметкерлерге және ерікті жалданушы құрамға ресімделеді. Рұқсат қағаз иесінің фотосуреті, ТМ мөрі және сол рұқсат қағазды беруге рұқсат еткен лауазымды адамның қойылған қолы болған кезде жарамды. Рұқсат қағаздың түсі - көк. Тұрақты рұқсат қағазы кемінде жылына бір рет қайта тіркелуге жатады;
2) уақытша рұқсат қағаз - уақытша жұмыс істейтін азаматтарға, сондай-ақ ТМ-не қызметке жіберілгендерге бір жыл мерзімге дейін кейіннен ұзартыла отырып ресімделеді. Рұқсат қағаз иесінің фотосуреті, ТМ мөрі және сол рұқсат қағазды беруге рұқсат еткен лауазымды адамның қойылған қолы болған кезде жарамды. Рұқсат қағаздың түсі - жасыл.
3) атауы жоқ рұқсат қағаздары (көрсетушіге) қылмыстық-атқару жүйесі орталық аппаратының қызметкерлеріне және ҚАЖ Комитетінің облыстар бойынша басқармаларының қызметкерлеріне беріледі. Атауы жоқ рұқсат қағазы оның иесіне бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын мекемелер мен органдарына арнайы рұқсатсыз келу құқығын қамтамасыз етеді. Рұқсат қағаз қызметтік куәлік, рұқсат қағазды беруге рұқсат берген орган мен лауазымды адамның қолы болғанда жарамды. Түсі - қызыл. Атауы жоқ рұқсат қағазы кемінде жылына бір рет қайта тіркелуге жатады;
4) бір жолғы рұқсат қағаз - ТМ-не кіруге рұқсат етілген азаматтарға беріледі.
Берілетін, тапсырылған және алынған рұқсат қағаздарын есепке алу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетінің режим, қадағалау, және арнайы есепке алу басқармасына, тиісінше ҚАЖ Комитетінің облыстар бойынша режим және қадағалау бөлімдеріне жүктеледі.
6. Тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарында өткізу режимін, БӨБ-де қарап-тексеруді реттеуге арналған шифрі бар кестелері болады, мынадай түрде толтырылады:
1) 1-2-колонкалар - күзетілетін объектіге кіру уақыты;
2) 3-4-колонкалар күзетілетін объектіден шығу уақыты;
3) 5-колонка - "К" әріпі оның иесі 1-2, 3-4 колонкаларда көрсетілген жұмыс уақытының барлық кезеңінде объектіге еркін кіруге және шығуға құқығы бар екендігін көрсетеді;
4) "К" - диагональ бойынша (кіру-шығу) бір сызықпен сызылған, рұқсат қағазының иесіне ТМ күн тәртібіне сәйкес түскі асқа (түскі астан кейін) ғана кіруге рұқсат етіледі;
5) "К" - диагональ бойынша (кіру-шығу) екі сызықпен сызылған - 1-2, 3-4 колонкаларда көрсетілген жұмыс уақытының барлық кезеңінде объектінің аумағынан шығуға тыйым салынады;
6) "Қ" әріпі (қарап-тексеру) - ТМ аумағына папкаларды, портфелдерді, дипломаттарды, сөмкелерді қарап-тексерусіз енгізуге рұқсат етіледі;
7) "Қ" - диагональ бойынша бір сызықпен сызылған ТМ аймағына папкаларды, портфелдерді, дипломаттарды, сөмкелерді міндетті түрде қарап-тексеріп енгізуге рұқсат етіледі;
8) "Қ" - диагональ бойынша екі сызықпен сызылған - папкаларды, портфелдерді, дипломаттарды, сөмкелерді енгізуге тыйым салынады;
9) 6-7 колонкалар - ұсынылатын рұқсат қағаз жарамды болатын мекеменің шартты атауының екі соңғы цифрлары (мысалы: 159/11-11).
Айына кемінде бір рет ТМ режим бөлімі бастығы берілген рұқсат қағаздардың сәйкестігін Рұқсат қағаз беру журналы бойынша тексереді (3-қосымша).
7. Рұқсат қағаздарының сақталуын және оларды бөгде адамдарға алуын болдырмауды нақ ұйымдастыру үшін БӨБ күзетшісінде ұдайы болатын код барлық рұқсат қағаздарына беріледі.
8. БӨБ-не кіргенде қызметкер өз рұқсат қағазының кодын атайды, БӨБ күзетшісі "ТМ аумағының сыртында" деген рұқсат қағаздарына арналған кассетадан рұқсат қағазын табады, рұқсат қағазы сол адамға тиесілі екендігіне көз жеткізеді және "ТМ аумағында" (4-қосымша) деген рұқсат қағаздарына арналған кассетаға қайта енгізеді, жаңа кодын хабарлайды.
9. Рұқсат қағазы рұқсатнама бюросына бір адамға және біржолғы келуге ресімделеді. Рұқсат қағазы төлқұжат немесе жеке куәлігін көрсетуімен жарамды. Біржолғы рұқсат қағазы арнайы қағазда жасалады және үзу талонымен болуы тиіс. Біржолғы рұқсат қағазы күзетілетін объектінің бақылау-өткізу пунктіндегі "Келушілерді тіркеу журналында" тіркеледі және қатаң есепке алу бланкісі болып табылады. Күн сайын, қолданылғаннан кейін бланкі түбіртектері колония бастығының кезекші көмекшісіне тапсырылады, ол оларды кезекшілікті тапсырғаннан кейін күзет (режим) бөліміне тапсырады.
10. ТМ-не мәдени-бұқаралық іс-шаралар (концерттер, спектакльдер және т.б.) өткізу үшін келген адамдарға ҚАЖ режимдік объектісіне кіруге ТМ бастығы не оның міндетін атқарушы рұқсат береді не қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органдарының рұқсатымен бір жолғы рұқсат қағазы бойынша рұқсат беріледі.
11. Адвокаттарға, сондай-ақ сотталғандарға заң көмегін көрсетуге уәкілеттік берілген өзге де адамдарға күзетілетін объектіге кіруге ТМ бастығы немесе оның міндетін атқарушы адам жұмыс уақытында рұқсат береді.
12. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген діни бірлестіктердің қызметшілеріне ТМ-не кіру мен келуге жұмыс уақытында ТМ бастығы немесе оның міндетін атқарушы адам рұқсат береді.
13. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сол мекемелерінің
әкімшілігінің, немесе қылмыстық-атқару жүйесінің жоғарыда тұрған органдарының арнайы рұқсаты бойынша жазаны орындайтын мекемелерге келуге құқылы. Рұқсат қағазы осы мекемеге келу мақсатымен, танысқылары келетін ақпараттың тізбесі мен сипатымен танысқаннан кейін беріледі.
14. Шет ел делегациялары, шет елдерінің азаматтары ҚАЖ режимдік объектілеріне келуі мынадай жүзеге асырылады:
1) шет ел азаматтары шет елдерінің дипломаттық өкілдері ТМ келу мәселелері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы шешіледі;
2) ҚАЖ Комитетінің басқармалары, ТМ шет ел адамдарының келу туралы өтініштерін ҚАЖ Комитетімен келісуінсіз қарамауға тиісті.
15. Шет елдік делегациялар мен шет елдік азаматтарды қабылдау жөніндегі міндеттерді орындау үшін арнайы бөлінген (тағайындалған) ҚАЖ бөлімшелерінің қызметкерлері ТМ (5-қосымша) келуді есепке алу журналы мен ТМ объектілеріне шетелдіктердің келуін есепке алу журналы бойынша кездесулердің есепке алуын жүргізеді. Аталған қызметкерлер:
1) шетелдіктермен жұмыс істеуде қатысатын мекеме қызметкерлерінің режимдік талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
2) түзеу мекемелеріндегі мемлекеттік құпиялары сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі режимдік іс -шаралардың жоспарларын әзірлеу және орындау барысын бақылауға, шетелдіктерді қабылдауға байланысты қосымша шараларды қабылдауға;
3) мекеменің жұмысымен шетелдіктерді таныстырудың белгіленген тәртібі сақталуына бақылауды, олардың келу бағдарламасында көзделмеген және Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша шараларды шетелдіктердің өтініштері бойынша өткізуді жүзеге асыруға;
4) шетелдіктермен жұмыс істеу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға. ТМ шетелдіктерді қабылдаудың орынсыздығы туралы, сондай-ақ режимдік талаптарды бұзғаны немесе басқа себептер бойынша мекеменің қызметкерлерін шетелдіктермен жұмыс істеуден оқшаулау туралы басшылыққа себептелген ұсынымдарды енгізуге міндетті.
16. Жақын туыстарымен кездесуге келген шет ел азаматтарына кездесу Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген тәртібінде беріледі.
17. Түзеу мекемелеріне азаматтар мен өзге адамдардың келуі жұмыс уақытында түскі асқа үзіліс уақытынан басқа 9.00 сағаттан 17.00 сағатқа дейін, рұқсат етіледі.
4. Күзетілетін түзеу мекемесінің бақылау-өткізу пункті арқылы өту және қарап-тексеру өткізу тәртібі
18. Түзеу мекемесіне келетін барлық адамдар, соның ішінде осы мекеменің қызметкерлері мен қызметшілері (жедел құрамнан басқа), тыйым салған заттарды өткізгені үшін жауаптылығы жөнінде ескертіледі. Стационарлық металодетектор арқылы өтеді, немесе БӨП-гі тасымалды металодетектормен тексеріледі. Тексеріс заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
19. Табелдік қарулары бар лауазымды адамдардың ТМ келуі объектіні күзету жөніндегі қарауыл бастығына сақталуға табелдік қаруды тапсырғаннан кейін жүзеге асырылады, бұл туралы қарауылдық үй-жайдағы "Сақталуға тапсырылған қаруды есепке алу журналында" (6-қосымша) жазба жасалады. Қарауыл бастығы қарудың сақталуына және оны санкциясыз пайдалануы болдырмауына шаралар қолданады.
20. Рұқсат қағазының иесі немесе жеке басын куәландыратын құжатта күмәнданғанда БӨП күзетшісі қарауыл бастығына баяндайды және оны нұсқауы бойынша жұмыс жасайды.
21. Белгіленген үлгідегі рұқсат қағазы жоқ болғанда күзетілетін объектінің (ТМ) аймағына кіруге тыйым салынады.
5. Осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзғаны үшін жауаптылық
22. Қызметкерлердің және өзге адамдардың осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзған фактілері айқындалғанда бұзушылыққа жол берген адам объектіге өткізілмейді. Бұзушылыққа жол берген қызметкерлерді және өзге адамдарды жазалау туралы мәселе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитеті Төрағасының
2003 жылғы 7 қаңтардағы
N 6 бұйрығымен бекітілген
Арнайы рұқсат қағаздары
бойынша жазаны орындайтын
мекемелерге адамдардың
келу ережелеріне
1-қосымша
Келушілерді есепке алу журналы
___________________________________________________________________
рет.|Дата.|Келу.|ҚР азаматы |Режим.|Келу | Еріп | Еріп |Режим.
тік |сы |шінің|жеке куәлі.| дік |мақса.|жүретін |жүретін| дік
N | |тегі,|гінің және |объек.| ты |адамның |адамның|объек.
| |аты- |ҚР азаматы |тінің | | тегі, | қолы |тінің
| |жөні |паспортының|айма. | |аты-жөні, |аймағы.
| | | N |ғына | |атағы, | |на шығу
| | | |кіру | |лауазымы| |уақыты
| | | |уақыты| | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитеті Төрағасының
2003 жылғы 7 қаңтардағы
N 6 бұйрығымен бекітілген
Арнайы рұқсат қағаздары
бойынша жазаны орындайтын
мекемелерге адамдардың
келу ережелеріне
2-қосымша
Рұқсат қағаз түрлері
Тұрақты рұқсат қағазы-Уақытша рұқсат қағазы
Сыртқы беті Ішкі жағы
_________________________________ _______________________________
Шифры N ___ РҰҚСАТ ҚАҒАЗЫ
1 Атағы ___________________
2 Тегі ____________________
3 Аты _____________________
4 Әкесінің аты ____________
5 Лауазымы ________________
6
7 Мекеме бастығы __________
М.О. "__" ______ 20__ж.
______ _______________________________
| | К
| |
| | Қ
| |
| |
______ 20__ "__" ______
дейін жарамды
М.О. ___________
өз қолы
_________________________________
АТАУЫ ЖОҚ РҰҚСАТ ҚАҒАЗЫ
Сыртқы беті Ішкі жағы
______________________ _________________________________
N _____ Қызметтік куәлігін көрсету
кезінде жарамды
АТАУЫ ЖОҚ
РҰҚСАТ ҚАҒАЗЫ
ҚАЖ Комитетінің Төрағасы
(Облыс ҚАЖБ бастығы)
__________________________
"___"_____20___ж.
м.о.
______________________ _________________________________
Бір жолғы рұқсат қағазы
Сыртқы беті Ішкі жағы
________________________________ ______________________________
N ____ бір жолғы рұқсат қағазы N ___ бір жолғы рұқсат қағазына үзу талоны
Қызметтік куәлігін көрсету кезінде Қызметтік куәлігін көрсету
жарамды кезінде жарамды
Т.А.Ә. _______________________ Т.А.Ә. _______________________
______________________________ ______________________________
Мекеме бастығы _______________ Мекеме бастығы _______________
М.О. М.О.
________________________________ ______________________________
ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитеті Төрағасының
2003 жылғы 7 қаңтардағы
N 6 бұйрығымен бекітілген
арнайы рұқсат қағаздары
бойынша жазаны орындайтын
мекемелерге адамдардың
келу ережелеріне
3-қосымша
Рұқсат қағаздарын беру журналы
__________________________________________________________________
Рет.| Беру |Рұқсат қағазын | Рұқсат |Рұқсат | Рұқсат қағазын
тік |датасы | беруге рұқсат | қағазы |қағазды | берген адамның
N | мен | еткен адамның |берілетін | алуда | аты-жөні, атағы
|уақыты | аты-жөні, | адамның |адамның | лауазымы, қолы
| | атағы | аты-жөні | қолы |
| | лауазымы | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитеті Төрағасының
2003 жылғы 7 қаңтардағы
N 6 бұйрығымен бекітілген
арнайы рұқсат қағаздары
бойынша жазаны орындайтын
мекемелерге адамдардың
келу ережелеріне
4-қосымша
Рұқсат қағаздарын сақтауға арналған кассеталары
_______________________________ _______________________________
ТМ аумағында ТМ аумағынан тыс
N А Б В 8.00-ден N А Б В 18.00 дейін
1. 1.
2. 2.
3. 3.
4. 4.
5. 5.
6. 6. 20.00 дейін
7. 7. -
8. 8.
9. 9
10. 18.00-ден 10.
11. - 11.
12. 12.
13. 13. 24.00 дейін
14. 14. -
15. 15.
16. 16.
17. 17.
18. 18.
19. 24.00-ден 19.
20. - 20. 18.00 дейін
21. 21. 18.00 дейін
22. 22.
23. 23.
24. 24.
25. 25.
26. 26.
_______________________________ _______________________________
ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитеті Төрағасының
2003 жылғы 7 қаңтардағы
N 6 бұйрығымен бекітілген
Арнайы рұқсат қағаздары
бойынша жазаны орындайтын
мекемелерге адамдардың
келу ережелеріне
5-қосымша
ТМ объектілеріне шет ел адамдарының келуін есепке алу
журналы
___________________________________________________________________
рет.|Дата.|Келу.| Жеке |Режимдік|Келу| Еріп | Еріп | Режимдік
тік | сы |шінің|басын |объекті.|мақ.|жүретін |жүретін|объектінің
N | |тегі,|куәлан.| нің |саты|адамның |адамның| аймағына
| |аты- |дыратын| аймағы.| | тегі, | қолы | шығу
| |жөні | құжат | на кіру| |аты-жөні,| | уақыты
| | | | уақыты | | атағы, | |
| | | | | |лауазымы | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитеті Төрағасының
2003 жылғы 7 қаңтардағы
N 6 бұйрығымен бекітілген
Арнайы рұқсат қағаздары
бойынша жазаны орындайтын
мекемелерге адамдардың
келу ережелеріне
6-қосымша
Сақтауға тапсырылған қаруды есепке алу журналы
___________________________________________
Рет.| |Келушінің |Қызметтік |Қарудың |
тік |Датасы|аты-жөні |куәлігінің |маркасы |
N | | | N | мен |
| | | |зауыттық|
| | | | нөмірі |
___________________________________________|
1 2 3 4 5 |
___________________________________________|
таблицаның жалғасы
_________________________________________________________
Қаруын | Қаруды қабылдаған | Сақтау |Қаруын алғаны|
тапсырған|кезекшінің аты-жөні|камерасындағы| туралы |
келушінің| және қолы | ұяшық N | келушінің |
қолы | | | қолы |
| | | |
_________________________________________________________|
6 7 8 9 |
_________________________________________________________|