Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 болып тiркелген "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 14 қарашадағы N 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2074.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479 қаулысына  өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 сәуiрдегi N 415 қаулысына  сәйкес, сондай-ақ кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын қайта ресiмдеудiң тәртiбiн белгiлеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 тiркелген, 2001 жылы "Кеден жаршысы" N 2 жарияланған) 2001 жылғы 15 ақпанындағы N 54 бұйрығына  мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманға бiлiктiлiк аттестатын беру тәртiбiнде:

      5-тарау мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
      "28-1. Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманды қайта аттестациялау кезiнде бiлiктiлiк аттестатын беру үшiн алынатын алым төленбестен, осы Тәртiптiң 3-тарауында белгiленген тәртiппен жаңа бланк берiле отырып, аттестатты қайта ресiмдеу жүргiзiледi.".

      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Баспасөз қызметi (Г.Исахан) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелгенінде тіркелген күнінен бастап күшiне енедi.

      Төраға