Банктiк компьютер жүйелерiнiң бақылау чегiнiң нысанын және мазмұнын белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 488 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2134.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 18 сәуiрдегi N 449 қаулысына  сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банктiк заңдарында көзделген және қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын операцияларды жүргiзу кезiнде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуларды тiркеу үшiн пайдаланылатын банктiк компьютер жүйелерiнiң бақылау чегiнiң (бұдан әрi - БКЖ бақылау чегi) нысанын және мазмұнын белгiлеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi (бұдан әрi - банк) үшiн Қазақстан Республикасының банктiк заңдарында көзделген және қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын операциялар (осы қаулының 4-тармағында көрсетiлген операцияларды қоспағанда) бойынша банктiк компьютер жүйесi беретiн БКЖ бақылау чегiнiң мынадай мiндеттi деректемелерi белгiленсiн:
      1) банктiң (құрылымдық бөлiмшенiң) атауы;
      2) салық төлеушiнiң (құрылымдық бөлiмшенiң) тiркеу нөмiрi;
      3) банктiк компьютер жүйесiнiң салық органындағы тiркеу нөмiрi;
      4) банктiң (құрылымдық бөлiмшенiң) орналасқан жерi;
      5) БКЖ бақылау чегiнiң банкте (құрылымдық бөлiмшеде) берiлген рет нөмiрi;
      6) операция жүргiзiлген күн және уақыт;
      7) операцияның атауы;
      8) жүргiзiлген әрбiр операцияның сомасы;
      9) жүргiзiлген операциялар бойынша жалпы қорытынды.
      2. Қосылған құн салығы (бұдан әрi - ҚҚС) көрсетiлетiн БКЖ бақылау чегiнде қосымша мынадай ақпарат болуы тиiс:
      1) ҚҚС бойынша есепке алу туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрi;
      2) ҚҚС сомасы.
      3. БКЖ бақылау чегiнiң осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көзделген деректемелерi мiндеттi түрде көрсетiлген тiк бұрышты нысаны болады.
      4. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргiзiлетiн операциялар бойынша БКЖ бақылау чегiнiң нысаны және мазмұны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр айлық мерзiмде күшiне енгiзiледi.
      6. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апталық мерзiмде оны екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің төрағасы