Екiншi деңгейдегi банктердiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүддесiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Жаңадан құрылатын банктер үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 1.500.000.000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін 500.000.000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде жарғылық капиталдың ең аз мөлшері белгіленсін.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі
N 118
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2006 жылғы 12 тамыздағы
N 158
қаулыларымен.
2. 2001 жылдың 1 тамызынан бастап меншiктi капиталдың ең аз мөлшерi:
1) банктiк және басқа операциялар жүргiзуге Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган лицензиясы бар банктер үшiн 1.000.000.000 (бiр миллиард) теңге сомасында;
2) аймақтық (Астана және Алматы қалаларынан тыс жерге орналасқан) банктер, Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшiн 500.000.000 (бес жүз миллион) теңге сомасында белгiленсiн.
Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 118
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304
қаулысымен
.
3. Барлық банктер үшін меншікті капиталдың ең аз мөлшері мынадай шекте белгіленсін:
1) банкте бір филиал болған жағдайда - 1.000.000.000 (бір миллиард) теңге;
2) банкте бірден астам филиал болған жағдайда - 1.000.000.000 (бір миллиард) теңге әрі оған қоса:
облыс орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір филиал үшін - 30.000.000 (отыз миллион) теңге;
басқа қалаларда орналасқан әрбір есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы) үшін - 10.000.000 (он миллион) теңге;
басқа елді мекендерде орналасқан әрбір есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы) үшін - 5.000.000 (бес миллион) теңге.
Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі
N 220
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы
N 158
қаулыларымен.
3-1. Екінші деңгейдегі банктер 2004 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін осы қаулының 3-тармағына сәйкес келтірсін.
Ескерту: 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 220
қаулысымен
.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
5. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктерiне және аумақтық филиалдарына жiберсiн.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы