Жерүстi телерадио хабарларын тарату жұмысы үшiн бөлiнген шектеулi мемлекеттiк ресурс-радиожиiлiк спектрiн тиiмдi пайдалануды арттыру, телерадиобағдарламаларға деген халықтың сұранысын барынша толық қанағаттандыру және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 ақпандағы "Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткiзу жөнiндегi Комиссияны құру туралы" N 203 P020203_ қаулысының 2-тармағын орындау мақсатында
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткiзу Ережесi бекiтiлсiн. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А. Досжанға жүктелсін Мәдениет, ақпарат Келiсiлдi және қоғамдық келісім Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрiнiң 2002 жылғы 12 ақпандағы N 32 бұйрығымен бекітiлген
Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарлары
тарату құқығын алуға конкурс өткiзу
Ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс (бұдан әрi - конкурс) өткiзудiң Ережесi мен оған заңды/жеке тұлғалардың қатысу шарттарын айқындайды.
2. Конкурс өткiзу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) қабылдайды. Конкурс Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 ақпандағы "Жерүстi телерадио хабарларын таратуға құқығын алуға конкурс өткiзу жөнiндегi Комиссияны құру туралы" N 203 P020203_ қаулысымен құрылған Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткiзу жөнiндегi Комиссияның кезектi отырысында өткiзiледi.
2. Конкурсты өткiзуге дайындық
3. Уәкiлеттi орган конкурсты өткiзудiң ұйымдастырушысы болып саналады.
4. Конкурсты өткiзу мерзiмi мен шарты туралы ақпараттық хабарламалар оның өтуiнен 30 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ақпараттық хабарлама мынадай мәлiметтер бередi:
1) конкурстың өту уақыты, мерзiмi мен орны;
2) жерүсті телерадио хабарларын таратуды ұйымдастыру үшін бөлiнген радиожиілiк номиналдары және елдi мекендер/аймақтардың атаулары көрсетілген оның шарттары туралы мәлiметтер;
3) өтiнiштердi қабылдау және құжаттарды алу орны, жиiлiктiң нақты номиналдарын пайдалану жөнiндегi шығармашылық, техникалық, қаржылық және өзге де талаптар, конкурс жайлы басқа да мәлiметтер, өтiнiштердi қабылдау мерзiмi және конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тiзбесi;
4) жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алу үшiн кепілдi жарнаның көлемi және мерзiмi;
5) конкурс жеңiмпаздарына жарнаны төлеу үшiн банктiк реквизиттер берiледi.
5. Әрбiр жеке жағдайда кепiлдi жарнаның көлемi уәкiлеттi органмен бекiтiледi.
Кепiлдi жарна конкурсқа қатысушыларға қайтарылып берiледi.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң ұсынысынан бас тартқан немесе оны конкурстың мерзiмi бiткенше өзгерткен жағдайда, кепiлдi жарна қайтарылмайды.
3. Конкурсқа қатысудың шарттары
6. Конкурсқа қатысуға уақытында өтiнiш берiп, осы Ережеге сәйкес рәсiмделген құжаттарды ұсынған заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер жiберiледi.
7. Yмiткердiң конкурсқа қатысуға берген өтiнiшiнде осы Ережеде белгiленген және конкурсты өткiзу туралы жарияланған ақпараттық хабарламаларда келтiрілген шарттар бойынша ниетi бiлдiрiледi. Құжаттары қоса тiркелген өтiнiштер ақпараттық хабарламалар жарияланған күннен бастап қабылданып, конкурстың басталуына 10 күн қалғанда аяқталады.
8. Конкурс үмiткерлерi конкурс шарттарының барлық тармақтары бойынша түсiнiктеме алу үшiн Комиссияның жұмысшы органына Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң бұқаралық ақпарат құралдары Департаментiне өтiнiш жасауына болады.
9. Конкурсқа қатысуға өтiнiштердi қабылдау аяқталғанша Үмiткер өзiнiң тiркелген өтiнiшiн Комиссияға осы хабарламаның көшiрмесiн жiбере отырып, уәкiлеттi органды жазбаша құлағдар ету жолымен керi қайтарып алуына құқы бар.
10. Конкурсқа қатысуға өтiнiштi Yмiткердiң өкiлi берген жағдайда, ол Yмiткердiң атынан iс-қимыл жасауға құқық беретiн тиiсiнше рәсiмделген сенiмхатты көрсетуi керек.
11. Конкурсты өткiзу туралы ақпараттық хабарламада көрсетiлген мерзiмнен кейiн келiп түскен өтiнiш пен құжаттар қабылданбайды. Құжаттарды қабылдауға жауапты адам ұсынылған құжаттарға өтiнiштi қабылдамау себебiн жаза отырып қайтарады.
12. Yмiткер конкурсқа қатысуға мына жағдайларда жiберiлмейдi:
1) ұсынылған құжаттар осы Ережеде қарастырылған талаптарға жауап бере алмаса;
2) өтiнiштi Yмiткердiң атынан iс-қимыл жасауға өкiлдiлiгi жоқ адам өткiзсе;
3) осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген тізбе бойынша барлық құжаттар ұсынылмаған немесе олар осы Ережеге сәйкес рәсімделмеген болса.
Аталған тiзбелер Үмiткердi конкурсқа қатысуға жiбермеудiң негiзгi дәлелдi себептерi болып саналады.
13. Уәкiлеттi орган Yмiткерлердiң конкурсқа қатысу үшiн берген өтiнiштерінiң және оған қоса ұсынылған құжаттардың, сондай-ақ өтiнiш иелерi туралы құпиялардың және олар ұсынған құжаттардың мазмұнының сақталуы жөнiндегi барлық шараларды қолданады.
14. Yмiткер конкурсқа қатысу кезiнде мына құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысуға өтiнiшті (Қосымша 1). Ұсынылып отырған құжаттардың тiзiмi 1 данадан өтiнiшке қоса берiледi;
2) Yмiткердiң, заңды тұлға болған жағдайда бiрiншi басшының (Қосымша
2) қолы қойылған шығармашылық, техникалық, қаржылық және өзге де талаптарды орындау жөнiндегi мiндеттемелердi;
3) белгiленген тәртiппен расталған мына келесi құжаттардың көшiрмелерiн: заңды тұлғаның, Жарғының, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктерi, бұқаралық ақпарат құралдарының есепке алынғандығы туралы куәлiгi, статистикалық карточка, жеке кәсiпкердi тiркеу туралы куәлiк;
4) жоғарыда аталған құжаттар тiзбесi желiмделген конвертте Комиссияның атына жiберiледi.
Үмiткер басқа ұсыныстар бере алады.
15. Конверттi ашу мерзiмi мен орны республикалық бұқаралық ақпарат құралында жарияланған ақпараттық хабарламада көрсетiледi.
16. Конверттi ашқаннан кейiн Комиссияның жұмысшы органы эксперттiк қорытынды дайындайды.
4. Конкурсты өткiзу тәртiбi
17. Егер белгiленген уақытта конкурсқа қатысуға тек бiр Үмiткерден өтiнiш түссе, онда Комиссия мына шешiмдердiң бiрiн қабылдауы мүмкiн:
1) конкурстың болмағаны және жаңа конкурс өткiзгендiгiн тану туралы;
2) конкурстың болғандығын және жеңiмпазды анықтағандығын тану туралы.
18. Үздiк шығармашылық, техникалық және қаржылық ұсыныстар берген Қатысушы конкурстың жеңiмпазы деп танылады. Радиожиiлiктiң нақты номиналдарын пайдалана отырып жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын иелену үшiн өткiзiлген конкурстың жеңiмпазы ашық дауыс беру арқылы айқындалады.
19. Конкурстың Қорытындысы жеңiмпаздарды анықтайтын күнi Комиссияның мәжiлiсiнде хабарланады.
20. Жеңiмпаз радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн ұсынған төлемдi толық көлемде төлеуге және уәкiлеттi органға белгiленген тәртiппен куәландырылып, растаған құжатының көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi. Егер конкурстың жеңiмпазы оны жеңiмпаз деп танығаны туралы хабардар етілген сәттен бастап 5 банктік күн ішінде өзі ұсынған соманы ақпараттық хабарламада көрсетiлген есепке аудармайтын болса, онда ол конкурс қорытындысын заңсыз деп тануға негiз болады.
1-қосымша
Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткiзу жөнiндегі Комиссияға
Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға
Өтiнiш Жалпы мәлiметтер: 1. Заңды тұлғаның толық атауы/ жеке тұлғаның аты, жөнi, тегi ____________________________ 2. Заңды мекен-жайы: ____________________________ 3. Телефондары мен факстерiнiң ____________________________ нөмiрлерi: 4. Бұқаралық ақпарат құралының ____________________________ атауы: 5. Хабардың атауы мен тақырыптық ____________________________ бағыты: 6. Хабар таратудың жоспарланып ____________________________ отырған көлемi: Жалпы: ____________________________ Жеке өзiнікi, оның ішінде көшіріп ____________________________ алынатын хабарлар: 7. Хабарлардың тілдiк көлемi: ____________________________ Мемлекеттiк ____________________________ Орыс тiлiнде ____________________________ өзге де тiлдерде ____________________________ 8. Жоспарланған жарнаманың ____________________________ көлемi мен жиiлiгi: Техникалық деректер: ____________________________ 9. Конкурстық хабарламаға сәйкес ____________________________ пайдалану үшін жоспарланып отырған жиілік номиналы: 10. Қолда бар тұрақты студиялық ____________________________ құрал-жабдықтар: 11. Таратушы станцияның ____________________________ қуаттылығы, ВТ: 12. Студияның орналасқан жерi, ____________________________ бағдарламаларды беру тәсiлдерi: 13. Таратушы станцияның ____________________________ орнатылатын жерi: 14. Биiктiгi көрсетiлген антеннаны ____________________________ орнататын жерi, м: 15. Жоспарланып отырған қызмет ____________________________ көрсету аймағы және халықты бағдарламамен қамту саны: 16. Хабар тарату құқығын алған ____________________________ сәттен бастап кепiлдi қызмет көрсету мерзiмi: Қоса берiлiп отырған құжаттар: ____________________________ 1. ____________________________ 2. ____________________________ 3. ____________________________ Бiрiншi басшының/жеке кәсiпкердiң қолы М.О. "____" _______________ 2002 ж 2002 жылы "____" __________________ өтiнiш қарауға алынды. __________________________________________________________________ (Комиссияның Жұмысшы органының жауапты қызметкерiнiң қолы аты-жөнi, тегi) 2-қосымша
Yмiткер телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметiндегi өз
ұсынысының тиiмдi екенiн көрсетуi керек. Сонымен бiрге конкурстық ұсыныс келесi бөлiмдерден тұруы керек: Шығармашылық ұсыныстар Yмiткер ұсынуға тиiс: - теледидар және радио хабарларын тарату бағдарламаларының тұжырымдамасы және жоспарланған кестесiн; - төмендегiдей мәлiметтерi бар ақпаратты; 1) эфирге беруге жоспарланып отырған теле- және радио хабарлардың тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасын (ақпараттық, талдау, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық хабарлары және көркем, деректi фильмдер); 2) хабар таратудың тiлдiк арақатынасы, мемлекеттiк тiлдегi хабарларды трансляциялаудың жоспарлы уақыты; 3) өз бағдарламалары мен ретрансляцияның арақатынасы;
4) жоспарланып отырған ретрансляциялық бағдарламаның атауы және ретрансляция туралы келiсiм-шартқа отырудың кепiлдiктерi;
5) авторлық және сабақтас құқықтар заңдылығын сақтау кепiлдiгi;
6) кадрлық әлеует (шығармашылық, техникалық құрамы).
Техникалық ұсыныстар
Yмiткер ұсынуға тиiс:
- телерадио бағдарламаларды өндiруге жоспарланып отырған тұрақты студиялық құрал-жабдықтардың жай-күйi және мүмкiндiгi туралы ақпаратты;
- эфирге дыбысы мен бейнесiнiң сапасы жоғары телерадиобағдарлмаларды беру жөнiндегi мiндеттеменi;
- студиялық кешеннiң орналасқан жерi, таратқышқа және антеннаға дейiн бағдарламаны жеткiзудiң тәсiлi туралы ақпаратты;
- орнатуға жоспарланған жеткiзушi құрал-жабдықтардың (таратқыштың түрi, қуаты) толық техникалық сипаттамасын;
- антенна параметрлерi (типi, бағытты диаграммалары, күшейту коэффициентi, антеннаның орнатылатын жерiнiң жоспарлы биiктiгi және т.б.);
- барлық қажеттi мәлiметтердi көрсетiп жеткiзушi станцияның анкетасын (географиялық координаттары және басқалар);
- теледидар және радио бағдарламалар жететiн аумақтардың шекаралары белгіленген картаның көшірмесін;
- халықты теледидар және радио бағдарламалармен қамту жөнiндегi мәлiметтердi (сандық және/немесе проценттiк арақатынасы);
- жеткiзушi қондырғылардан болатын электромагниттік өрiстердiң әсерiнен халықты қорғау нормаларын және санитарлық ережелердi орындау жөнiндегi мiндеттердi;
- табиғаттың төтенше жағдайлар немесе техногендiк сипаттағы жағдайлар кезiнде халықты құлақтандыруды ұйымдастырудың схемасы және орындалуына кепiлдiк беру.
Yмiткер теледидар немесе радио хабарлары бағдарламаларын трансляциялау бойынша қызмет көрсету мерзiмiн көрсету қажет.
Қаржылық ұсыныстар
- қаржылық менеджмент және қаржыландырудың мүмкiн көздерi;
- радиожиiлiктi пайдалану мерзiмiне жылдар бойынша шығындар мен
жоспарланып отырған кiрiстер көрсетілген Бизнес-жоспар; - төлемге ұсынылатын жарнаның мөлшерi кепiлдi жарнадан кем болуға тиiстi емес; - жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алу үшін жарнаны уақытында төлеу жөнiндегi мiндеттеме; - техникалық қызмет көрсету, штатты ұстау және басқа да капитал салуды iске қосудағы жалпы шығындарды көрсету. Үмiткер өзiнiң ойынша Комиссия конкурстық ұсыныстарды барынша әдiл бағалауға мүмкiндiк бередi деген конкурстың мәнiне сай келетiн мәлiметтерден тұратын қосымша құжаттарды бере алады. Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.