1. Халыққа мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсететін учаскелік
комиссиялар туралы Ереже N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. N 2 қосымшаға сәйкес халыққа мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсететін учаскелік комиссиялар құрылып, құрамы бекітілсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсін. Алматы қаласының Әкімі В. Храпунов Әкімшілік хатшысы К. Тәжиева "Келiсiлдi" Алматы қаласының Әкiмшiлiгiнiң Мәслихат хатшысы 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 Қаулысына қосымша Мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ереже
1.) Мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi Комиссия (мәтiн бойынша әрi қарай - Комиссия) көмек сұраған тұлғаға (отбасына) нақты әлеуметтiк көмек беру туралы қорытындыны даярлау және қажет болған жерде олардың материалдық жағдайын тексеру үшiн Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң қаулысымен құрылады.
2.) Комиссия құрамы жыл сайын құрылады және 7 адамнан кем болмауы керек. Комиссияға Алматы қаласының аудан Әкiмiнiң орынбасары басшылық етедi.
Комиссия құрамына жергiлiктi өкiлеттi органдар, өзiн-өзi басқару, қоғамдық бiрлестiктер, үй (пәтер) иелерi кооперативi, халық, бiлiм беру өкiлеттi органдар мен ұйымдар, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау, қаржы және салық органдарының, ардагерлер Кеңесiнiң өкiлдерi, құқық қорғау қызметкерлерi және т.б. кiредi.
3.) Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының 17.07.2001 ж. N№246-II "Мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек туралы" Z010246_ Заңын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 24.12.2001 жылғы N 1685 "ҚР мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек туралы" Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" P011685_ қаулысын, басқа ереже белгiлейтiн актiлерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Негiзгi қызметтер
1.) Комиссия халықты әлеуметтiк қорғау органдарына аса мұқтажды тұлғаларға отбасыларына қаражат жiберу мақсатындағы халыққа әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi қызметiнде қолғабыс тигiзедi.
2.) Комиссия өкiлеттi органның - Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментiнiң аудандық еңбек, және халықты әлеуметтiк қорғау орталығы (мәтiн бойынша әрi қарай - өкiлеттi орган) - жазбаша тапсырма негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету туралы қорытындыны даярлап және қажеттiлiгi бойынша өкiлеттi органның тапсырма берген күннен бастап 5 күндiк мерзiм iшiнде тұрғылықты жерiне барып тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексередi.
3.)Тұлғаның (отбасының) материалдық тексеру барысында Комиссия көмек сұраған адамның өтiнiш себептерiн анықтайды. Тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру актiсiнде мына мәлiметтер көрсетiледi:
отбасының құрамы туралы;
отбасының жұмыс iстейтiн мүшелерi туралы;
еңбекке қабiлеттi жастағы отбасының жұмыс iстемейтiн мүшелердiң - жұмыс iстемеген себептерi;
балаларға, мүгедектерге, қарттарға, ауруларға қарайтын, еңбекке қабiлеттi жастағы отбасы мүшелерiнiң бар болуы туралы;
тұлғаның (отбасының) жалпы табысы, соның iшiнде аула шаруашылығынан, бау-бақшадан, саяжайдан және т.б. түскен табысы туралы.
4.) Қажет болған жағдайда Комиссия, нақты әлеуметтiк көмек алу үшiн ұсынылған отбасының мүлiгi мен табысына қатысты мәлiметтердi алу үшiн тиiстi органдарға сұрау жасауға құқықты.
5.) Комиссияның тапсырмасы бойынша ұсынылған құжаттар iрiктелiп қайта тексерiлуi мүмкiн.
6.) Комиссия мәжiлiсi кем дегенде 10 күнде бiр рет өткiзiледi. Учаскелiк комиссияның бiрiншi мәжiлiсi Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi өкiлiнiң қатысуымен өтедi.
7.) Комиссия мәжiлiсiнiң уақытында өткiзiлу жауапкершiлiгi учаскелiк комиссия төрағасына жүктеледi.
3. Комиссия қорытындысы
1.)өӨкiлеттi органнан келiп түскен тұлғаның (отбасының) құжаттарын
қарап, Комиссия мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды жасайды. 2.) Комиссия шешiмiн мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмекке үмiткер тұлғаның (отбасының) қатысуысыз ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. 3.) Мәжiлiсте Комиссия құрамның 3/4 бөлiгi қатысса, оның шешiмi құқылы болып саналады. 4.) Егер қатысып отырған Комиссия құрамының басым көпшiлiгi тұлғаға№ (отбасына) дауыс берген жағдайда, оның қорытындысы оңды болып табылады. Қорытындыға комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қойып, оны өкiлеттi органға ұсынады. Әкiмшiлiк хатшысы К.Тәжиева "Келiсiлдi" Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң Мәслихат хатшысы 2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80 қаулысына қосымша Медеу аудандық учаскелiк комиссиясының құрамы 1. Керимкулов Т.И. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары. 2. Джаманкулова Б.К. - комиссия төрағасының орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы. 3. Таубалдиева А. - комиссия хатшысы, аудандық орталықтың тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi. Комиссия мүшелерi 4. Абланова К.Ж. - көп балалы отбасылар одағының төрағасы. 5. Бименов А.Б. - ардагерлер және зейнеткерлер кеңесiнiң төрағасы. 6. Ағыбаев Н.К.- аудандық iшкi iстер басқармасының бастығы. 7. Нугманова Ж.А. - мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығының аудандық филиалының меңгерушiсi. 8. Бабич Е.Ф.- аудандық салық комитетi төрағасының орынбасары. 9. Климко Л.К. - мүгедектер қоғамының төрағасы. 10. Яковлева Н.Н. - Iшкi саясат және әлеуметтiк орта бөлiмiнiң меңгерушiсi. 11. Хоменко О.И. - аудандық бiлiм беру бөлiмiнiң бастығы. 12. Омаров К.Т. - N 5 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрiгерi, Мәслихат депутаты. Әкiмшiлiк хатшысы К. Тәжиева "Келiсiлдi" Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң Мәслихат хатшысы 2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80 қаулысына қосымша Түрксiб аудандық учаскелiк комиссиясының құрамы 1. Товчиха В.Ф. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары. 2. Джетписбаева С.К. - комиссия төрағасының орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы. 3. Белякова Г.А. - комиссия хатшысы, аудандық орталықтың тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi. Комиссия мүшелерi 4. Джамбабаева К.А. - Iшкi саясат және әлеуметтiк орта бөлiмiнiң бас маманы. 5. Белоносова Г.Я. - аумақтық-қоғамдық өзiн-өзi басқару комитетiнiң төрағасы. 6. Ромахова Л.В. - ПИК және ҮИК ассоциациясының төрағасы. 7. Баратов Т.Т. - Мәслихат депутаты, N 30 сайлау учаскесi. Әкiмшiлiк хатшысы К. Тәжиева "Келiсiлдi" Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң Мәслихат хатшысы 2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80 қаулысына қосымша Жетiсу аудандық учаскелiк комиссиясының құрамы 1. Ильясов А.К. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары. 2. Савченко А.В. - комиссия төрағасының орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы. 3. Оспанова Г.А. - комиссия хатшысы, аудандық орталықтың тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi. Комиссия мүшелерi 4. Мырзағалиева Г.Н. - Iшкi саясат және әлеуметтiк орта бөлiмiнiң бас маманы. 5. Алмабеков С.А. - жұмыспен қамту орталығының меңгерушiсi. 6. Шалақызова А.К. - бiлiм беру бөлiмiнiң меңгерушiсi. 7. Габдуллин А.Н. - аудандық iшкi iстер басқармасының бастығы. 8. Раисов Е.Н. - Әкiм аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлiмiнiң бастығы. 9. Стариков Ю.Н. - "Алматы монолит құрылыс" бас директоры, Мәслихат депутаты. Әкiмшiлiк хатшысы К. Тәжиева "Келiсiлдi" Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң Мәслихат хатшысы 2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80 қаулысына қосымша Бостандық аудандық учаскелiк комиссиясының құрамы 1. Сакенов Ж.Т. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары. 2. Кастаева У.М. - комиссия төрағасының орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы. 3. Козлова Г.А. - комиссия хатшысы, аудандық орталықтың тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi. Комиссия мүшелерi 4. Маткенов Т.С. - аудандық iшкi iстер басқармасының бастығы. 5. Аметова О.А. - бiлiм беру бөлiмiнiң меңгерушiсi. 6. Майкенова Р.А. - аудандық коммуналдық шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсi. 7. Тажиев Е.Б. - Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрiгерi, Мәслихат депутаты. 8. Биржанов Х.Б. - ардагерлер кеңесiнiң төрағасы. 9. Айбекова К.А. - жұмыспен қамту орталығының меңгерушiсi. Әкiмшiлiк хатшысы К. Тәжиева "Келiсiлдi" Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң Мәслихат хатшысы 2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80 қаулысына қосымша Алмалы аудандық учаскелiк комиссиясының құрамы 1. Деева.И.В. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары. 2. Тiлеубаева Л.Н. - комиссия төрағасының орынбасары еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы. 3. Рахматуллина А.М. - комиссия хатшысы, аудандық орталықтың тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi. Комиссия мүшелерi 4. Бозжiгiтова Ж.Б. - бiлiм беру бөлiмiнiң меңгерушiсi. 5. Коржинская Г.С. - зейнеткерлердi әлеуметтiк қызмет көрсету аумақтық орталығының бастығы. 6. Ергожаева А.Д. - көп балалы отбасылар одағының төрағасы. 7. Коболдинов Н.Т.- аудандық коммуналдық шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсi. 8. Камышева В.И. - мүгедектер қоғамының төрағасы. 9. Адильбеков З.У. - ардагерлер кеңесiнiң төрағасы. 10. Бегасильев С.Б. - аудандық iшкi iстер басқармасының бастығы. 11. Бертанов А.Б. - жедел дәрiгерлiк жәрдем көрсету ауруханасының бас дәрiгерi, Мәслихат депутаты. Әкiмшiлiк хатшысы К.Тәжиева "Келiсiлдi" Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң Мәслихат хатшысы 2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80 қаулысына қосымша Әуез аудандық учаскелiк комиссиясының құрамы 1. Ченсизбаев Б.А. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары. 2. Каппасова О.Т. - комиссия төрағасының орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы. 3. Соколова Г.Б. - комиссия хатшысы, аудандық орталықтың тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi. Комиссия мүшелерi 4. Баймуханбетова Ж.Т. - көшiп-қону полициясының бөлiм меңгерушiсi. 5. Бұзаубеков М.К. - бiлiм беру бөлiмiнiң меңгерушiсi. 6. Балтабаева Е.К. - N 6 қалалық аурухананың бас дәрiгерi. 7. Жакина Ш.А.. - аумақтық қайырымдылық және зейнеткерлердi жұмыспен қамту орталығының директоры. 8. Иманалиев К.И. - мүгедектер қоғамының төрағасы. 9. Бейсембина Н.Н. - көп балалы отбасылар одағының төрағасы, Мәслихат депутаты. 10. Шаймаков Н.Ж. - ардагерлер және зейнеткерлер кеңесiнiң төрағасы. 11. Қалықов И.М. - құрылыс және коммуналдық шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсi. 12. Новоселов М.Ю. - кәсiпкерлiк даму және қолдау бөлiмiнiң меңгерушiсi. 13. Шайхина Б. - "Шаңырақ" ықшам аудан әкiмiнiң өкiлi. Әкiмшiлiк хатшысы К. Тәжиева