Банктiк компьютер жүйелерiнiң бақылау чегiнiң нысанын және мазмұнын белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 488 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2134. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 117 Қаулысымен.

Күшін жойған

       Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.12.31  N 117 Қаулысымен.

      ------------------ Бұйрықтан үзінді --------------------

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 649-бабына сәйкес, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютер жүйелерінің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      .........
      4. Осы қаулы 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 3) тармақшасын қоспағанда ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктік компьютер жүйелерінің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын белгілеу туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 488 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2134 тіркелген) күші жойылды деп танылсын;
      2) ...
      .........

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                       Ә. Сәйденов

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 18 сәуiрдегi N 449 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банктiк заңдарында көзделген және қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын операцияларды жүргiзу кезiнде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуларды тiркеу үшiн пайдаланылатын банктiк компьютер жүйелерiнiң бақылау чегiнiң (бұдан әрi - БКЖ бақылау чегi) нысанын және мазмұнын белгiлеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi (бұдан әрi - банк) үшiн Қазақстан Республикасының банктiк заңдарында көзделген және қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын операциялар (осы қаулының 4-тармағында көрсетiлген операцияларды қоспағанда) бойынша банктiк компьютер жүйесi беретiн БКЖ бақылау чегiнiң мынадай мiндеттi деректемелерi белгiленсiн:
      1) банктiң (құрылымдық бөлiмшенiң) атауы;
      2) салық төлеушiнiң (құрылымдық бөлiмшенiң) тiркеу нөмiрi;
      3) банктiк компьютер жүйесiнiң салық органындағы тiркеу нөмiрi;
      4) банктiң (құрылымдық бөлiмшенiң) орналасқан жерi;
      5) БКЖ бақылау чегiнiң банкте (құрылымдық бөлiмшеде) берiлген рет нөмiрi;
      6) операция жүргiзiлген күн және уақыт;
      7) операцияның атауы;
      8) жүргiзiлген әрбiр операцияның сомасы;
      9) жүргiзiлген операциялар бойынша жалпы қорытынды.
      2. Қосылған құн салығы (бұдан әрi - ҚҚС) көрсетiлетiн БКЖ бақылау чегiнде қосымша мынадай ақпарат болуы тиiс:
      1) ҚҚС бойынша есепке алу туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрi;
      2) ҚҚС сомасы.
      3. БКЖ бақылау чегiнiң осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көзделген деректемелерi мiндеттi түрде көрсетiлген тiк бұрышты нысаны болады.
      4. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргiзiлетiн операциялар бойынша БКЖ бақылау чегiнiң нысаны және мазмұны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр айлық мерзiмде күшiне енгiзiледi.
      6. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апталық мерзiмде оны екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің төрағасы