Алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi мен айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитеттiң 2000 жылғы 5 қазандағы N 188 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кiрiс министрлiгi Акцизделетін өнiмдерді өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi төрағасының 2001 жылғы 13 қыркүйектегі N 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1722

Күшін жойған

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 қазандағы N 465   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз ).
______________________________ 

                         БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитеттiң 2000 жылғы 5 қазандағы "Өндiрiс төлқұжаттарын әзiрлеу үшiн қажеттi мәлiметтердiң тiзбесi туралы" N 188   бұйрығының 1, 2, 3, 4 қосымшаларындағы 3-тармақтар алынып тасталсын.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бастығы (А. Лепесбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.     

      Төраға