Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 3 маусымдағы N 207. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 4 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1906.

Жаңартылған

      "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126-II ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
      3. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
      4. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) Ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесi қолданылатын тұлғалар 90 күнтiзбелiк күн iшiнде сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға көрсетiлген мерзiм iшiнде растау құжаттарын ұсына отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру туралы, не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларын тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы иелену, пайдалану және басқару үлесін бес проценттен төмен деңгейге дейін азайту туралы өтініш беруге міндетті.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін. 

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкi Басқармасының 
"Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымына бақылау жасау құқығын
иемденуге рұқсат беру ережесiн
бекiту туралы" 2002 жылғы 
3 маусымдағы N 207 қаулысымен
бекiтiлген          

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына
бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру
ережесi

      Ескерту: Ереженiң мәтiнiндегi "уәкiлеттi мемлекеттiк орган", "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416 қаулысымен .

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi, уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат (бұдан әрi - рұқсат) беру тәртiбiн және оны беруден бас тарту негiздерiн айқындайды.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416 қаулысымен .

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (бұдан әрi - сақтандыру ұйымы) бақылау жасау құқығын иемденген тұлға сақтандыру ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес процентiнен астамын тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы иеленетiн, пайдаланатын немесе билiк ететiн заңды немесе жеке тұлға болып табылады.

      2-1. Заңды немесе жеке тұлғаның аффилиирленген тұлғалары:
      сақтандыру ұйымының акционерi болып табылатын және сақтандыру ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бестен көп процентiмен дауыс беру мүмкiндiгi бар тұлғалардың; немесе
      сақтандыру ұйымының акционерi болып табылатын және сақтандыру ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бестен көп процентiмен дауыс беру мүмкiндiгi бар тұлғалардың акцияларының (қатысу үлесiнiң) отыз бес немесе одан көп процентiн тiкелей немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы иеленген (дауыс беру мүмкiндiгi бар) тұлғалардың акцияларының (қатысу үлесiнiң) отыз бес немесе одан көп процентiн иеленген (дауыс беру мүмкiндiгi болған) жағдайда заңды немесе жеке тұлға сақтандыру ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен көбiн иеленген болып танылады.
      Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416 қаулысымен .

      3. Тұлғалардың ешқайсысы уәкiлеттi орган берген рұқсатты алмай сақтандыру ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге құқылы емес.

2. Рұқсат беру тәртiбi және рұқсат беруден
бас тарту негiздерi

      4. Сақтандыру ұйымына бақылау жасау құқығын иемдену ниетi бар заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) рұқсат беру туралы уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiруге құқылы.

      5. Өтiнiш еркiн нысанда жазылады және мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынылады:
      1) жеке тұлға - осы Ереженiң N 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш берушi туралы деректер, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
      2) заңды тұлға:
      осы Ереженiң N 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш берушi туралы деректер;
      өтiнiш берушiнiң нотариат куәландырған және заңда белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттары;
      түсiндiрме жазбасын қоса бере отырып соңғы аяқталған екi жылдың (не заңды тұлға құрылған сәттен бастап бiр аяқталған жылдың, eгep бұл мерзiм екi жылдан кем болса), сондай-ақ рұқсат беру туралы өтiнiш беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы қаржылық есебi. Бұл ретте соңғы қаржылық есеп аудиторлық ұйымның аудиторлық есебiмен расталуы тиiс;
      өтiнiш берушiнiң сақтандыру ұйымы алдында мерзiмi өткен және (немесе) баланстан тыс жатқызылған берешегiнiң болмауын растайтын құжаттар.
      Аталған құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде ғана ұсынылады. Басқа тiлден аударылған құжаттардың аудармасын нотариат куәландыруы тиiс.
      Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416 қаулысымен .

      6. Егер сақтандыру ұйымын бақылау құқығын екi және одан да көп тұлғалар иемденсе, олардың әрқайсысы рұқсат алуға қажеттi рұқсатты дербес ұсынуға тиiс.

      7. Рұқсат беру туралы мәселенi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi осы Ереженiң 5-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiн ұсынған күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.

      8. Өтiнiш берушiнiң қаржылық тұрақсыздығы жағдайында уәкiлеттi орган рұқсат беруден бас тартуы мүмкiн.
      9. Өтiнiш берушiнiң қаржылық тұрақсыздық белгiлерi мынадай факторлардың бiрi болып табылады:
      1) өтiнiш берушiнiң мiндеттемелерi оның активтерiнен асып кетедi;
      2) егер өтiнiш берушiнiң соңғы екi қаржылық жыл iшiндегi қызметiнiң нәтижесi зиян болып табылса;
      3) өтiнiш берушiнiң мiндеттемелерiнiң мөлшерi сақтандыру ұйымының қаржылық жай-күйiне айтарлықтай қауiп төндiредi;
      4) өтiнiш берушiнiң сақтандыру ұйымы алдындағы мерзiмi өткен және (немесе) сақтандыру ұйымының балансынан тыс есебiне жатқызылған берешегiнiң болуы.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416 қаулысымен .

      10. Уәкiлеттi орган рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып жазбаша хабарлауға міндеттi.

      11. Уәкiлеттi органның сақтандыру ұйымын бақылау құқығына рұқсаты бар тұлға он күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға растама құжаттарын ұсына отырып сақтандыру ұйымына тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалары арқылы қатысу үлесiнiң өзгеруi туралы жазбаша хабарлайды.
      Бұл ретте дауыс беретiн акциялардың үлесiн өзгертуге уәкiлеттi органның рұқсаты талап етiлмейдi.
      Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416 қаулысымен .

      11-1. Уәкiлеттi органның сақтандыру ұйымын бақылау құқығына рұқсатын алған тұлға аталған рұқсатты алған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға сақтандыру ұйымына дауыс беретiн акциялардың үлесiн тiкелей немесе аффилиирленген тұлғасы арқылы сатып алу фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынады.
      Ескерту: 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416 қаулысымен .

3. Қорытынды ережелер

      12. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiлетiн болады.

      Төраға

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкi Басқармасының 
2002 жылғы 3 маусымдағы  
N 207 қаулысымен бекiтiлген
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымына бақылау жасау құқығын
иемденуге рұқсат беру ережесiне
N 1 қосымша

      Ескерту: 1-қосымша толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416 қаулысымен .

ӨТIНIШ БЕРУШI (ЖЕКЕ ТҰЛҒА) ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТТЕР

____________________________________________________________________            (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
1. Өтiнiш берушiнiң аты-жөнi_______________________________________
___________________________________________________________________
2. Туған күнi______________________________________________________
3. Азаматтығы______________________________________________________
4. Жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер (нөмiрi, сериясы,
берiлген күнi және кiм берген)_____________________________________
___________________________________________________________________
5. Мекен-жайы______________________________________________________
6. Жұмыс орны, қызметi_____________________________________________
7. Бiлiмi _________________________________________________________
          (оқу орнын, аяқталған жылын, мамандығын көрсету керек)
8. Еңбек қызметi туралы қысқаша резюме_____________________________
___________________________________________________________________
                   (мекен-жайы, қызметi, жұмыс уақыты)
9. Өтiнiш берушiнiң сақтандыру ұйымының жарғылық капиталындағы үлесi
(оның iшiнде басқа акционерлермен бiрге үлесi)_______________
___________________________________________________________________
(қажет болған жағдайда басқа акционерлердiң де үлесiн көрсету керек)
10. Акционердiң басқа да заңды тұлғалардың жарғылық капиталына
(тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы) қатысуы туралы
мәлiметтер:
- осы ұйымдардың атауы және мекен-жайы
____________________________________________________________________
- осы ұйымдардың мемлекеттiк тiркелуi туралы мәлiметтер
____________________________________________________________________
- олардың қызметiнiң түрi (қызметiнiң түрiн атап көрсетiңiз)
____________________________________________________________________
- осындай заңды тұлғаның әрқайсысының жарғылық капиталдағы үлесi
________________________
    (қолы, күні)

11. Құрылтайшының жақын туыстарының (әкесi, шешесi, аға-iнiсi,
апа-қарындасы, жұбайы, балалары) сақтандыру ұйымының немесе өзге де
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы, сондай-ақ -
тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын әкесi,
шешесi, аға-iнiсi, апа-қарындасы, балалары, жұбайы туралы
мәлiметтер:
- осы ұйымдардың атауы және мекен-жайы
____________________________________________________________________
- осы ұйымдардың мемлекеттiк тiркелуi туралы мәлiметтер
____________________________________________________________________
- олардың қызметiнiң түрi (қызметiнiң түрiн атап көрсетiңiз)
____________________________________________________________________
- осындай заңды тұлғаның әрқайсысының жарғылық капиталдағы үлесi
12. Сақтандыру ұйымы акционерiнiң дауыс беретiн акциялар сатып алуға
арналған ақшаның шығуы ________________________________
13. Сақтандыру ұйымының акционерi мүлкiнiң (жылжымалы, жылжымайтын)
тiзбесi ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
оның iшiнде кепiлге салынғаны ______________________________________
___________________
    (қолы, күні)

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкi Басқармасының 
2002 жылғы 3 маусымдағы  
N 207 қаулысымен бекiтiлген
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымына бақылау жасау құқығын
иемденуге рұқсат беру ережесiне
N 2 қосымша

ӨТIНIШ БЕРУШI (ЗАҢДЫ ТҰЛҒА)
ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТТЕР

____________________________________________________________________              (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
1. Өтiнiш берушiнiң атауы __________________________________________
____________________________________________________________________                           (ұйымның толық атауы)
2. Өтiнiш берушiнiң мекен-жайы______________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
            (почта индексi және мекен-жайы, телефоны, факс)
3. Мемлекеттiк тiркелгенi туралы мәлiметтер_________________________
____________________________________________________________________
           (құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi, кiм берген)
4. Қызметтiң мәнi___________________________________________________
____________________________________________________________________                (қызметiнiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн)
5. Қазақстан Республикасының резидентi, резидент емесi болып санала
ма (резидент емес болса, қай елдiң резидентi екендiгi көрсетiлсiн)
____________________________________________________________________
6. Өтiнiш берушiнiң бiрiншi басшысы туралы ақпарат
____________________________________________________________________                     (аты-жөнi, туған күнi, айы, жылы)
Бiлiмi______________________________________________________________
____________________________________________________________________
          (оқу орнын, аяқталған жылын, мамандығын көрсету керек)
7. Өтiнiш берушiнiң сақтандыру ұйымының жарғылық капиталындағы
үлесi (оның iшiнде басқа акционерлермен бiрге үлесi) _______________
____________________________________________________________________
(қажет болған жағдайда басқа акционерлердiң үлесiн де көрсету керек)
8. Өтiнiш берушiнiң басқа да заңды тұлғалардың жарғылық капиталына
қатысуы туралы мәлiметтер:
- осы ұйымдардың атауы және мекен-жайы _____________________________
- осы ұйымдардың мемлекеттiк тiркелуi туралы деректер
____________________________________________________________________
- олардың қызметiнiң түрi (қызметiнiң түрiн атап көрсетiңiз)________
____________________________________________________________________
- осындай заңды тұлғаның әрқайсысының жарғылық капиталдағы үлесi
____________________________________________________________________
9. Өтiнiш берушiнiң заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы 10%-тен
кем болмайтын акционерлерiнiң/қатысушыларының тiзбесi:
- осы ұйымдардың атауы және тұрған орны, не аты-жөнi және мекен-жайы
____________________________________________________________________
- олардың қызметiнiң түрi (қызметiнiң түрiн атап көрсетiңiз)
____________________________________________________________________
- өтiнiш берушiнiң жарғылық капиталдағы үлесi
____________________________________________________________________
(басшының қолы, күнi)

_______________________
    (ұйымның мөрi)