Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246-ІІ "Мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсету туралы"
Заңына
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685 "Мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсету туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау жөніндегі шаралар туралы"
қаулысына
сәйкес, Алматы қаласының Әкімшілігі қаулы етеді:
1. Халыққа мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсететін учаскелік комиссиялар туралы Ереже N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. N 2 қосымшаға сәйкес халыққа мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсететін учаскелік комиссиялар құрылып, құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі
Әкімшілік хатшысы
Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша
"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы
Мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек
көрсету жөнiндегi учаскелiк
комиссиялар туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi Комиссия (мәтiн бойынша әрi қарай - Комиссия) көмек сұраған тұлғаға (отбасына) нақты әлеуметтiк көмек беру туралы қорытындыны даярлау және қажет болған жерде олардың материалдық жағдайын тексеру үшiн Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң қаулысымен құрылады.
2. Комиссия құрамы жыл сайын құрылады және 7 адамнан кем болмауы керек. Комиссияға Алматы қаласының аудан Әкiмiнiң орынбасары басшылық етедi.
Комиссия құрамына жергiлiктi өкiлеттi органдар, өзiн-өзi басқару, қоғамдық бiрлестiктер, үй (пәтер) иелерi кооперативi, халық, бiлiм беру өкiлеттi органдар мен ұйымдар, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау, қаржы және салық органдарының, ардагерлер Кеңесiнiң өкiлдерi, құқық қорғау қызметкерлерi және т.б. кiредi.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының 17.07.2001 ж. N№246-II "Мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек туралы"
Заңын
, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 24.12.2001 жылғы N 1685 "ҚР мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек туралы" Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы"
қаулысын
, басқа ереже белгiлейтiн актiлерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Негiзгi қызметтер
1. Комиссия халықты әлеуметтiк қорғау органдарына аса мұқтажды тұлғаларға отбасыларына қаражат жiберу мақсатындағы халыққа әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi қызметiнде қолғабыс тигiзедi.
2. Комиссия өкiлеттi органның - Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментiнiң аудандық еңбек, және халықты әлеуметтiк қорғау орталығы (мәтiн бойынша әрi қарай - өкiлеттi орган) - жазбаша тапсырма негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету туралы қорытындыны даярлап және қажеттiлiгi бойынша өкiлеттi органның тапсырма берген күннен бастап 5 күндiк мерзiм iшiнде тұрғылықты жерiне барып тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексередi.
3. Тұлғаның (отбасының) материалдық тексеру барысында Комиссия көмек сұраған адамның өтiнiш себептерiн анықтайды. Тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру актiсiнде мына мәлiметтер көрсетiледi:
отбасының құрамы туралы;
отбасының жұмыс iстейтiн мүшелерi туралы;
еңбекке қабiлеттi жастағы отбасының жұмыс iстемейтiн мүшелердiң - жұмыс iстемеген себептерi;
балаларға, мүгедектерге, қарттарға, ауруларға қарайтын, еңбекке қабiлеттi жастағы отбасы мүшелерiнiң бар болуы туралы;
тұлғаның (отбасының) жалпы табысы, соның iшiнде аула шаруашылығынан, бау-бақшадан, саяжайдан және т.б. түскен табысы туралы.
4. Қажет болған жағдайда Комиссия, нақты әлеуметтiк көмек алу үшiн ұсынылған отбасының мүлiгi мен табысына қатысты мәлiметтердi алу үшiн тиiстi органдарға сұрау жасауға құқықты.
5. Комиссияның тапсырмасы бойынша ұсынылған құжаттар iрiктелiп қайта тексерiлуi мүмкiн.
6. Комиссия мәжiлiсi кем дегенде 10 күнде бiр рет өткiзiледi. Учаскелiк комиссияның бiрiншi мәжiлiсi Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi өкiлiнiң қатысуымен өтедi.
7. Комиссия мәжiлiсiнiң уақытында өткiзiлу жауапкершiлiгi учаскелiк комиссия төрағасына жүктеледi.
3. Комиссия қорытындысы
1. Өкiлеттi органнан келiп түскен тұлғаның (отбасының) құжаттарын қарап, Комиссия мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды жасайды.
2. Комиссия шешiмiн мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмекке үмiткер тұлғаның (отбасының) қатысуынсыз ашық дауыс беру арқылы қабылдайды.
3. Мәжiлiсте Комиссия құрамның 3/4 бөлiгi қатысса, оның шешiмi құқылы болып саналады.
4. Егер қатысып отырған Комиссия құрамының басым көпшiлiгi тұлғаға№(отбасына) дауыс берген жағдайда, оның қорытындысы оңды болып табылады.
Қорытындыға комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қойып, оны өкiлеттi органға ұсынады.
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша
"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы
Әуезов аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы
<*>
Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 19 шілдедегі N 3/470 , 2003 жылғы 26 мамырдағы N 2/319 , 2004 жылғы 19 мамырдағы N 3/424 қаулыларымен.
1. Ченсизбаев Б.А. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары.
2. Каппасова О.Т. - комиссия төрағасының орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы.
3. Соколова Г.Б. - комиссия хатшысы, аудандық орталықтың тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi.
Комиссия мүшелерi:
4. Абдуллаев Т.И. - Дружба қалалық үлгідегі кенттің жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы.
5. Дүйсенов Қ.Қ. - Шаңырақ 1,2,3 ықшам аудандарының жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы.
6. Сағатолла Ү.Т. - Шаңырақ 3,4 ықшам аудандарының жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы.
7. Жакина Ш.А.. - аумақтық қайырымдылық және зейнеткерлердi жұмыспен қамту орталығының директоры.
8. Иманалиев К.И. - мүгедектер қоғамының төрағасы.
9. Бейсембина Н.Н. - көп балалы отбасылар одағының төрағасы, Мәслихат депутаты.
10. Саттарова Гүлнар Рахымқызы - Әуезов аудандық білім беру бөлімінің бас маманы.
11. Қазыбекова З.Қ. - Әуезов аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы.
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша
"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы
Алмалы аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы
<*>
Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 19 шілдедегі N 3/470 , 2002 жылғы 13 қарашадағы N 5/724 , 2003 жылғы 26 мамырдағы N 2/319 ; 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 4/535 қаулыларымен.
1. Деева.И.В. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары.
2. Тiлеубаева Л.Н. - комиссия төрағасының орынбасары еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы.
3. Талпақова Р.І. - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығы тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң бас маманы.
Комиссия мүшелерi:
4. Братенков А.И. - аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы.
5. Коржинская Г.С. - зейнеткерлердi әлеуметтiк қызмет көрсету аумақтық орталығының бастығы.
6. Ергожаева А.Д. - көп балалы отбасылар одағының төрағасы.
7. Дон А.С. - аудандық коммуналдық-шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсi.
8. Камышева В.И. - мүгедектер қоғамының төрағасы.
9. Адильбеков З.У. - ардагерлер кеңесiнiң төрағасы.
10.Ақмұрзина З.Б. - аудандық білім бөлімінің бас маманы.
11.Бертанов А.Б. - жедел дәрiгерлiк жәрдем көрсету ауруханасының бас дәрiгерi, Мәслихат депутаты.
12.Ғабдашева Светлана Қасымханқызы - жедел дәрігерлік көмек ауруханасы мемлекеттік қазыналық мекеменің төрағасы, зертхана меңгерушісі.
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша
"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы
Бостандық аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы
<*>
Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 13 қарашадағы N 5/724 ; 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 4/535 , 2004 жылғы 19 мамырдағы N 3/424 қаулыларымен.
1. Сакенов Ж.Т. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары.
2. Кастаева У.М. - комиссия төрағасының орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы.
3. Матмұратова Зинегүл Айтмағанбетқызы - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығы тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің бастығы.
Комиссия мүшелерi:
4. Райхан Айдарқызы Мырзалиева - аудандық "Ұстаз" кәсіподақ комитетінің төрағасы.
5. Аметова О.А. - бiлiм беру бөлiмiнiң меңгерушiсi.
6. Беғымбетов Ә.С. - аудандық коммуналдық шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсi.
7. Шәріпхан Исажанұлы Матаев - аудандық ішкі істер басқармасының орынбасары.
8. Биржанов Х.Б. - ардагерлер кеңесiнiң төрағасы.
9. Айбекова К.А. - жұмыспен қамту орталығының меңгерушiсi.
10.Қалиулла Халықұлы Халықов - Мәслихат депутаты, соттық үкімет және қылмыс процессі кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінің профессоры.
11.Сәдуақасова Нұрилаш Ергедекқызы - аудандық көп балалы аналар Одағы қоғамдық ұйымының төрағасы.
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша
"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы
Жетiсу аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы
<*>
Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 19 шілдедегі N 3/470 ; 2002 жылғы 13 қарашадағы N 5/724 ; 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 4/535 , 2004 жылғы 25 тамыздағы N 3/706 қаулыларымен.
1. Ильясов А.К. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары.
2. Алмабеков Әділхан Стамшалұлы - учаскелік комиссияның орынбасары, Жетісу аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау орталығының бастығы.
3. Әмірбеков Нұрмұхамет Әмірбекұлы - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығы тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің бастығы.
Комиссия мүшелерi:
4. Габдуллин А.Н. - аудандық iшкi iстер басқармасының бастығы.
5. Маханов Ж.Т. - әкiмнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару мәселелерi жөнiндегi үйлестiрушi-кеңесшiсi.
6. Өміралиева С.Ә. - соғыс ардагерi және зейнеткерлер кеңесiнiң төрағасы.
7. Даниярова Бейсенгүл Бәзікенқызы - аудандық Әкім аппараты әлеуметтік сала бөлімінің бастығы.
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша
"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы
Медеу аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы
<*>
Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 19 шілдедегі N 3/470 ; 2002 жылғы 13 қарашадағы N 5/724 ; 2003 жылғы 26 мамырдағы N 2/319 , 2004 жылғы 19 мамырдағы N 3/424 , 2004 жылғы 25 тамыздағы N 3/706 қаулыларымен.
1. Керимкулов Т.И. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары.
2. Оспанова Н.К. - комиссия төрағасының орынбасары, учаскелiк комиссия төрағасының орынбасары, аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы.
3. Сатылғанқызы М. - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығының тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң бастығы.
Комиссия мүшелерi:
4. Абланова К.Ж. - көп балалы отбасылар одағының төрағасы.
5. Айтбаев Сәкен Сейданұлы - аудандық ішкі істер басқармасының орынбасары.
6. Бейсембиев Мырзахан Бейсембиұлы- Медеу аудандық соғыс ардагерлері және зейнеткерлер Кеңесінің төрағасы.
7. Айгүл Оразқызы Қалықова - Медеу аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау орталығы бастығының орынбасары.
8. Бабич Е.Ф.- аудандық салық комитетi төрағасының орынбасары.
9. Климко Л.К. - мүгедектер қоғамының төрағасы.
10. Яковлева Н.Н. - Iшкi саясат және әлеуметтiк орта бөлiмiнiң меңгерушiсi.
11. Таикпанов Р.Т. - осы құрамнан шығарылған.
12. Омаров К.Т. - N 5 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрiгерi, Мәслихат депутаты.
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша
"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы
Түрксiб аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы
Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 4/535 , 2004 жылғы 25 тамыздағы N 3/706 қаулыларымен.
1. Товчиха В.Ф. - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары.
2. Кенштыбаева Раиса Мұрзағалиқызы - учаскелік комиссияның орынбасары, Түрксіб аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау орталығының бастығы.
3. Белякова Г.А. - комиссия хатшысы, аудандық орталықтың тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi.
Комиссия мүшелерi:
4. Джамбабаева К.А. - Iшкi саясат және әлеуметтiк орта бөлiмiнiң бас маманы.
5. Белоносова Г.Я. - аумақтық-қоғамдық өзiн-өзi басқару комитетiнiң төрағасы.
6. Ромахова Л.В. - ПИК және ҮИК ассоциациясының төрағасы.
7.
7 тармақ алынып тасталды.
8.
8 тармақ алынып тасталды.
9. Айымбетова Бибіраба - аудандық көп балалы аналар одағының төрағасы.
Әкiмшiлiк хатшысы