Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1906 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 207

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2638. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 470-104-жолдың 2-бағаны "Шығыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Сәрсен Аманжолов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 470-133-жолдың 2-бағаны "Солтүстiк Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Манаш Қозыбаев атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 470-137-жолдың 2-бағаны "Батыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Махамбет Өтемiсов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 470-155-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 470-170-жолдың 2-бағаны "Батыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Жәңгiр хан атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі