1. "Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің ережелерін" V980690_ , "Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерін" бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 V980679_ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің ережелеріне:
34-тармақтың 4) тармақшасы "және төлемдердің" деген сөздермен толықтырылсын;
34-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті және мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісін әзірлеу үшін ақы төлеуді растайын құжат.";
34-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"Көлік құралдарын және олардың тіркемелерін тіркеуге негіз болған құжаттар осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқасы белгіленген тәртіппен іске тігіледі.";
2) Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау,
азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерге: 36-тармақ "сондай-ақ жүргізуші куәлігін әзірлеу үшін ақы төлеуді растайтын құжатты" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын: "52-1. Жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғандардың орнына жаңа жүргізуші куәліктерін беру, сондай-ақ шетел азаматтарына оларды ауыстырып беру және беру тек қана жүргізуші куәлігін әзірлеу үшін ақы төлеуді растайтын құжатты ұсынғаннан кейін жүргізіледі."; 62-тармақтағы "төлемдер туралы квитанциялар" деген сөздер "жүргізуші куәлігін әзірлеу үшін ақы төлеуді растайтын құжат" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі генерал-майор Мамандар: Омарбекова А.Т. Багарова Ж.А.