сөздер "1)-10) тармақшаларындағы" деген сөздермен
ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20
желтоқсандағы N 567 қаулысымен. V011749_
Банк жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Халықаралық стандарттарға өту бойынша екiншi топқа жатқызылған, 2001 жылдың 1 қаңтарында меншiк капиталы 500 миллион теңгеден кем банктер, сондай-ақ банктердiң халықаралық стандарттарға өтетiн топтарының бiрде-бiрiне кiргiзiлмеген банктер 2001 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде белгiленген заң тәртiбiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (бұдан әрi - Ұлттық Банк) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар болып өзгеру жолымен ерiктi түрде қайта құрылуға рұқсат алу туралы өтiнiш беру туралы мәселенi шешсiн.
Өтiнiш берiлмесе, Ұлттық Банк банк заңдарында көзделген санкцияларды қолданады.
2. Халықаралық стандарттарға өту бойынша екiншi топқа жатқызылған, 2001 жылдың 1 қаңтарында меншiк капиталы 500 миллион теңге болған және одан да асатын банктер, сондай-ақ халықаралық стандарттарға өту бойынша бiрiншi топқа жатқызылған банктер 2001 жылдың 1 маусымына дейiнгi мерзiмде Ұлттық Банкке Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 16 сәуiрдегi N 73 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге сәйкес екiншi деңгейдегi банктерге аудиторлық тексеру жүргiзуге уәкiлеттiк берiлген тәуелсiз халықаралық аудиторлық ұйымдардың тiзiмдемесiнде" көрсетiлген тәуелсiз аудиторлық ұйымдардың (бұдан әрi - уәкiлеттi аудиторлық ұйымдар) бiрiнiң аудит пен бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған және банктiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ереженiң (бұдан әрi - Ереже) 8-тармағының V960440_ 1)-10) тармақшаларындағы барлық талаптарды (шарттарды) орындауына баға берiлген банктiң 2000 жылғы қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы аудиторлық қорытындысын ұсынуға мiндеттi. <*>
Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 14 маусымдағы N 225 қаулысымен. V011579_
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 567 қаулысымен. V011749_
3. Осы қаулының 2-тармағындағы талаптарға сәйкес жасалған уәкiлеттi аудиторлық ұйымдардың бiрiнiң қорытындысы бойынша 2001 жылдың 1 қаңтарында меншiк капиталының мөлшерi 500 миллион теңгеден 1 миллиард теңгеге дейiнгi банктер, сондай-ақ осы қаулының 2-тармағындағы талаптарға сәйкес жасалған уәкiлеттi аудиторлық ұйымдардың бiрiнiң қорытындысы бойынша 2001 жылдың 1 қаңтарында меншiк капиталының мөлшерi 1 миллиард теңге болған және одан да асатын, бiрақ 2001 жылдың 1 қаңтарында Ереженiң 8-тармағының 1)-10)-тармақшаларындағы басқа да талаптарды (шарттарды) орындамаған банктер 2001 жылдың 1 қазанына дейiнгi мерзiмде аудит пен бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған банктiң 2000 жылдың бiрiншi жартысындағы қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы Ереженiң 8-тармағының 1)-10)-тармақшаларындағы барлық талаптардың (шарттардың) орындалғанын аудиторлық ұйымдардың бiрiнiң аудиторлық қорытындысымен растауға тиiс, не осы көрсетiлген мерзiмде белгiленген заң тәртiбiмен Ұлттық Банкке ерiктi түрде қайта құрылуға рұқсат алу туралы өтiнiш беру туралы мәселенi шешсiн. <*>
2001 жылдың 1 қаңтарында Ереженiң 8-тармағының 8.7-тармақшасының талаптарын (шарттарын) орындамаған банктер 2001 жылдың 1 қазанына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне уәкiлеттi аудиторлық ұйымдардың бiреуiнiң банктiң 2001 жылдың 1 шiлдедегi жағдай бойынша Ереженiң 8-тармағының 8.7-тармақшасының талаптарын (шарттарын) орындауы жөнiнде аудиторлық есебiн ұсынуға мiндеттi. <*>
Өтiнiш берiлмесе, Ұлттық Банк банк заңдарында көзделген санкцияларды қолданады.
Осы тармақтың талаптары 2001 жылдың 1 қаңтарында аймақтық мәртебесi бар және көрсетiлген күнi осы қаулының 2-тармағының талаптарына сәйкес жасалған уәкiлеттi аудиторлық ұйымдардың бiрiнiң қорытындысы бойынша аймақтық банктердiң меншiк капиталының мөлшерiне қойылатын Ереженiң талаптарын және Ереженiң 8-тармағының V960440_ 1)-10)-тармақшаларындағы басқа да талаптарды (шарттарды) орындаған банктерге қолданылмайды.
Ескерту: 3-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2001 жылғы 8 қазандағы N 384
қаулысымен. V011676_
4. Осы қаулының 3-тармағының талаптарына сәйкес жасалған уәкiлеттi аудиторлық ұйымдардың бiрiнiң қорытындысы бойынша 2001 жылдың 1 шiлдесiнде банктердiң меншiк капиталына қойылатын Ереженiң талаптарын орындаған, бiрақ 2001 жылдың 1 шiлдесiнде Ереженiң 8-тармағының 1)-10)-тармақшаларындағы басқа да талаптардың (шарттардың) бiреуiн болса да орындамаған банктер 2002 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде Ұлттық Банкке уәкiлеттi аудиторлық ұйымдардың бiрiнiң Ереженiң 8-тармағының 1)-10)-тармақшаларындағы барлық талаптарды орындауына баға берiлген (расталған) банктiң 2000 жылғы қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы аудиторлық қорытындысын қайта ұсынуға мiндеттi. Ереженiң 8-тармағының 1)-10) тармақшаларының талаптарын (шарттарын) орындаған банктер 2002 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде Ұлттық Банкке тәуелсiз аудиторлық ұйымдардың бiреуiнiң осы қаулының 2-тармағында көзделген аудиттiң және бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған банктiң 2001 жылғы қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы аудиторлық қорытындысын ұсынуға мiндеттi. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 567 қаулысымен. V011749_
4-1. Барлық банктер 2003 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Ұлттық Банкке тәуелсiз аудиторлық ұйымдардың бiреуiнiң осы қаулының 2-тармағында көзделген және банктiң Ереженiң 8-тармағының 11) тармақшасындағы талаптарды орындауына баға берiлген (расталған), аудиттiң және бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған банктiң 2002 жылғы қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы аудиторлық қорытындысын ұсынуға мiндеттi. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 567 қаулысымен. V011749_
5. Банктер осы қаулының 2, 3, 4 және 4-1-тармақтарында көрсетiлген:
осы қаулының 2-тармағының талаптарына сәйкес жасалған уәкiлеттi аудиторлық ұйымдардың бiрiнiң қорытындысы бойынша 2001 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша меншiк капиталының мөлшерi 500 миллион теңгеден кем болғанда, 2001 жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде,
немесе
осы қаулының 3-тармағының талаптарына сәйкес жасалған уәкiлеттi аудиторлық ұйымдардың бiрiнiң қорытындысы бойынша 2001 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша банктердiң меншiк капиталына қойылатын Ережедегi талаптарды орындамағанда, 2001 жылдың 1 қарашасына дейiнгi мерзiмде,
немесе
осы қаулының 4-тармағының талаптарына сәйкес жасалған уәкiлеттi аудиторлық ұйымдардың бiрiнiң қорытындысы бойынша 2002 жылдың 1 қаңтарындағы барлық талаптарды (шарттарды) орындамағанда, 2002 жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде, немесе осы қаулының 4-1 тармағының талаптарына сәйкес, 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ереженiң 8-тармағының 11) тармақшасының талаптары, 2003 жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде, <*>
немесе
осы қаулының 2, 4 және 4-1-тармақтарындағы талаптарға сәйкес аудиторлық қорытындыны белгiленген уақытта бермегенде, бiр айлық мерзiмде <*>
белгiленген заң тәртiбiмен Ұлттық Банкке ерiктi түрде қайта құрылуға рұқсат беру жөнiнде өтiнiш беру туралы мәселенi шешсiн.
Өтiнiш берiлмесе, Ұлттық Банк банк заңдарында көзделген санкцияларды қолданады. <*>
Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 14 маусымдағы N 225 қаулысымен. V011579_
Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 8 қазандағы N 384 қаулысымен. V011676_
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi
Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 567
қаулысымен. V011749_
5-1. Ұлттық Банк осы қаулы күшiне енгенге дейiн бiр жыл бойы Ұлттық Банк мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асырған екiншi деңгейдегi банктер үшiн осы қаулының талаптарын орындау мерзiмiн ұзартуға құқылы. <*>
Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 28 ақпандағы N 72 қаулысымен. V021814_
6. "Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепiлдiк беру (сақтандыру) қоры" жабық акционерлiк қоғамына Ереженiң талаптарын (шарттарын) орындамаған банктердi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне кiргiзбеу ұсынылсын.
7. Ұлттық Банк осы қаулының талаптарын орындамаған банктерге банк заңдарында көзделген санкцияларды қолданады, сонымен бiрге барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиялардың күшiн жоятын болады.
8. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi. 9. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін. 10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін. Ұлттық Банк Төрағасы Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.