Алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi мен айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитеттiң 2000 жылғы 5 қазандағы N 188 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кiрiс министрлiгi Акцизделетін өнiмдерді өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi төрағасының 2001 жылғы 13 қыркүйектегі N 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1722

Қолданыстағы
                                БҰЙЫРАМЫН:



      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь

өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитеттiң 
2000 жылғы 5 қазандағы "Өндiрiс төлқұжаттарын әзiрлеу үшiн қажеттi 
мәлiметтердiң тiзбесi туралы" N 188  

V001288_

  бұйрығының 1, 2, 3, 4 
қосымшаларындағы 3-тармақтар алынып тасталсын.
     2. Құқықтық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бастығы (А. Лепесбаев) осы 
бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн 
қамтамасыз етсiн.
     
     Төраға
     
     
     Мамандар:
         Омарбекова А.Т.
         Икебаева Ә.Ж.