Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246-ІІ "Мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсету туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685 "Мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсету туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, Алматы қаласының Әкімшілігі қаулы етеді:
1. Халыққа мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсететін учаскелік комиссиялар туралы Ереже N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. N 2 қосымшаға сәйкес халыққа мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсететін учаскелік комиссиялар құрылып, құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі
Әкімшілік хатшысы
Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша
"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы
Мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек
көрсету жөнiндегi учаскелiк
комиссиялар туралы
ЕРЕЖЕ
1. Мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi Комиссия (мәтiн бойынша әрi қарай - Комиссия) көмек сұраған тұлғаға (отбасына) нақты әлеуметтiк көмек беру туралы қорытындыны даярлау және қажет болған жерде олардың материалдық жағдайын тексеру үшiн Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң қаулысымен құрылады.
2. Комиссия құрамы жыл сайын құрылады және 7 адамнан кем болмауы керек. Комиссияға Алматы қаласының аудан Әкiмiнiң орынбасары басшылық етедi.
Комиссия құрамына жергiлiктi өкiлеттi органдар, өзiн-өзi басқару, қоғамдық бiрлестiктер, үй (пәтер) иелерi кооперативi, халық, бiлiм беру өкiлеттi органдар мен ұйымдар, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау, қаржы және салық органдарының, ардагерлер Кеңесiнiң өкiлдерi, құқық қорғау қызметкерлерi және т.б. кiредi.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының 17.07.2001 ж. N№246-II "Мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек туралы"
Заңын
, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 24.12.2001 жылғы N 1685 "ҚР мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек туралы" Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы"
қаулысын
, басқа ереже белгiлейтiн актiлерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
1. Комиссия халықты әлеуметтiк қорғау органдарына аса мұқтажды тұлғаларға отбасыларына қаражат жiберу мақсатындағы халыққа әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi қызметiнде қолғабыс тигiзедi.
2. Комиссия өкiлеттi органның - Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментiнiң аудандық еңбек, және халықты әлеуметтiк қорғау орталығы (мәтiн бойынша әрi қарай - өкiлеттi орган) - жазбаша тапсырма негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету туралы қорытындыны даярлап және қажеттiлiгi бойынша өкiлеттi органның тапсырма берген күннен бастап 5 күндiк мерзiм iшiнде тұрғылықты жерiне барып тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексередi.
3. Тұлғаның (отбасының) материалдық тексеру барысында Комиссия көмек сұраған адамның өтiнiш себептерiн анықтайды. Тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру актiсiнде мына мәлiметтер көрсетiледi:
отбасының құрамы туралы;
отбасының жұмыс iстейтiн мүшелерi туралы;
еңбекке қабiлеттi жастағы отбасының жұмыс iстемейтiн мүшелердiң - жұмыс iстемеген себептерi;
балаларға, мүгедектерге, қарттарға, ауруларға қарайтын, еңбекке қабiлеттi жастағы отбасы мүшелерiнiң бар болуы туралы;
тұлғаның (отбасының) жалпы табысы, соның iшiнде аула шаруашылығынан, бау-бақшадан, саяжайдан және т.б. түскен табысы туралы.
4. Қажет болған жағдайда Комиссия, нақты әлеуметтiк көмек алу үшiн ұсынылған отбасының мүлiгi мен табысына қатысты мәлiметтердi алу үшiн тиiстi органдарға сұрау жасауға құқықты.
5. Комиссияның тапсырмасы бойынша ұсынылған құжаттар iрiктелiп қайта тексерiлуi мүмкiн.
6. Комиссия мәжiлiсi кем дегенде 10 күнде бiр рет өткiзiледi. Учаскелiк комиссияның бiрiншi мәжiлiсi Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi өкiлiнiң қатысуымен өтедi.
7. Комиссия мәжiлiсiнiң уақытында өткiзiлу жауапкершiлiгi учаскелiк комиссия төрағасына жүктеледi.
1. Өкiлеттi органнан келiп түскен тұлғаның (отбасының) құжаттарын қарап, Комиссия мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды жасайды.
2. Комиссия шешiмiн мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмекке үмiткер тұлғаның (отбасының) қатысуынсыз ашық дауыс беру арқылы қабылдайды.
3. Мәжiлiсте Комиссия құрамның 3/4 бөлiгi қатысса, оның шешiмi құқылы болып саналады.
4. Егер қатысып отырған Комиссия құрамының басым көпшiлiгi тұлғаға№(отбасына) дауыс берген жағдайда, оның қорытындысы оңды болып табылады.
Қорытындыға комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қойып, оны өкiлеттi органға ұсынады.
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша
"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы
Әуезов аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы
<*>
Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 19 шілдедегі N 3/470 қаулысымен .
1. Ченсизбаев Б.А. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары.
2. Каппасова О.Т. - комиссия төрағасының орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы.
3. Соколова Г.Б. - комиссия хатшысы, аудандық орталықтың тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi.
Комиссия мүшелерi:
4. Баймуханбетова Ж.Т. - көшiп-қону полициясының бөлiм меңгерушiсi.
5. Бұзаубеков М.К. - бiлiм беру бөлiмiнiң меңгерушiсi.
6. Балтабаева Е.К. - N 6 қалалық аурухананың бас дәрiгерi.
7. Жакина Ш.А.. - аумақтық қайырымдылық және зейнеткерлердi жұмыспен қамту орталығының директоры.
8. Иманалиев К.И. - мүгедектер қоғамының төрағасы.
9. Бейсембина Н.Н. - көп балалы отбасылар одағының төрағасы, Мәслихат депутаты.
10. Шаймаков Н.Ж. - ардагерлер және зейнеткерлер кеңесiнiң төрағасы.
11. Қалықов И.М. - құрылыс және коммуналдық шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсi.
12. Қазыбекова З.Қ. - Әуезов аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы.
13. Шайхина Б. - "Шаңырақ" ықшам аудан әкiмiнiң өкiлi.
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша
"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы
Алмалы аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы
<*>
Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 19 шілдедегі N 3/470 және 2002 жылғы 13 қарашадағы N 5/724 қаулыларымен.
1. Деева.И.В. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары.
2. Тiлеубаева Л.Н. - комиссия төрағасының орынбасары еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы.
3. Талпақова Р.І. - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығы тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң бас маманы.
Комиссия мүшелерi:
4. Бозжiгiтова Ж.Б. - бiлiм беру бөлiмiнiң меңгерушiсi.
5. Коржинская Г.С. - зейнеткерлердi әлеуметтiк қызмет көрсету аумақтық орталығының бастығы.
6. Ергожаева А.Д. - көп балалы отбасылар одағының төрағасы.
7. Дон А.С. - аудандық коммуналдық-шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсi.
8. Камышева В.И. - мүгедектер қоғамының төрағасы.
9. Адильбеков З.У. - ардагерлер кеңесiнiң төрағасы.
10. Бегасильев С.Б. - аудандық iшкi iстер басқармасының бастығы.
11. Бертанов А.Б. - жедел дәрiгерлiк жәрдем көрсету ауруханасының бас дәрiгерi, Мәслихат депутаты.
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша
"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы
Бостандық аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы
<*>
Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 13 қарашадағы N 5/724 қаулысымен.
1. Сакенов Ж.Т. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары.
2. Кастаева У.М. - комиссия төрағасының орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы.
3. Козлова Г.А. - комиссия хатшысы, аудандық орталықтың тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi.
Комиссия мүшелерi:
4. Маткенов Т.С. - аудандық iшкi iстер басқармасының бастығы.
5. Аметова О.А. - бiлiм беру бөлiмiнiң меңгерушiсi.
6. Беғымбетов Ә.С. - аудандық коммуналдық шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсi.
7. Тажиев Е.Б. - Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрiгерi, Мәслихат депутаты.
8. Биржанов Х.Б. - ардагерлер кеңесiнiң төрағасы.
9. Айбекова К.А. - жұмыспен қамту орталығының меңгерушiсi.
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша
"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы
Жетiсу аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы
<*>
Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 19 шілдедегі N 3/470 және 2002 жылғы 13 қарашадағы N 5/724 қаулыларымен.
1. Ильясов А.К. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары.
2. Мыңбаев З.Қ. - учаскелiк комиссия төрағасының орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы.
3. Шәмпиева С.Ө. - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығы тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң бастығы.
Комиссия мүшелерi:
4. Қуатжанова С.Т. - Iшкi саясат және әлеуметтiк орта бөлiмiнiң меңгерушісі.
5. Габдуллин А.Н. - аудандық iшкi iстер басқармасының бастығы.
6. Маханов Ж.Т. - әкiмнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару мәселелерi жөнiндегi үйлестiрушi-кеңесшiсi.
7. Өміралиева С.Ә. - соғыс ардагерi және зейнеткерлер кеңесiнiң төрағасы.
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша
"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы
Медеу аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы
<*>
Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 19 шілдедегі N
3/470
және 2002
жылғы 13 қарашадағы N
5/724
қаулыларымен.
1. Керимкулов Т.И. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары.
2. Оспанова Н.К. - комиссия төрағасының орынбасары, учаскелiк комиссия төрағасының орынбасары, аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы.
3. Жексембаев Б.М. - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығы тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң бастығы.
Комиссия мүшелерi:
4. Абланова К.Ж. - көп балалы отбасылар одағының төрағасы.
5. Бименов А.Б. - ардагерлер және зейнеткерлер кеңесiнiң төрағасы.
6. Ыбыраев Ж.Х. - аудандық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары.
7. Сүлейменов Б.Қ. - аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы.
8. Бабич Е.Ф.- аудандық салық комитетi төрағасының орынбасары.
9. Климко Л.К. - мүгедектер қоғамының төрағасы.
10. Яковлева Н.Н. - Iшкi саясат және әлеуметтiк орта бөлiмiнiң меңгерушiсi.
11. Таикпанов Р.Т. - Медеу ауданы Әкімінің кеңесшісі.
12. Омаров К.Т. - N 5 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрiгерi, Мәслихат депутаты.
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша
"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы
Түрксiб аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы
1. Товчиха В.Ф. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары.
2. Джетписбаева С.К. - комиссия төрағасының орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы.
3. Белякова Г.А. - комиссия хатшысы, аудандық орталықтың тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi.
Комиссия мүшелерi:
4. Джамбабаева К.А. - Iшкi саясат және әлеуметтiк орта бөлiмiнiң бас маманы.
5. Белоносова Г.Я. - аумақтық-қоғамдық өзiн-өзi басқару комитетiнiң төрағасы.
6. Ромахова Л.В. - ПИК және ҮИК ассоциациясының төрағасы.
7. Баратов Т.Т. - Мәслихат депутаты, N 30 сайлау учаскесi.
Әкiмшiлiк хатшысы