1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
3. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
4. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) Ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесi қолданылатын тұлғалар 90 күнтiзбелiк күн iшiнде сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға көрсетiлген мерзiм iшiнде растау құжаттарын ұсына отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру туралы, не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларын тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы иелену, пайдалану және басқару үлесін бес проценттен төмен деңгейге дейін азайту туралы өтініш беруге міндетті.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 207 қаулысымен бекiтiлген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына
бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Z000126_ Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi, уәкiлеттi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат (бұдан әрi - рұқсат) беру тәртiбiн және оны беруден бас тарту негiздерiн айқындайды.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (бұдан әрi - сақтандыру ұйымы) бақылау жасау құқығын иемденген тұлға сақтандыру ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес процентiнен астамын тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы иеленетiн, пайдаланатын немесе билiк ететiн заңды немесе жеке тұлға болып табылады.
3. Тұлғалардың ешқайсысы уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген рұқсатты алмай сақтандыру ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге құқылы емес.
2. Рұқсат беру тәртiбi және рұқсат беруден бас тарту негiздерi
4. Сақтандыру ұйымына бақылау жасау құқығын иемдену ниетi бар заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) рұқсат беру туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органға өтiнiш бiлдiруге құқылы.
5. Өтiнiш еркiн түрде жазылады және мынадай құжаттармен қоса берiледi:
1) осы Ереженiң N 1 қосымшасына сәйкес өтiнiш берушi - жеке тұлға туралы мәлiметтер, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат растаған көшiрмесi;
2) осы Ереженің N 2 қосымшасына сәйкес өтiнiш берушi - заңды тұлға туралы мәліметтер;
3) өтiнiш берушiнiң нотариат растаған және заңдарда белгiленген тәртіппен ресiмделген құрылтай құжаттары, оған қоса жарғысы мен құрылтай шарты;
4) өтiнiш берушiнiң аяқталған соңғы үш жылдағы (не заңды тұлға құрылған кезден бастап егер бұл мерзiм үш жылдан кем болса, әрбiр аяқталған қаржы жылындағы), сондай-ақ аудиторлық ұйымның аудиторлық есебiмен куәландырылған рұқсат беру туралы өтiнiшiнiң алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы қаржылық есебімен бірге оның түсiндiрме жазбасы.
6. Егер сақтандыру ұйымын бақылау құқығын екi және одан да көп тұлғалар иемденсе, олардың әрқайсысы рұқсат алуға қажеттi рұқсатты дербес ұсынуға тиiс.
7. Рұқсат беру туралы мәселенi уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушi осы Ереженiң 5-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiн ұсынған күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
8. Өтiнiш берушiнiң қаржылық тұрақсыздығы жағдайында уәкiлеттi
мемлекеттiк орган рұқсат беруден бас тартуы мүмкiн. 9. Өтiнiш берушiнiң қаржылық тұрақсыздық белгiлерi мынадай факторлардың бiрi болып табылады: 1) өтiнiш берушiнiң мiндеттемелерi оның активтерiнен асып кетедi; 2) соңғы екi қаржы жылындағы қызмет нәтижелерi бойынша шығындар; 3) өтiнiш берушiнiң мiндеттемелерiнiң мөлшерi сақтандыру ұйымының қаржылық жай-күйiне айтарлықтай қауiп төндiредi; 4) өтiнiш берушiнiң сақтандыру ұйымы алдындағы мерзiмi өткен және (немесе) сақтандыру ұйымының балансынан тыс есебiне жатқызылған берешегiнiң болуы. 10. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып жазбаша хабарлауға міндеттi. 11. Берiлген рұқсатта сақтандыру ұйымына бақылау жасау құқығын алатын адамның сақтандыру ұйымының жарғылық капиталындағы үлесi көрсетiлуге тиiс. 3. Қорытынды ережелер 12. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiлетiн болады. Төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 207 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесiне N 1 қосымша
ӨТIНIШ БЕРУШI (ЖЕКЕ ТҰЛҒА) ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТТЕР
________________________________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы) 1. Өтiнiш берушiнiң аты-жөнi ___________________________________________ ________________________________________________________________________ 2. Туған күнi __________________________________________________________ 3. Азаматтығы __________________________________________________________ 4. Жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер (нөмiрi, сериясы, берiлген күнi және кiм берген) _________________________________________ ________________________________________________________________________ 5. Мекен-жайы __________________________________________________________ 6. Жұмыс орны, қызметi _________________________________________________ 7. Бiлiмi ________________________________________________________________________ (оқу орнын, аяқталған жылын, мамандығын көрсету керек) 8. Еңбек қызметi туралы қысқаша резюме _________________________________ ________________________________________________________________________ (мекен-жайы, қызметi, жұмыс уақыты) 9. Өтiнiш берушiнiң сақтандыру ұйымының жарғылық капиталындағы үлесi (оның iшiнде басқа акционерлермен бiрге үлесi) _________________________ ________________________________________________________________________ (қажет болған жағдайда басқа акционерлердiң де үлесiн көрсету керек) 10. Акционердiң басқа да заңды тұлғалардың жарғылық капиталына (тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы) қатысуы туралы мәлiметтер: - осы ұйымдардың атауы және мекен-жайы ________________________________________________________________________ - осы ұйымдардың мемлекеттiк тiркелуi туралы мәлiметтер ________________________________________________________________________ - олардың қызметiнiң түрi (қызметiнiң түрiн атап көрсетiңiз) ________________________________________________________________________ - осындай заңды тұлғаның әрқайсысының жарғылық капиталдағы үлесi ________________________ (қолы, күні)
11. Құрылтайшының жақын туыстарының (әкесi, шешесi, аға-iнiсi, апа-қарындасы, жұбайы, балалары) сақтандыру ұйымының немесе өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы, сондай-ақ - тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын әкесi,
шешесi, аға-iнiсi, апа-қарындасы, балалары, жұбайы туралы мәлiметтер: - осы ұйымдардың атауы және мекен-жайы ________________________________________________________________________ - осы ұйымдардың мемлекеттiк тiркелуi туралы мәлiметтер ________________________________________________________________________ - олардың қызметiнiң түрi (қызметiнiң түрiн атап көрсетiңiз) ________________________________________________________________________ - осындай заңды тұлғаның әрқайсысының жарғылық капиталдағы үлесi ___________________ (қолы, күні)
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 207 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесiне N 2 қосымша
ӨТIНIШ БЕРУШI (ЗАҢДЫ ТҰЛҒА) ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТТЕР
________________________________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы) 1. Өтiнiш берушiнiң атауы ______________________________________________ ________________________________________________________________________ (ұйымның толық атауы) 2. Өтiнiш берушiнiң мекен-жайы _________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (почта индексi және мекен-жайы, телефоны, факс) 3. Мемлекеттiк тiркелгенi туралы мәлiметтер ____________________________ ________________________________________________________________________ (құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi, кiм берген) 4. Қызметтiң мәнi ______________________________________________________ ________________________________________________________________________ (қызметiнiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн) 5. Қазақстан Республикасының резидентi, резидент емесi болып санала ма (резидент емес болса, қай елдiң резидентi екендiгi көрсетiлсiн) ________________________________________________________________________ 6. Өтiнiш берушiнiң бiрiншi басшысы туралы ақпарат ________________________________________________________________________ (аты-жөнi, туған күнi, айы, жылы) Бiлiмi _________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (оқу орнын, аяқталған жылын, мамандығын көрсету керек) 7. Өтiнiш берушiнiң сақтандыру ұйымының жарғылық капиталындағы үлесi (оның iшiнде басқа акционерлермен бiрге үлесi) ___________________ ________________________________________________________________________ (қажет болған жағдайда басқа акционерлердiң үлесiн де көрсету керек) 8. Өтiнiш берушiнiң басқа да заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы мәлiметтер: - осы ұйымдардың атауы және мекен-жайы _________________________________ - осы ұйымдардың мемлекеттiк тiркелуi туралы деректер ________________________________________________________________________ - олардың қызметiнiң түрi (қызметiнiң түрiн атап көрсетiңiз) ___________ ________________________________________________________________________ - осындай заңды тұлғаның әрқайсысының жарғылық капиталдағы үлесi ________________________________________________________________________ 9. Өтiнiш берушiнiң заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы 10%-тен кем болмайтын акционерлерiнiң/қатысушыларының тiзбесi: - осы ұйымдардың атауы және тұрған орны, не аты-жөнi және мекен-жайы ________________________________________________________________________ - олардың қызметiнiң түрi (қызметiнiң түрiн атап көрсетiңiз) ________________________________________________________________________ - өтiнiш берушiнiң жарғылық капиталдағы үлесi ________________________________________________________________________ (басшының қолы, күнi) _______________________ (ұйымның мөрi) Мамандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.