Өндіріс төлқұжаттарын дайындауға қажет мәліметтердің тізбесі туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімін өндіруді және оның айналымын Мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 5 қазандағы N 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 қараша N 1288 тіркелді. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 қазандағы N 465 бұйрығымен.

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы"  Z980213_  Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi төрағасының-Министрдің 1998 жылғы 15 тамыздағы N 03-3-ОД бұйрығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 5 қарашада N 633 нөмiрмен тiркелген Бағалардың мемлекеттiк тәртiбiн бұзғаны үшiн экономикалық санкциялар қолдану жөнiндегi Нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "14. Егер заңды тұлға айыппұлды немесе негiзсiз алынған кiрiстi мемлекеттiк бюджетке аудару туралы шешiм табыс етiлген күннен бастап оны 15 күн мерзiмнiң iшiнде орындамаса, Уәкiлеттi орган осы ақшаны заңда белгiленген тәртiппен ықтиярсыз өндiрiп алу шараларын қабылдауға мiндеттi". 
      2. Заң басқармасы (Е.Г.Машинистова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.

     3. Құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы (Н.С.Кәкiмов) осы бұйрықты Агенттiктiң аумақтық бөлiмшелерiне жеткiзсiн.

     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары С.Ш.Құрманғалиевқа жүктелсiн.     

     Төраға