"Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің ережелерін", "Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерін" бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 28 қазан N 762 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 31 қазанда тіркелді. Тіркеу N 1663. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.02.26 № 90 Бұйрығымен.

                              Бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің ережелерін" V980690_ , "Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерін" бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 V980679_ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің ережелеріне:
      34-тармақтың 4) тармақшасы "және төлемдердің" деген сөздермен толықтырылсын;
      34-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті және мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісін әзірлеу үшін ақы төлеуді растайын құжат.";
      34-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      "Көлік құралдарын және олардың тіркемелерін тіркеуге негіз болған құжаттар осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқасы белгіленген тәртіппен іске тігіледі.";
      2) Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау,

 

азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерге:

     36-тармақ "сондай-ақ жүргізуші куәлігін әзірлеу үшін ақы төлеуді

растайтын құжатты" деген сөздермен толықтырылсын;

     мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:

     "52-1. Жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғандардың орнына жаңа

жүргізуші куәліктерін беру, сондай-ақ шетел азаматтарына оларды ауыстырып

беру және беру тек қана жүргізуші куәлігін әзірлеу үшін ақы төлеуді

растайтын құжатты ұсынғаннан кейін жүргізіледі.";

     62-тармақтағы "төлемдер туралы квитанциялар" деген сөздер "жүргізуші

куәлігін әзірлеу үшін ақы төлеуді растайтын құжат" деген сөздермен

ауыстырылсын.

     2. Осы бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Ішкі істер министрі

     генерал-майор



      Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Багарова Ж.А.