"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сүйене отырып төмендегі көрсетілген тармақтарды орындауды, БҰЙЫРАМЫН: Қараныз K090193
1. Қосымша берілген 2002 жылғы 1 тамыздағы N 4.01.060.02 "Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау жағдайларына және сату мерзіміне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелері мен нормалары бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге қойылып, алғашқы ресми түрде баспадан шыққан күннен он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Бас дәрігер
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
экономика және сауда
Министрінің міндетін атқарушы
2002 жылғы 27 тамыз
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік санитарлық
Бас дәрігерінің
2002 жылғы 1 тамыздағы
N 32 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
ТЕЗ БҰЗЫЛАТЫН ТАМАҚ ӨНІМДЕРІН САҚТАУ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ЖӘНЕ
САТУ МЕРЗІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Санитарлық ережелері және нормалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы санитарлық ережелер және нормалар (әрі қарай - санитарлық ереже) тез бұзылатын тамақ өнімдерін сату және өндіру үшін сақтап тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды орнатады.
2. Осы санитарлық ережелер меншіктік қалпына қарамастан іс әрекеті тез бұзылатын тамақ өнімдерін, тамақ өнімдеріне арналған жанасатын заттар мен бұйымдарды өндіріп айналдыруды жүзеге асырумен байланысты заңды және жеке тұлғаларға арналған.
3. Осы санитарлық ереженің орындалуына тез бұзылатын тамақ өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын, сататын кәсіпорындардың басшылары жауапкершілікте болады.
4. Осы санитарлық ережелерде келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылған:
1) тез бұзылатын тамақ өнімдері - тасымалдауға, сақтауға, сатуға арналған ерекше жағдайларды, белгіленген қатаң уақытты талап ететін тамақ өнімдері;
2) тамақ өнімдерінің сапасы - тамақ өнімдерінің тұтыну қасиетін анықтайтын және адам үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сипаттамалардың жиынтығы;
3) тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды айналдыру - сауда-саттық (сонымен бірге экспорт және импорт) және басқа да тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды өткізу тәсілдері (әрі қарай - сатылуы), оларды сақтау және тасымалдау;
4) сақтау және сату мерзімі сақтау жағдайы дұрыс болғанда, тамақ өнімі өзінің барлық қасиеттерін сақтайтын нормативтік құжатта көрсетілген уақыт кезеңі;
5) жарамдылық мерзімі - тамақ өнімін пайдалануға жарамсыз деп табуға тағайындалған уақыт кезеңі;
6) тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігінің куәлігі тамақ өнімдерін дайындап шығарушы (затты қоюшы) тамақ өнімдері тобының сапасы мен қауіпсіздігінің нормативтік, техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
7) сақтау шарттары алдын ала арнай бекітілген сақтау тәртібі (төмендетілген температура және қоршаған ауаның ылғалдылығы, белгілі жарықтандыру тәртібі);
8) нормативтік құжаттар мемлекеттік стандарттар, санитарлық, малдәрігерлік-санитарлық және фито-санитарлық ережелер мен нормалар және тамақ өнімдері мен материалдардың, бұыймдардың сапасы мен қауіпсіздігіне, олардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға, оларды дайындап шығару жағдайларына, сақтауға, тасымалдауға, сатылуға және пайдалануға, сапасыз қауіпті тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды утилизациялауға не жоюға талап қоятын басқа да нормативтік құқықтық актілер;
9) тамақ өнімдерін утилизациялау тамақ өнімдерін жарамсыз, нормативтік құжаттардың талаптарына жауап бермейтін және адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп келтіретін заттардың қатарына қосу әрекеті және оларды жою.
5. Тез бұзылатын тамақ өнімдеріне, сапасы мен адам денсаулығына қауіпсіздігін сақтап қалу үшін, тасымалдау және сақтау кезінде арнайы жағдайдың жасалуын, қатаң көрсетілген уақыт аралығында саудаға асырылуын талап ететін, оларды сақтамағанда сапасы өзгеріп, бұзылуға әкеп соғатын және тұтынушының денсаулығына зиян келтіретін тамақ өнімдері жатады. Оларға жататындар:
1) консервіленбеген ет, құс және жұмыртқа өнімдері, сүт, балық және теңіз өнімдері;
2) ұннан жасалған кремді-кондитер өнімдері және әрленгенде салмақтық үлесінің ылғалдылық мөлшері 13% көп өнімдер;
3) сұйық май қосып жасалған кремдер;
4) өнеркәсіп өндірісінде дайындалмаған сусындар;
5) көкөністен дайындалған өнімдер (салаттар, гарнирлер);
6) құрамында май бар өнімдер (майонез, маргарин);
7) қоғамдық тамақтандыру жүйесінде дайындалатын барлық өнімдер мен тамақтар.
6. Тез бұзылатын тамақ өнімдерінің барлық түрлері екі топқа бөлінеді:
1) бірінші топқа алу 5 0-С төмен емес және қосу 6 0-С жоғары емес температурада сақталғанда сақтау мерзімінің ұзақтығы 72 сағаттан көп емес уақытты құрайтын тамақ өнімдері жатады;
2) екінші топ - алу 18 0-С және қосу 2 0-С дейінгі температурада сақталғанда, сақтау мерзімі 60 тәуліктен көп емес уақытты құрайтын тамақ өнімдері жатады. Тамақ өнімдерінің бұл тобына жаңа технологияда дайындалған, жетілдірілген режимді пайдаланумен жоғарғы температурада өңдеуден өтетін, микробқа қарсы белсенділік (консервант) қасиеттері бар тамақ қосымшаларын қосумен, өнімді бу газ өтпейтін қабықшаға салынып, ауасы сорылған үлдірге оралған өнімдер жатады.
7. Тез бұзылатын өнімдердің белгіленген сақтау мерзімі (1-қосымша) технологиялық процесс аяқталған (суытылған) сәттен бастап есептеледі және бұл мезгілге өнімнің дайындаушы-ұйымдағы болған уақыты мен азық-түлік сауда орындарындағы қоғамдық тамақтандыру ұйымдарындағы тасымалдауға, сақтауға кеткен уақыттар кіреді.
8. Тамақ өнімдерін дайындаушы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдеме беруі қажет және тұтынушыға өніммен бірге төмендегілерді ұсыну керек:
1) тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігінің куәлігі;
2) осы ережеге сәйкес ұйымдағы (технологиялық процесс аяқталған сәттен бастап) өнімнің дайындалған мерзімі мен сағаты, сақтау температурасы мен сақтау мерзімінің аяқталуы көрсетілген тауар құжаттамасын.
2. Тез бұзылатын тамақ өнімдерінің өндірілуіне, тасымалдануына, сақталуына және сатылуына қойылатын талаптар
9. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және сату кездерінде қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптары орындалуы қажет.
10. Қорап материалдары мен бос қораптар белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілуі тиіс.
11. Қорапта тиісті белгілердің (затбелгі) болуы қажет.
12. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және сату олардың сапасы мен қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ететін белгіленген температуралық режим сақталған жағдайда ғана іске асырылады. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін суық көзі болмаса сақтау мен сатуға болмайды.
13. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау үшін құрамы, ауданы мен жабдықтары қолданылып жүрген құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес, арнайы үй-жайларды (ғимараттарды) пайдаланылу керек.
14. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін тасымалдау үшін, (изотермиялық кузовтары, салқындатылатын кузовтары, рефрижераторлары) бар арнайы белгіленген көлік құралдарын белгіленген тәртіп бойынша толтырылған санитарлық куәліктері болуы керек.
15. Тез бұзылатын азық-түліктер жылы мезгілде арнайы көліктермен қосу 6 0-С жоғары емес температурада:
1) салқындатқыш кузовы бар көліктермен алты сағаттан ұзақ емес;
2) салқындатқышы жоқ температураны бір қалыпты ұстап тұратын изотермиялық автокөліктермен бір сағаттан ұзақ емес уақыт аралығында тасымалдануға тиіс.
16. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін тасымалдау, сақтау және бөлшектеп сату кездерінде нормативтік құжаттардың талаптары орындалмауының себебінен сапасын жоғалтқан жағдайда, мұндай тамақ өнімдерін сатуға болмайды, сараптамалануға жіберіліп, қорытындысына сәйкес олар Қазақстан Республикасының заң негіздеріне сәйкесутилизацияланады.
Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау
жағдайларына және сату мерзіміне қойылатын
санитарлық-гигиеналық талаптарға
1 қосымша
Температуралық режим және азық-түлікті
сақтаудың мерзімі
____________________________________________________________________
тамақ өнімдердің |Сағаттағы | Сақталу
атауы | және | температурасы,
|тәуліктегі| Цельсий градусында
| сақталу |
| мерзімі |
____________________________________________________________________
1 2 3
____________________________________________________________________
Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылғы, шошқа
етінен жартылай дайындалған өнімдер:
Кесек еттер 48 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
бөлшектеп оралған еттер 36 сағат қосу 2-ден қосу
(0,25-тен 1 кг дейін) 6-ға дейін
ұнтақсыз үлестелген (кесінді, табиғи 36 сағат қосу 2-ден қосу
бифштекс, лангет, антрекот, ромштекс, 6-ға дейін
ыстық пеште дайындалған сиыр, қой,
шошқа еті, эскалоп шницель және т.б.)
ұнтаққа аунатылған үлестелген 24 сағат қосу 2-ден қосу
(ромштекс, қой және шошқа етінен 6-ға дейін
жасалған табиғи котлета, шницель)
майда туралғандар (бефстроганов, 24 сағат қосу 2-ден қосу
азу, қуырдақ, гуляш, бұқтыруға 6-ға дейін
арналған сиыр еті, кәуапқа
арналған ет)
айрықша қуырма, ет жиынтығы 18 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
тағамдық сүйектер 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
салқындатылған ішек-қарын, 24 сағат қосу 2-ден қосу
өкпе-бауыр 6-ға дейін
мұздатылған ішек-қарын, 30 тәулік алу 18-ден жоғары
өкпе-бауыр емес
маринадталған кәуап (жартылай 24 сағат қосу 2-ден қосу
дайындалған) 6-ға дейін
Шабылған еттен жартылай дайын. 12 сағат қосу 2-ден қосу
далған өнімдер: шабылған табиғи 6-ға дейін
шницель, шабылған табиғи котлет.
тер, шабылған бифштекс, мәскеулік,
киевтік, үйдегідей котлеттер,
люля-кебаб
Шабылған еттен жартылай дайындал. 30 тәулік алу 18-ден жоғары
ған өнімдер мұздатылған: шабылған емес
табиғи шницель, шабылған табиғи
котлеттер, шабылған бифштекс,
мәскеулік, киевтік, үйдегідей
котлеттер, люля-кебаб
араластырылған (ет-картоппен, 12 сағат қосу 2-ден қосу
ет-өсімдік, ет-қырыққабат (капуста) 6-ға дейін
және т.б.)
ұлттық тағамдар: шұжық, қазы, 48 сағат қосу 2-ден қосу
қарта, жал, жая, қабырға, 6-ға дейін
қазақстандық әсіп
Ұлттық тағамдар: мұздатылған шұжық, 30 тәулік алу 18-ден жоғары
қазы, қарта, жал, жая, қабырға, емес
қазақстандық әсіп
Салқындатылған ет турамалары 12 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Мұздатылған ет турамасы 10 тәулік алу 18-ден жоғары
емес
Аралас турама: айрықша еттік 12 сағат қосу 2-ден қосу
(сояның ақ уызы қосылған) 6-ға дейін
Тұздалған ет турамасы 3 сағат қосу 2-ден жоғары
емес
Мұздатылған тұшпара, манты, 48 сағат минус 5-ден жоғары
емес
равиоли, хинкали, голубцы 20 тәулік минус 10-нан жоғары
емес
30 тәулік минус 18-ден жоғары
емес
Салқындатылған құс және қоян еті 48 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Мұздатылған құс еті және қоян еті 20 тәулік минус 18-ден жоғары
емес
Құс етінен жартылай дайындалған 48 сағат қосу 2-ден қосу
өнімдер (аспаздық өңдеуге дайын. 6-ға дейін
далған ұша, сан еті, сүбесі, артқы
төртінші бөлігі, қуырлған балапан
және әуесқойлық, жілігі,
сирағы, төс)
Ұйыма мен рагуге арналған сорпалық 48 сағат қосу 2-ден қосу
жиынтықтар 6-ға дейін
Шабылған құс етінен жартылай дайын. 24 сағат 0-ден минус 5-ке
далған салқындатылған (кнели, киев, дейін
айрықша, пожарский котлеттері)
Шабылған құс етінен жартылай дайын. 10 тәулік минус 12-ден жоғары
далған мұздатылған (кнели, киев, емес
айрықша, пожарский котлеттері)
Ішек-қарын, өкпе-бауыр, осылардан 24 сағат қосу 2-ден қосу
жартылай дайындалған тағамдар 6-ға дейін
Асылған ет (салқын тағамдарға 12 сағат қосу 2-ден қосу
арналып ірі туралған, бірінші және 6-ға дейін
екінші тағамдарға үлестендіріліп
туралған, желеге арналған)
Қуырылған ет, көміп пісірлген ет 24 сағат қосу 2-ден қосу
(салқын тағамдарға ірі туралып,
қуырылған сиыр, жылқы, шошқа
еттері, ірі туралған, қуырылған
сиыр, жылқы, шошқа еттері, екінші
тағамдарға үлестіріліп туралған,
желеге арналған)
Бұқтырылған тықпаланған ет (екінші 12 сағат қосу 2-ден қосу
тағамдарға үллестіріліп ірі 6-ға дейін
туралған, желеге арналған)
Етті асылған ішек қарын өкпе 18 сағат қосу 2-ден қосу
бауырлар (тіл, желін, жүрек, 6-ға дейін
бүйрек, милар, бауыр, өкпе)
Қуырылған бауыр 12 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Шабылған еттен аспаздық өнімдер 6 сағат қосу 2-ден қосу
қуырылған (котлеттер, бифштекстер, 6-ға дейін
биточкалар, шницельдер)
Еттен жасалған ұйымалар және 6 сағат қосу 2-ден қосу
құйылған ет 6-ға дейін
Қапталған еттен жасалған паштеттер 6 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Құстардың және қоянның асылған 18 сағат қосу 2-ден қосу
ұшалары 6-ға дейін
Құстардың және қоянның көміп 48 сағат 0-ден қосу 2-ге
пісірілген ұшалары дейін
Құстардың және қоянның ысталып- 72 сағат 0-ден қосу 2-ге
көмілген, ысталып-пісірілген ұшалары дейін
Құстардың және қоянның қуырылған еті 48 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Үлестіріліп туралған және желеге 6 сағат қосу 2-ден қосу
қосылатын асылған құс еті 6-ға дейін
Құс етінен жасалған котлеттер 12 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Пісірілген жұмыртқа 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Пісірілген шұжықтар:
Жоғары сортты және сортсыз 72 сағат қосу 2-ден қосу
8-ге дейін
Бірінші және екінші сортты 48 сағат қосу 2-ден қосу
8-ге дейін
Үшінші сортты 24 сағат қосу 2-ден қосу
8-ге дейін
Өсімдіктен алынған ас қоспаларымен 72 сағат қосу 2-ден қосу
жасалған шұжықтар 8-ге дейін
Жіңішке шұжықтар және сарделькалар 48 сағат қосу 2-ден қосу
8-ге дейін
Полиамидті қабықшаға оралған 10-нан 45 қосу 2-ден қосу
пісірілген шұжықтар, жіңішке шұжықтар, тәулікке 8-ге дейін
Сарделькалар дейін
Пісірілген және жартылай ысталған 8 тәулік қосу 2-ден қосу
шұжық өнімдері, ауасы сорылған 8-ге дейін
полимерлі пленкаға оралған шошқа,
сиыр, қой және жылқы еттерінің
кесілген тілімдері
Еттік нандар: 48 сағат қосу 2-ден қосу
8-ге дейін
Қабықшадағы пісірілген өнімдер 72 сағат қосу 2-ден қосу
(жиынтүрлік ветчина, таңертеңгілік 6-ға дейін
асқа арналған ветчина, кабықшадағы
ветчина)
Қалыптағы шошқа, сиыр, жылқы еттері 96 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Айрықша сиыр еті, жылқы етімен 96 сағат қосу 2-ден қосу
қосылған жиынтүр, қой етімен қосылған 6-ға дейін
жиынтүр
Ішек-қарын, өкпе-бауыр қосылып 24 сағат қосу 2-ден қосу
пісірілген шұжықтар, ақ уыздық және 6-ға дейін
ішек-қарын, өкпе-бауырлық сарделькалар
Бауырдан жасалған шұжық 48 сағат қосу 2-ден қосу
8-ге дейін
Өкпе-бауыр, ішек-қарыннан жасалған
шұжықтар:
Жоғарғы және бірінші сортты 48 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Екінші сортты 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Үшінші сортты 12 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Өсімдікті ішек-қарын, өкпе-бауырдан 12 сағат қосу 2-ден қосу
жасалған шұжықтар (жарма қосылған) 6-ға дейін
Қан қосылып жасалған шұжықтар:
бірінші және екінші сортты 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
үшінші сортты 12 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Ысталған 48 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Құс етінен пісіріліп жасалған 48 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
шұжықтар және жіңішке шұжықтар
Қабықшадағы зельцтер, сальтисон
ұйымалар
жоғарғы сортты 48 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
бірінші және екінші сортты 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
үшінші сортты 12 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Үшінші сортты қарыннан жасалған орама 12 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Ішек-қарын, өкпе-бауырдан жасалған 24 сағат қосу 2-ден қосу
орама және престелген жиынтүр 6-ға дейін
Ішек-қарын, өкпе-бауырдан жасалған 48 сағат қосу 2-ден қосу
ветчиналық өнімдер 6-ға дейін
Ысталған, пісіріліп-ысталған шұжықтар 72 сағат қосу 15-тен жоғары
емес
Ысталған, пісіріліп-ысталған шұжықтар 10 тәулік қосу 12-ден жоғары
емес
Ысталған, жылқы етінен жасалған, 10 тәулік қосу 12-ден жоғары
ұлттық тағамдар емес
Ысталған, жылқы етінен жасалған, 15 тәулік қосу 6-дан жоғары
ұлттық тағамдар емес
Салқындатылған балықтың барлық
Түрлері 48 сағат 0-ден алу 2-ге дейін
Мұздатылған және глазурленген балық 24 сағат 0-ден алу 8-ге дейін
пен балық өнімдері
Мұздатылмаған арнайы өңдетілген балық 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Кепкен нанға аунатылған 12 сағат қосу 2-ден қосу
үлестірмеленген балық 6-ға дейін
Шашлыктар және қуырма 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Котлеттер, биточкалар, турама, 12 сағат қосу 2-ден қосу
зразалар 6-ға дейін
Мұздатылған котлеттер, голубцылар 72 сағат қосу 4-тен қосу
және турамалар 6-ға дейін
Мұздатылған балық тұшпарасы 48 сағат алу 6-дан алу 4-ке
дейін
Мұхит және суайдындарында өндірілген,
суықтай ысталған балықтар (балық
өнімдері)
бөлінбеген, ішек-қарыннан тазалан. 40 тәулік алу 8-ден алу 2-ге
ған, басы алынған және ауасы дейін
сорылмаған бір-бірден бөлшектеп
салынған жон ет кесегі
Ауасы сорылған үлдір пакетке 3 ай алу 8
салынған жон ет кесегі, бүйір еті,
сүйекті, сүйексіз сүбе еті
Ауасы сорылған үлдір пакеттерде 20 тәулік 0-ден алу 4-ке дейін
бөлшектеп салынған кесектер мен 30 тәулік алу 8-ден алу 4-ке
бөлшегі дейін
Ауасы сорылмаған үлдір пакеттерде 10 тәулік 0-ден алу 4-ке дейін
бөлшектеп салынған кесектер мен 20 тәулік алу 8-ден алу 4-ке
бөлшегі дейін
72 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Ыстықта ысталған балық 72 сағат қосу 2-ден алу 2-ге
дейін
Қуырылған барлық түрдегі балықтар 36 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Көміп пісірудің барлық түріне 48 сағат қосу 2-ден қосу
келетін балық 6-ға дейін
Қайнатып пісірудің барлық түріне 24 сағат қосу 2-ден қосу
келетін балық 6-ға дейін
Турамаланған балық 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Тұзды балықтан шабылып жасалған 24 сағат қосу 2-ден қосу
өнімдер (майшабақ, скумбрия, сардина) 6-ға дейін
Қуырудың барлық түріне келетін 12 сағат қосу 2-ден қосу
балықтан жасалған котлеттер 6-ға дейін
Етдомбай, қызан тұздығында дайындал. 48 сағат қосу 2-ден қосу
ған балық тефтели 6-ға дейін
Барлық түрдегі балықтар және ыстыққа 48 сағат қосу 2-ден қосу
ысталған орама 6-ға дейін
Пісірілген балық шұжығы 48 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Пісірілген шаян және асшаян 12 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Таңқышаян таяқшасы 48 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Қаймақ тұздығында көкөністермен 24 сағат қосу 2-ден қосу
бірге дайындалған кальмар, 6-ға дейін
ұрылып-езілген кальмар,
кальмардан жасалған котлеттер
Маринадта дайындалған кальмар 48 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
"Мұхит" ақуыз пастасы дайындалатын 24 сағат қосу 2-ден қосу
өнеркәсіп өндірісінің аспаздық 6-ға дейін
өнімдері
Балық майы және барлық түрдегі 24 сағат қосу 2-ден қосу
уылдырық 6-ға дейін
Құйылған балық 24 сағат қосу 2-ден қосу
2-ге дейін
Тұтыну полимерлі ыдысындағы пасталар 24 сағат
Мұздатылмаған, тұтыну ыдысындағы
екінші балық тағамы 12 сағат
Мұздатылғандар 72 сағат алу 4-тен алу
6-ға дейін
Мұздатылған ақуыз "Мұхит" пастасы 72 сағат алу 1-ден алу 3-ке
дейін
Пастерленген сүт және кілегей 36 сағат қосу 2-ден қосу
8-ге дейін
Ашыған сүт өнімдері 36 сағат
Ашыған, құрамында желе бар 72 сағат 0-ден қосу 8-ге
дейін
"Нәзік" өнімі
"Нежность" ацидофильді пастасы 36 сағат 0-ден қосу 8-ге
дейін
"Сластена" десерті 36 сағат 15-тен кем емес
Сірнеден дайындалған сусын (сүтті 24 сағат қосу 2-ден қосу
квас, қызан тұздығымен бірге сірне 8-ге дейін
сусыны)
Жаңа дайындалған майсу және одан 36 сағат қосу 2-ден қосу
жасалған сусын 8-ге дейін
Табиғи қымыз, сиыр сүтінен 48 сағат қосу 2-ден қосу
жасалған қымыз 8-ге дейін
Шұбат 72 сағат қосу 2-ден қосу
8-ге дейін
Майлылығы 20, 25, 30% қаймақ 72 сағат қосу 2-ден қосу
8-ге дейін
Майлылығы 15% төмен қаймақ 36 сағат қосу 2-ден қосу
8-ге дейін
Майлы және емдәмдік сүзбе 36 сағат қосу 2-ден қосу
8-ге дейін
Майсыз сүзбе 24 сағат қосу 2-ден қосу
8-ге дейін
Сүзбеден жартылай дайындалған 24 сағат қосу 2-ден қосу
фабрикаттар, сірнеқұймақ, 8-ге дейін
сірнеқұймаққа арналған қамыр,
бос вареникке арналған қамыр,
мейізді сүзбені пісіруге арналған
жартылай дайындалған фабрикаттар
Сүзбеден жасалған варениктер 24 сағат алу 5-тен жоғары
емес
Сірнеқұймақ-сүзбеден жасалған 36 сағат қосу 0-ден қосу
тамақтар оның ішінде глазурленген 2-ге дейін
сірнеқұймақтар
Глазурленген сүзбеден жасалған 24 сағат 2-ден қосу 6-ға
сірнеқаймақ дейін
Сүзбеден жасалған пісірме және пудинг 48 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Сүзбеден жасалған тағамдар 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Мейіз қосылған сүзбеден жасалған 36 сағат 0-ден қосу 2-ге
майлы және жартылай майлы зразалар дейін
Полимерлі материалдан жасалған
қораптағы кілегейлі ірімшік:
тәтті және жеміс-жидектік 48 сағат 0-ден қосу 2-ге
дейін
ащы, кеңестік, рокфорлы түрлері 72 сағат 0-ден қосу 2-ге
дейін
Жұмсақ ірімшік және жетілдірілмеген
тұздықтама 48 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Ірімшіктік май 48 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Оралған сары май 10 тәулік 0-ден қосу 2-ге
дейін
Балалар тамағына арналған азық-түлік 0-ден қосу 2-ге
дейін
Шыны құтыға құйылған балалар айраны, 24 сағат қосу 2-ден қосу
балаларға арналған сүзбе, шыны 6-ға дейін
құтыдағы ацидофилді "Малютка" қоспасы
Пакеттегі бала айраны, пакеттегі 36 сағат қосу 2-ден қосу
ацидофилді "Малютка" қоспасы 6-ға дейін
Балалар сүт кухнясының өнімдері-сүт, 24 сағат қосу 2-ден қосу
клегейлер, кашалар (айран, сүзбе, 6-ға дейін
балдырған)
Жаңа технология бойынша дайындалаған
сүт және сүт өнімдері
Стерилді гомогенделген сүт 21 сағат 2-ден қосу 6-ға
және кілегей дейін
Тұмшаланған ыдысқа құйылған 5 тәулік 2-ден қосу 6-ға
пастерленген сүт дейін
Шоколадты пастерленген сүт 5 тәулік 2-ден қосу 6-ға
дейін
"Ерекше" айраны, 1% "Классикалық" тәулік 2-ден қосу 6-ға
биоайран, айран дейін
"Бифидок" айран, майлы айран 7 тәулік 2-ден қосу 6-ға
дейін
Ішетін йогурт 14 тәулік 2-ден қосу 6-ға
дейін
Биойогурт 21 тәулік 2-ден қосу 6-ға
дейін
15%, 20%, 36%-ды үй қаймағы 7 тәулік 2-ден қосу 6-ға
дейін
10% "Асхана" қаймағы, жеңсіктік 15 тәулік 2-ден қосу 6-ға
(деликатесная) дейін
Сүзбе жеңсігі 14 тәулік 2-ден қосу 6-ға
дейін
Ірімшікті езбе 14 тәулік 2-ден қосу 6-ға
дейін
Жұмсақ ірімшік 14 тәулік 0-ден қосу 6-ға
дейін
Тұзсүзбе 21 күн 2-ден қосу 6-ға
дейін
Асхана ірімшігі: ауасы сорылған 10 тәулік 0-ден қосу 6-ға
дейін
қорапқа өлшеп буылған 20 тәулік 2-ден қосу 4-ке
дейін
Сулугуни ірімшігі: ауасы сорылған 5 тәулік 0-ден қосу 4-ке
дейін
қорапқа өлшеп буылған 20 тәулік 0-ден қосу 4-ке
дейін
Қосымшалары қосылған және қосылмаған 36 сағат қосу 8-ден жоғары
емес
глазурленген ірімшікті сүзбе 30 тәулік алу 18-ден жоғары
емес
Соя атбас бұршағын пайдалана отырып,
өңделген өнімдер
Акар (соя атбас бұршағының жұмсақ 30 тәулік алу 18
ортасы)
Көкөністер, котлеттер, биточкалар, 30 тәулік алу 18
фрикаделькалар қосылған акарадан
жасалған жартылай дайындалған
фабрикаттар
Тофу сүзбесі, тәтті және тұздалған 7 тәулік 0-ден қосу 6-ға
ірімшіктер дейін
Соя сүті, сүтті соя сусыны 36 сағат 0-ден қосу 6-ға
дейін
Соя айраны және йогурты 72 сағат 0-ден қосу 6-ға
дейін
Соялы "Картоп" пирожныйы 72 сағат 0-ден қосу 2-ге
дейін
Көкөністің жартылай фабрикаттары:
Шикі тазартылған сульфиттелген
картоп 48 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Жаңа піскен қорғалған ақ қауданды 12 сағат қосу 2-ден қосу
қырыққабат 6-ға дейін
Тазартылған сәбіз, қызылша, 24 сағат қосу 2-ден қосу
басты пияз 6-ға дейін
Тазартылған көк (ақжелкек, 6 сағат қосу 2-ден қосу
балдыркөк, аскөк, эстрагон, 6-ға дейін
ботташық, кинза, насыбайгүл,
пияздың сабағы, рихан)
Көктің түбірі 12 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Жылы өңдеуден өткен жартылай
фабрикаттар
Қырыққабаттан, сәбізден, 12 сағат қосу 2-ден қосу
көкөністен, картоп пен еттен 6-ға дейін
жасалған пісірме
Қырыққабаттан, сәбізден, қызылшадан, 12 сағат қосу 2-ден қосу
картоптан жасалған биточка мен 6-ға дейін
котлеттер
Қырыққабаттан жасалған шницель 12 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Пірестелген пияз, сәбіз 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Қаныққан тұздықтар:
Негізгі қызыл және томатты, 72 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
негізгі ақ, қаймақтың түрлері 48 сағат
Голубцы-жартылай дайындалған 12 сағат қосу 2-ден қосу
фабрикаттар (етпен және күрішпен, 6-ға дейін
балықпен және күрішпен, сүзбемен
және күрішпен, шикі сөкпен және
қыртыс майымен бірге дайындалған
көкөністер)
Ашытылған қырыққабаттан жасалған 24 сағат қосу 2-ден қосу
салат 6-ға дейін
Тазартылмаған қайнатылған көкөністер 6 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Тазартылған қайнатылған көкөністер:
Картоп 18 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Қызылша, сәбіз 24 сағат
Тазартылып, қайнатылған кесілмеген 12 сағат қосу 2-ден қосу
көкөністер 6-ға дейін
Араластырылмаған күйдегі барлық 6 сағат қосу 2-ден қосу
түрдегі салаттар, винегреттер 6-ға дейін
Көкөністен жасалған, көп компонентті 3 сағат қосу 2-ден қосу
араластырылған суық тамақтар 6-ға дейін
Шығыс салаттары 6 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Ұннан жасалған жартылай дайындалған 9 сағат қосу 2-ден қосу
фабрикаттар 6-ға дейін
Ашытылған және қайнақты қамыр 72 сағат алу 10-нан төмен
емес
Ашымаған қамыр 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
72 сағат алу 10-нан төмен
емес
Үгілме қамыр 36 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Құймақ дайындамасы 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
пайдалануға дайын, сүзбе, ірімшік, 24 сағат 0-дан алу 5-ке дейін
жеміс-жидек турамасымен бірге ет
қосылған құймақ
сүзбе және ет қосылған құймақтар 6 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
72 сағат қосу 5-тен төмен
емес
Аспаздық өнімдер:
ірімшікті таяқшалар 48 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
жартылай ашылған, ашытылып ірімшік. 12 сағат қосу 15-тен жоғары
пен, павидломен және жеміс-жидектен емес
жасалған салмалы ватрушкалар,
сочниктер, пирогтар
қуырылған, чебуректер, беляштар, 6 сағат қосу 15-тен жоғары
самса, пісірілген (етпен, жұмыртқа. емес
мен, сүзбе, қырқабатты, өкпе-бауыр,
ішек-қарын және тағы басқа да
салмалармен) кулебяктер, расстегайлар
бауырсақтар, томпақ бауырсақтар 16 сағат қосу 20-тан жоғары
емес
24 сағат 0-ден алу 5-ке дейін
Жарма өнімдері:
тары және жарма қосқан биточкалар, 18 сағат қосу 2-ден қосу
котлеттер 6-ға дейін
Аспаздық өнімдер қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
жармалық, күріштік, күріштік 12 сағат қосу 2-ден қосу
сүзбемен жасалған пісірме 6-ға дейін
сүттен, күріштен жасалған пудинг 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Сүзбе қосылған жарма 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Торттар және пирожныйлар:
кремсіз әрленген, ақ уызды 36 сағат қосу 2-ден қосу
көпіртілген кремммен немесе жеміс- 6-ға дейін
жидекпен әрленген
кілегейлі кремдермен 36 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
қайнатқан кремнен, көпіртілген 6 сағат 0-ден қосу 2-ге
кілегейден жасалған крем дейін
Салмасы бар бисквитті орамалар:
кілегейлі креммен 36 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
сүзбелі, жеміс-жидекті 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Желелер, самбуктер, мусстар 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Кілегейлі және сүзбелі - жеміс- 24 сағат қосу 2-ден қосу
жидекті кремдер 6-ға дейін
Көпіртілген кілегей 6 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Сүзбе торты 24 сағат қосу 2-ден қосу
6-ға дейін
Сусындар:
өнеркәсіпте өндірілген пастерленбеген 48 сағат қосу 2-ден қосу
наннан жасалған квас 6-ға дейін
қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде 48 сағат қосу 2-ден қосу
өндірілетін алкогольсіз сусындар 6-ға дейін
ашытылған бидай және жарма негізінде 48 сағат қосу 2-ден қосу
жасалған ұлттық сусындар 6-ға дейін ____________________________________________________________________