Екiншi деңгейдегi банктердiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүддесiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жаңадан құрылатын банктер үшiн 2001 жылдың 1 тамызынан бастап жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi 2.000.000.000 (екi миллиард) теңге сомасында белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін 500.000.000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде жарғылық капиталдың ең аз мөлшері белгіленсін.
Ескерту: 1-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 118
қаулысымен
.
2. 2001 жылдың 1 тамызынан бастап меншiктi капиталдың ең аз мөлшерi:
1) банктiк және басқа операциялар жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банктер үшiн 1.000.000.000 (бiр миллиард) теңге сомасында;
2) аймақтық (Астана және Алматы қалаларынан тыс жерге орналасқан) банктер, Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшiн 500.000.000 (бес жүз миллион) теңге сомасында белгiленсiн.
Ескерту: 2-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 118
қаулысымен
.
3. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап барлық банктер үшiн меншiктi капиталдың ең аз мөлшерi мынадай шекте белгiленсiн:
1) бiрiншi филиалды ашу үшiн - 1.000.000.000 (бiр миллиард) теңге сомасында, сонымен бiрге банктiң ашқан әрбiр келесi филиалы үшiн меншiктi капиталының ең аз мөлшері мынадай түрде ұлғайып отырады:
30.000.000 (отыз миллион) теңге - облыс орталықтарында ашылатын филиалдар үшiн;
15.000.000 (он бес миллион) теңге - басқа қалаларда ашылатын филиалдар үшiн;
10.000.000 (он миллион) теңге - басқа елдi мекендерде ашылатын филиалдар үшiн;
2) бiрiншi есеп айырысу-касса бөлiмiн (жинақ кассасын) ашу үшiн - 1.000.000.000 (бiр миллиард) теңге сомасында, сонымен бiрге банктiң ашқан әрбiр келесi есеп айырысу-касса бөлiмi (жинақ кассасы) үшiн меншiктi капиталының ең аз мөлшерi мынадай түрде ұлғайып отырады:
15.000.000 (он бес миллион) теңге - облыс орталықтарында ашылатын есеп айырысу-касса бөлiмi (жинақ кассасы) үшiн;
10.000.000 (он миллион) теңге - басқа қалаларда ашылатын есеп айырысу-касса бөлiмi (жинақ кассасы) үшiн;
5.000.000 (бес миллион) теңге - басқа елдi мекендерде ашылатын есеп айырысу-касса бөлiмi (жинақ кассасы) үшiн.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
5. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктерiне және аумақтық филиалдарына жiберсiн.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы