Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 N 251 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Жерүстi телерадио хабарларын тарату жұмысы үшiн бөлiнген шектеулi мемлекеттiк ресурс-радиожиiлiк спектрiн тиiмдi пайдалануды арттыру, телерадиобағдарламаларға деген халықтың сұранысын барынша толық қанағаттандыру және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 ақпандағы "Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткiзу жөнiндегi Комиссияны құру туралы" N 203 қаулысының 2-тармағын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткiзу Ережесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 N 251 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне жүктелсін.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 286 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2009.05.18. N 69 Бұйрықтарымен.
Мәдениет, ақпарат
және қоғамдық келісім
министрінің міндетін атқарушы
Келiсiлдi
Көлік және коммуникация
бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келiсiм министрiнiң
2002 жылғы 12 ақпандағы
N 32 бұйрығымен бекітiлген
Қазақстан Республикасында телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткiзу
Ережесi
Ескерту. Ереженің атауында және бүкіл мәтін бойынша «жерүсті телерадио хабарларын тарату» сөздері «телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату» сөздерімен ауыстырылды - ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 N 251 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-3-бабының 3)-тармақшасына сәйкес әзірленді және конкурс өткізудiң шарттарын және оған жеке және заңды тұлғалардың қатысуын айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 N 251 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
2. Конкурс өткізу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) қабылдайды.
Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – Үміткер) конкурсқа қатысу туралы өтінімдерін қарауды және жеңімпазды айқындау бойынша шешім қабылдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған Қазақстан Республикасында телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 286 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2009.05.18. N 69, ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 N 251 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
2. Конкурсты өткiзуге дайындық
3. Уәкiлеттi орган конкурсты өткiзудiң ұйымдастырушысы болып саналады.
4. Конкурсты өткiзу мерзiмi мен шарты туралы ақпараттық хабарламалар оны өткізу күніне дейін отыз күнтізбелік күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ақпараттық хабарлама мынадай мәлiметтер бередi:
1) конкурстың өту уақыты, мерзiмi мен орны;
2) телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру үшін бөлiнген радиожиілiк номиналдары және елдi мекендер/аймақтардың атаулары көрсетілген оның шарттары туралы мәлiметтер;
3) өтiнiштердi қабылдау және құжаттарды алу орны, жиiлiктiң нақты номиналдарын пайдалану жөнiндегi шығармашылық, техникалық, қаржылық және өзге де талаптар, конкурс жайлы басқа да мәлiметтер, өтiнiштердi қабылдау мерзiмi және конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тiзбесi;
4) Алынып тасталды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2009.05.18. N 69 Бұйрығымен.
5) Алынып тасталды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2009.05.18. N 69 Бұйрығымен.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2009.05.18. N 69 Бұйрығымен.
5. Алынып тасталды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2009.05.18. N 69 Бұйрығымен.
3. Конкурсты өткізу шарттары және
оған қатысудың тәртібі
Ескерту: 3-бөлім (6-21-тармақтар) жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 286 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).
6. Конкурсқа қатысуға уақытында өтініш беріп, осы Ережеге сәйкес рәсімделген құжаттарды ұсынған Үміткерлер жіберіледі.
7. Үміткердің конкурсқа қатысуға берген өтінішінде осы Ережеде белгіленген және конкурсты өткізу туралы жарияланған ақпараттық хабарламаларда келтірілген шарттар бойынша ниеті білдіріледі. Құжаттары қоса тіркелген өтініштер ақпараттық хабарламалар жарияланған күннен бастап қабылданып, конкурстың басталуына он күн қалғанда аяқталады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2009.05.18. N 69 Бұйрығымен.
8. Конкурс Үміткерлері конкурс шарттарының барлық тармақтары бойынша түсініктеме алу үшін Комиссияның жұмысшы органына Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне өтініш жасайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 N 251 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
9. Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау аяқталғанша Үміткер өзінің тіркелген өтінішін Комиссияға осы хабарламаның көшірмесін жібере отырып, уәкілетті органды жазбаша құлағдар ету жолымен кері қайтарып алуына құқы бар.
10. Конкурсқа қатысуға өтінішті Үміткердің өкілі берген жағдайда, ол Үміткердің атынан іс-қимыл жасауға құқық беретін тиісінше рәсімделген сенімхатты көрсетуі керек.
11. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтініш пен құжаттар қабылданбайды. Құжаттарды қабылдауға жауапты адам ұсынылған құжаттарға өтінішті қабылдамау себебін жаза отырып қайтарады.
12. Үміткер конкурсқа қатысуға мына жағдайларда жіберілмейді:
1) ұсынылған құжаттар осы Ережеде қарастырылған талаптарға жауап бере алмаса;
2) өтінішті Үміткердің атынан іс-қимыл жасауға өкілділігі жоқ адам өткізсе.
Аталған негіздер Үміткерді конкурсқа қатысуға жібермеудің себептері болып саналады.
13. Уәкілетті орган Үміткерлердің конкурсқа қатысу үшін берген өтініштерінің және оған қоса ұсынылған құжаттардың, сондай-ақ өтініш иелері туралы құпиялардың және олар ұсынған құжаттардың мазмұнының сақталуы жөніндегі барлық шараларды қолданады.
14. Конкурсқа қатысу кезінде Үміткер мына құжаттарды ұсынады:
1) өтінім әрбір радиожиілік бойынша жеке ұсынылады (1-қосымша);
2) Үміткердің (қосымша 2) қолы қойылған шығармашылық, техникалық, қаржылық және өзге де талаптарды орындау жөніндегі міндеттемелерді;
3) белгіленген тәртіппен расталған мына құжаттардың көшірмелерін:
жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын және кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттар;
заңды тұлға үшін - мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркеу) куәлік, құрылтай құжаттары.
Осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға желімделген конвертте тігілген түрде, нөмірленген беттерімен және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін егер осындай болса) расталып ұсынылады.
Үміткер басқа ұсыныстар береді.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2009.05.18. N 69, ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 N 251 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
15. Комиссия өтінімдер және өзге құжаттар салынған конверттерді конкурсты өткізу жөніндегі ақпараттық хабарламада көрсетілген жерде және мерзімде, конкурсқа қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен ашады.
Конкурсқа қатысатын өтінімдер салынған конверттерді ашқан күні Комиссияның жұмыс органы конверттерді ашу хаттамасын дайындайды.
Конверттерді ашу хаттамасына төраға және қатысқан барлық Комиссия мүшелері, сондай-ақ хатшы қол қояды.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 N 251 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
16. Комиссия өтінімдерді және өзге құжаттарды конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды және конкурстың қорытындыларын жасайды.
17. Конверттерді ашқаннан кейін бес жұмыс күнінің ішінде сараптамалық қорытынды дайындайды.
Мамандар Үміткерлер ұсынған қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды береді және олардың конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді және оған мамандардың қолдары қойылады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 N 251 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
18. Үміткерлердің өтінімдерін қарау, сондай-ақ конкурстың жеңімпазын анықтау конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген әрбір радиожиілік бойынша жүзеге асырылады.
Егер конкурсқа бір ғана Үміткер қатысуға жіберілген болса, онда радиожиілік жөніндегі конкурс өткізілмеген болып танылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2009.05.18. N 69 Бұйрығымен.
19. Радиожиіліктің нақты номиналдарын пайдалана отырып телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату құқығын иелену үшін өткізілген конкурстың жеңімпаздары комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы айқындалады.
Үздік шығармашылық, техникалық және қаржылық ұсыныстар берген қатысушы конкурстың жеңімпазы деп танылады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2009.05.18. N 69 Бұйрығымен.
20. Конкурстың қорытындылары төрағаның және Комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
Конкурстың нәтижелері Комиссияның отырысында жеңімпаздарды анықтайтын күні хабарланады және екі жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 N 251 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
21. <*>
Ескерту. 21-тармақ алынып тасталды - ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 N 251 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
4. Конкурсты өткiзу тәртiбi
Ескерту: 4-бөлім (17-20-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 286 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз ).
1-қосымша
Қазақстан Республикасында жерүстi
телерадио хабарларын тарату құқығын
алуға конкурс өткiзу жөнiндегі
Комиссияға
Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату құқығын алуға
Өтiнiш
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2009.05.18. N 69 Бұйрығымен.
Жалпы мәлiметтер:
1. Заңды тұлғаның толық атауы/
жеке тұлғаның аты, жөнi, тегi ____________________________
2. Заңды мекен-жайы: ____________________________
3. Телефондары мен факстерiнiң ____________________________
нөмiрлерi:
4. Алынып тасталды
5. Хабардың атауы мен тақырыптық ____________________________
бағыты:
6. Хабар таратудың жоспарланып ____________________________
отырған көлемi:
Жалпы: ____________________________
Жеке өзiнікi, оның ішінде көшіріп ____________________________
алынатын хабарлар:
7. Хабарлардың тілдiк көлемi: ____________________________
Мемлекеттiк ____________________________
Орыс тiлiнде ____________________________
өзге де тiлдерде ____________________________
8. Жоспарланған жарнаманың ____________________________
көлемi мен жиiлiгi:
Техникалық деректер: ____________________________
9. Конкурстық хабарламаға сәйкес ____________________________
пайдалану үшін жоспарланып
отырған жиілік номиналы:
10. Қолда бар тұрақты студиялық ____________________________
құрал-жабдықтар:
11. Таратушы станцияның ____________________________
қуаттылығы, ВТ:
12. Студияның орналасқан жерi, ____________________________
бағдарламаларды беру тәсiлдерi:
13. Таратушы станцияның ____________________________
орнатылатын жерi:
14. Биiктiгi көрсетiлген антеннаны____________________________
орнататын жерi, м:
15. Жоспарланып отырған қызмет ____________________________
көрсету аймағы және халықты
бағдарламамен қамту саны:
16. Хабар тарату құқығын алған ____________________________
сәттен бастап кепiлдi қызмет
көрсету мерзiмi:
Қоса берiлiп отырған құжаттар: ____________________________
1. ____________________________
2. ____________________________
3. ____________________________
Бiрiншi басшының/жеке кәсiпкердiң қолы
М.О. "____" _______________ 2002 ж
2002 жылы "____" __________________ өтiнiш қарауға алынды. __________________________________________________________________
(Комиссияның Жұмысшы органының жауапты қызметкерiнiң қолы
аты-жөнi, тегi)
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2009.05.18. N 69 Бұйрығымен.
Yмiткер телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметiндегi өз ұсынысының тиiмдi екенiн көрсетуi керек. Сонымен бiрге конкурстық ұсыныс келесi бөлiмдерден тұруы керек:
Шығармашылық ұсыныстар
Yмiткер ұсынуға тиiс:
- теледидар және радио хабарларын тарату бағдарламаларының
тұжырымдамасы және жоспарланған кестесiн;
- төмендегiдей мәлiметтерi бар ақпаратты;
1) эфирге беруге жоспарланып отырған теле- және радио хабарлардың тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасын (ақпараттық, талдау, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық хабарлары және көркем, деректi фильмдер);
2) хабар таратудың тiлдiк арақатынасы, мемлекеттiк тiлдегi хабарларды трансляциялаудың жоспарлы уақыты;
3) өз бағдарламалары мен ретрансляцияның арақатынасы;
4) жоспарланып отырған ретрансляциялық бағдарламаның атауы және ретрансляция туралы келiсiм-шартқа отырудың кепiлдiктерi;
5) авторлық және сабақтас құқықтар заңдылығын сақтау кепiлдiгi;
6) кадрлық әлеует (шығармашылық, техникалық құрамы).
Техникалық ұсыныстар
Yмiткер ұсынуға тиiс:
- телерадио бағдарламаларды өндiруге жоспарланып отырған тұрақты студиялық құрал-жабдықтардың жай-күйi және мүмкiндiгi туралы ақпаратты;
- эфирге дыбысы мен бейнесiнiң сапасы жоғары телерадиобағдарлмаларды беру жөнiндегi мiндеттеменi;
- студиялық кешеннiң орналасқан жерi, таратқышқа және антеннаға дейiн бағдарламаны жеткiзудiң тәсiлi туралы ақпаратты;
- орнатуға жоспарланған жеткiзушi құрал-жабдықтардың (таратқыштың түрi, қуаты) толық техникалық сипаттамасын;
- антенна параметрлерi (типi, бағытты диаграммалары, күшейту коэффициентi, антеннаның орнатылатын жерiнiң жоспарлы биiктiгi және т.б.);
- барлық қажеттi мәлiметтердi көрсетiп жеткiзушi станцияның анкетасын (географиялық координаттары және басқалар);
- теледидар және радио бағдарламалар жететiн аумақтардың шекаралары белгіленген картаның көшірмесін;
- халықты теледидар және радио бағдарламалармен қамту жөнiндегi мәлiметтердi (сандық және/немесе проценттiк арақатынасы);
- жеткiзушi қондырғылардан болатын электромагниттік өрiстердiң әсерiнен халықты қорғау нормаларын және санитарлық ережелердi орындау жөнiндегi мiндеттердi;
- табиғаттың төтенше жағдайлар немесе техногендiк сипаттағы жағдайлар кезiнде халықты құлақтандыруды ұйымдастырудың схемасы және орындалуына кепiлдiк беру.
Yмiткер теледидар немесе радио хабарлары бағдарламаларын трансляциялау бойынша қызмет көрсету мерзiмiн көрсету қажет.
Қаржылық ұсыныстар
- қаржылық менеджмент және қаржыландырудың мүмкiн көздерi;
- жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алу үшін жарнаны уақытында төлеу жөнiндегi мiндеттеме;
- техникалық қызмет көрсету, штатты ұстау және басқа да капитал салуды iске қосудағы жалпы шығындарды көрсету.
Үмiткер өзiнiң ойынша Комиссия конкурстық ұсыныстарды барынша әдiл бағалауға мүмкiндiк бередi деген конкурстың мәнiне сай келетiн мәлiметтерден тұратын қосымша құжаттарды бере алады.