Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткiзудiң Ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің 2002 жылғы 12 ақпандағы N 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 14 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1751.

Жаңартылған

      Жерүстi телерадио хабарларын тарату жұмысы үшiн бөлiнген шектеулi мемлекеттiк ресурс-радиожиiлiк спектрiн тиiмдi пайдалануды арттыру, телерадиобағдарламаларға деген халықтың сұранысын барынша толық қанағаттандыру және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 ақпандағы "Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткiзу жөнiндегi Комиссияны құру туралы" N 203  қаулысының 2-тармағын орындау мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткiзу Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. 
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің Төрағасы Қ.Қ.Жаңахановқа жүктелсін.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 286   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   4-тармақтан   қараңыз ).

     Мәдениет, ақпарат                            
    және қоғамдық келісім                  
   министрінің міндетін атқарушы               

         Келiсiлдi 
    Көлік және коммуникация
     бірінші вице-министрі     

Қазақстан Республикасының  
Мәдениет, ақпарат және   
қоғамдық келiсiм министрiнiң
2002 жылғы 12 ақпандағы   
N 32 бұйрығымен бекітiлген 

    Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио
хабарлары тарату құқығын алуға конкурс өткiзу
Ережесi 

  1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Ереже жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс (бұдан әрi - конкурс) өткiзудiң Ережесi мен оған жеке және заңды тұлғалардың қатысу шарттарын айқындайды.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 286   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).

      2. Конкурс өткізу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) қабылдайды.
      Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - Үміткер) конкурсқа қатысу туралы өтінімдерін қарауды және жеңімпазды айқындау бойынша шешім қабылдауды "Жерүсті телерадио хабарларын таратуға құқығын алуға конкурс өткізу жөніндегі Комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 203  қаулысымен құрылған Қазақстан Республикасында Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
       Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 286   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).

  2. Конкурсты өткiзуге дайындық

        3. Уәкiлеттi орган конкурсты өткiзудiң ұйымдастырушысы болып саналады. 

      4. Конкурсты өткiзу мерзiмi мен шарты туралы ақпараттық хабарламалар оның өтуiнен 30 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 
      Ақпараттық хабарлама мынадай мәлiметтер бередi: 
      1) конкурстың өту уақыты, мерзiмi мен орны; 
      2) жерүсті телерадио хабарларын таратуды ұйымдастыру үшін бөлiнген радиожиілiк номиналдары және елдi мекендер/аймақтардың атаулары көрсетілген оның шарттары туралы мәлiметтер; 
      3) өтiнiштердi қабылдау және құжаттарды алу орны, жиiлiктiң нақты номиналдарын пайдалану жөнiндегi шығармашылық, техникалық, қаржылық және өзге де талаптар, конкурс жайлы басқа да мәлiметтер, өтiнiштердi қабылдау мерзiмi және конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тiзбесi; 
      4) жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алу үшiн кепілдi жарнаның көлемi және мерзiмi; 
      5) конкурс жеңiмпаздарына жарнаны төлеу үшiн банктiк реквизиттер берiледi. 

      5. Әрбiр жеке жағдайда кепiлдi жарнаның көлемi уәкiлеттi органмен бекiтiледi. 
      Кепiлдi жарна конкурсқа қатысушыларға қайтарылып берiледi. 
      Конкурсқа қатысушы өзiнiң ұсынысынан бас тартқан немесе оны конкурстың мерзiмi бiткенше өзгерткен жағдайда, кепiлдi жарна қайтарылмайды. 

  3. Конкурсты өткізу шарттары және
оған қатысудың тәртібі

       Ескерту: 3-бөлім (6-21-тармақтар) жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 286   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).

      6. Конкурсқа қатысуға уақытында өтініш беріп, осы Ережеге сәйкес рәсімделген құжаттарды ұсынған Үміткерлер жіберіледі.

      7. Үміткердің конкурсқа қатысуға берген өтінішінде осы Ережеде белгіленген және конкурсты өткізу туралы жарияланған ақпараттық хабарламаларда келтірілген шарттар бойынша ниеті білдіріледі. Құжаттары қоса тіркелген өтініштер ақпараттық хабарламалар жарияланған күннен бастап қабылданып, конкурстың басталуына 10 күн қалғанда аяқталады.

      8. Конкурс Үміткерлері конкурс шарттарының барлық тармақтары бойынша түсініктеме алу үшін Комиссияның жұмысшы органына Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне өтініш жасауына болады.

      9. Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау аяқталғанша Үміткер өзінің тіркелген өтінішін Комиссияға осы хабарламаның көшірмесін жібере отырып, уәкілетті органды жазбаша құлағдар ету жолымен кері қайтарып алуына құқы бар.

      10. Конкурсқа қатысуға өтінішті Үміткердің өкілі берген жағдайда, ол Үміткердің атынан іс-қимыл жасауға құқық беретін тиісінше рәсімделген сенімхатты көрсетуі керек.

      11. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтініш пен құжаттар қабылданбайды. Құжаттарды қабылдауға жауапты адам ұсынылған құжаттарға өтінішті қабылдамау себебін жаза отырып қайтарады.

      12. Үміткер конкурсқа қатысуға мына жағдайларда жіберілмейді:
      1) ұсынылған құжаттар осы Ережеде қарастырылған талаптарға жауап бере алмаса;
      2) өтінішті Үміткердің атынан іс-қимыл жасауға өкілділігі жоқ адам өткізсе.
      Аталған негіздер Үміткерді конкурсқа қатысуға жібермеудің себептері болып саналады.

      13. Уәкілетті орган Үміткерлердің конкурсқа қатысу үшін берген өтініштерінің және оған қоса ұсынылған құжаттардың, сондай-ақ өтініш иелері туралы құпиялардың және олар ұсынған құжаттардың мазмұнының сақталуы жөніндегі барлық шараларды қолданады.

      14. Конкурсқа қатысу кезінде Үміткер мына құжаттарды ұсынады:
      1) конкурсқа қатысуға өтінішті (қосымша 1) ұсынылып отырған құжаттардың тізімі 1 данадан өтінішке қоса беріледі;
      2) Үміткердің (қосымша 2) қолы қойылған шығармашылық, техникалық, қаржылық және өзге де талаптарды орындау жөніндегі міндеттемелерді;
      3) белгіленген тәртіппен расталған мына келесі құжаттардың көшірмелерін:
      заңды тұлғаның - мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, құрылтай құжаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының есепке алынғандығы туралы куәлігі;
      жеке тұлғаның - жеке басын куәландыратын құжаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының есепке алынғандығы туралы куәлігі.
      Аталған құжаттар осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген құжаттар желімделген конвертте Комиссияның атына жіберіледі.
      Үміткер басқа ұсыныстар бере алады.

      15. Комиссия өтінімдер және өзге құжаттар салынған конверттерді конкурсты өткізу жөніндегі ақпараттық хабарламада көрсетілген жерде және мерзімде, конкурсқа қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен ашады.

      16. Комиссия өтінімдерді және өзге құжаттарды конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды және конкурстың қорытындыларын жасайды.

      17. Конвертті ашқаннан кейін Комиссияның жұмысшы органы эксперттік қорытынды дайындайды.

      18. Егер белгіленген уақытта конкурсқа қатысуға тек бір Үміткерден өтініш түссе, онда Комиссия конкурстың болмағаны және жаңа конкурс өткізгендігін тану туралы шешім қабылдайды.

      19. Үздік шығармашылық, техникалық және қаржылық ұсыныстар берген қатысушы конкурстың жеңімпазы деп танылады. Радиожиіліктің нақты номиналдарын пайдалана отырып жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын иелену үшін өткізілген конкурстың жеңімпазы ашық дауыс беру арқылы айқындалады.

      20. Конкурстың қорытындысы жеңімпаздарды анықтайтын күні Комиссияның мәжілісінде хабарланады.

      21. Конкурстың нәтижелері Комиссия мүшелерінің қолдары қойылған хаттамамен рәсімделеді.

  4. Конкурсты өткiзу тәртiбi

         Ескерту: 4-бөлім (17-20-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 286   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).
 

                                                  1-қосымша
                                   Қазақстан Республикасында жерүстi
                                 телерадио хабарларын тарату құқығын
                                     алуға конкурс өткiзу жөнiндегі
                                              Комиссияға

         Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға
                             Өтiнiш

     Жалпы мәлiметтер:
     1. Заңды тұлғаның толық атауы/
     жеке тұлғаның аты, жөнi, тегi     ____________________________
     2. Заңды мекен-жайы:              ____________________________
     3. Телефондары мен факстерiнiң    ____________________________
     нөмiрлерi:
     4. Бұқаралық ақпарат құралының    ____________________________
     атауы:
     5. Хабардың атауы мен тақырыптық  ____________________________
     бағыты:
     6. Хабар таратудың жоспарланып    ____________________________
     отырған көлемi:
     Жалпы:                            ____________________________
     Жеке өзiнікi, оның ішінде көшіріп ____________________________
     алынатын хабарлар:
     7. Хабарлардың тілдiк көлемi:     ____________________________
             Мемлекеттiк               ____________________________
             Орыс тiлiнде              ____________________________
             өзге де тiлдерде          ____________________________
     8. Жоспарланған жарнаманың        ____________________________
     көлемi мен жиiлiгi:
     Техникалық деректер:              ____________________________
     9. Конкурстық хабарламаға сәйкес  ____________________________
     пайдалану үшін жоспарланып
     отырған жиілік номиналы:
     10. Қолда бар тұрақты студиялық   ____________________________
     құрал-жабдықтар:
     11. Таратушы станцияның           ____________________________
     қуаттылығы, ВТ:
     12. Студияның орналасқан жерi,    ____________________________
     бағдарламаларды беру тәсiлдерi:
     13. Таратушы станцияның           ____________________________
     орнатылатын жерi:
     14. Биiктiгi көрсетiлген антеннаны____________________________
     орнататын жерi, м:
     15. Жоспарланып отырған қызмет    ____________________________
     көрсету аймағы және халықты
     бағдарламамен қамту саны:
     16. Хабар тарату құқығын алған    ____________________________
     сәттен бастап кепiлдi қызмет
     көрсету мерзiмi:
     Қоса берiлiп отырған құжаттар:    ____________________________
     1. ____________________________
     2. ____________________________
     3. ____________________________     

     Бiрiншi басшының/жеке кәсiпкердiң қолы     

     М.О.  "____" _______________ 2002 ж
     2002 жылы "____" __________________ өтiнiш қарауға алынды.     __________________________________________________________________
     (Комиссияның Жұмысшы органының жауапты қызметкерiнiң қолы
     аты-жөнi, тегi)

                                                         2-қосымша

      Yмiткер телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметiндегi өз ұсынысының тиiмдi екенiн көрсетуi керек. Сонымен бiрге конкурстық ұсыныс келесi бөлiмдерден тұруы керек:
      Шығармашылық ұсыныстар
      Yмiткер ұсынуға тиiс:
      - теледидар және радио хабарларын тарату бағдарламаларының 
тұжырымдамасы және жоспарланған кестесiн;
      - төмендегiдей мәлiметтерi бар ақпаратты;
      1) эфирге беруге жоспарланып отырған теле- және радио хабарлардың тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасын (ақпараттық, талдау, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық хабарлары және көркем, деректi фильмдер);
      2) хабар таратудың тiлдiк арақатынасы, мемлекеттiк тiлдегi хабарларды трансляциялаудың жоспарлы уақыты;
      3) өз бағдарламалары мен ретрансляцияның арақатынасы;
      4) жоспарланып отырған ретрансляциялық бағдарламаның атауы және ретрансляция туралы келiсiм-шартқа отырудың кепiлдiктерi; 
      5) авторлық және сабақтас құқықтар заңдылығын сақтау кепiлдiгi; 
      6) кадрлық әлеует (шығармашылық, техникалық құрамы). 
      Техникалық ұсыныстар 
      Yмiткер ұсынуға тиiс: 
      - телерадио бағдарламаларды өндiруге жоспарланып отырған тұрақты студиялық құрал-жабдықтардың жай-күйi және мүмкiндiгi туралы ақпаратты; 
      - эфирге дыбысы мен бейнесiнiң сапасы жоғары телерадиобағдарлмаларды беру жөнiндегi мiндеттеменi; 
      - студиялық кешеннiң орналасқан жерi, таратқышқа және антеннаға дейiн бағдарламаны жеткiзудiң тәсiлi туралы ақпаратты; 
      - орнатуға жоспарланған жеткiзушi құрал-жабдықтардың (таратқыштың түрi, қуаты) толық техникалық сипаттамасын; 
      - антенна параметрлерi (типi, бағытты диаграммалары, күшейту коэффициентi, антеннаның орнатылатын жерiнiң жоспарлы биiктiгi және т.б.); 
      - барлық қажеттi мәлiметтердi көрсетiп жеткiзушi станцияның анкетасын (географиялық координаттары және басқалар); 
      - теледидар және радио бағдарламалар жететiн аумақтардың шекаралары белгіленген картаның көшірмесін; 
      - халықты теледидар және радио бағдарламалармен қамту жөнiндегi мәлiметтердi (сандық және/немесе проценттiк арақатынасы); 
      - жеткiзушi қондырғылардан болатын электромагниттік өрiстердiң әсерiнен халықты қорғау нормаларын және санитарлық ережелердi орындау жөнiндегi мiндеттердi; 
      - табиғаттың төтенше жағдайлар немесе техногендiк сипаттағы жағдайлар кезiнде халықты құлақтандыруды ұйымдастырудың схемасы және орындалуына кепiлдiк беру. 
      Yмiткер теледидар немесе радио хабарлары бағдарламаларын трансляциялау бойынша қызмет көрсету мерзiмiн көрсету қажет. 
      Қаржылық ұсыныстар 
      - қаржылық менеджмент және қаржыландырудың мүмкiн көздерi; 
      - радиожиiлiктi пайдалану мерзiмiне жылдар бойынша шығындар мен жоспарланып отырған кiрiстер көрсетілген Бизнес-жоспар;
      - төлемге ұсынылатын жарнаның мөлшерi кепiлдi жарнадан кем болуға тиiстi емес;
      - жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алу үшін жарнаны уақытында төлеу жөнiндегi мiндеттеме;
      - техникалық қызмет көрсету, штатты ұстау және басқа да капитал салуды iске қосудағы жалпы шығындарды көрсету.
      Үмiткер өзiнiң ойынша Комиссия конкурстық ұсыныстарды барынша әдiл бағалауға мүмкiндiк бередi деген конкурстың мәнiне сай келетiн мәлiметтерден тұратын қосымша құжаттарды бере алады.