Жоғары кәсiби бiлiм беретін бiлiм ұйымдарында жоғары ғылыми-педагогикалық білiмнiң оқу-кәсiптiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса берiлген "Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлім (магистратура) туралы Ереже" бекітілсін.
2. Жоғары білiм департаментi (Ә.Әбжаппаров) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә.Ахметовке жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң
2000 жылғы 1 қарашадағы
N 1035 бұйрығымен
бекiтiлген
Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм
(магистратура) туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм (магистратура) туралы ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 7 маусымындағы "Бiлiм туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 желтоқсандағы N 1845 "Жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң көп деңгейлi құрылымы туралы ереженi бекiту туралы" қаулысына сәйкес әзiрлендi.
2. Жоғары оқу орындарының магистратурасы тереңдетiлген жоғары кәсiптiк бiлiмдi мамандарды даярлауды қамтамасыз ететiн жоғары ғылыми-педагогикалық білiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламаларын жүзеге асырады.
3. Магистранттар жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары бойынша оқушылардың қатарына жатады.
4. Магистратураның мiндеттерi:
1) жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiмдi және практикалық қызметiнiң бағыты орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдарға, ғылыми және шығармашылық ұйымдарға, мемлекеттiк және экономикалық басқару органдарының жоғарғы буындарына, сондай-ақ әртүрлi меншiк нысанындағы ұйымдардың басқару қызметтерiне арналған мамандар даярлау;
2) кәсiби бiлiм беру саласында жеке тұлғаның талабын қанағаттандыру, көп деңгейлi мамандар даярлау жүйесiне тұтастық сипат беру, жоғары оқу орындарында оқу үрдiсiнiң даралық және саралық ұстанымдарын iске асыру үшiн жағдай жасау;
3) ұйымдардың тапсырысы бойынша мамандарды мақсатты даярлауды қамтамасыз ету;
4) бiлiм алушылардың таңдаған ғылыми және педагогикалық бағыттағы қызметтерiн дара теориялық және практикалық даярлықтарын тереңдету, магистранттардың әлем ғылымын тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететiн неғұрлым маңызды және тиянақты бiлiмдердi меңгеруi;
5) бiлiм алушылардың өзiн-өзi жетiлдiру мен өзiн-өзi дамыту қабылеттерiн, олардың белсендi өмiрлiк қызметiнiң бүкiл өн бойында өз бетiнше жаңа бiлiмдердi шығармашылықпен меңгеру қажеттiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыру;
6) қазiргi кездегi ғылыми және практикалық мәселелердi тұжырымдауға және iс жүзiнде шешуге, жоғары оқу орындарында сабақ беруге, зерттеушiлiк және басқарушылық қызметтi табысты атқаруға қабылеттi азаматтық көзқарасы айқын кәсiби мәдениетiнiң, оның iшiнде кәсiби қарым-қатынас мәдениетiнiң деңгейi жоғары мамандар даярлау;
7) магистратураның бiтiрушiлерiн оларға ғылымдардың тоғысқан тұсында нақты дамушы дүниедегi кәсiби жинақылыққа кепiлдiк беретiн iргелi бiлiммен қамтамасыз ету;
8) халықаралық еңбек рыногында магистрлер дипломдарының баламалылығын қамтамасыз ететiн көлемде кәсiптiк бiлiм алу үшiн жағдай жасау.
5. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша оқыту жоғары базалық немесе жоғары арнаулы бiлiм негiзiнде, Қазақстан Республикасының бакалавриат мен магистратура мамандықтарының Классификаторына сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 303
бұйрығымен
.
6. Магистратураның негiзгi мақсаттары:
1) жоғары бiлiмдi және жоғары интеллектуалды жаңа ұрпақ тәрбиелеу;
2) iргелi және қолданбалы ғылымды, жоғары кәсiби бiлiм беру мен мемлекеттiк басқару жүйесiн, мәдениеттi iшкi және сыртқы еңбек рыногында табысты бәсекелестiкке қабылеттi жоғары бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету;
3) әлемдiк бiлiм беру және ғылыми-ақпараттық жүйеге ұласуға жету.
7. Магистратурада оқу мерзiмi:
1) жоғары базалық бiлiм негiзiнде - 2 жыл;
2) жоғары арнаулы бiлiм негiзiнде - 1 жыл.
8. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау бiлiм беру қызметiне лицензиясы бар жоғары кәсiби бiлiм беретiн ұйымдарда жүзеге асырылады.
9. Магистратура жоғары бiлiктi ғылыми-педагогикалық кадрлармен (тапсырыс берiлген мамандықтар бойынша ғылым докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi бар 5 адамнан кем болмауы керек) қамтамасыз етiлген жағдайда, қажеттi зертханалық-зерттеу, оқу-әдiстемелiк, әлеуметтiк базалары бар және мемлекеттiк аттестаттаудан өткен бiлiм беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда ашылады.
Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 303
бұйрығымен
.
10. Магистратурада бiлiм алушылар контингентiн қалыптастыру, кадрлар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырыстарды орналастыру, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебiнен оқуға ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 303
бұйрығымен
.
2. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң
білімдiк-кәсiптiк бағдарламаларына қойылатын талаптар
11. Тереңдетiлген жоғары кәсiби бiлiм беретiн ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы жуықтап алғанда көлемдерi бойынша бiрдей - бiлiмдiк-кәсiптiк және ғылыми-зерттеу бөлiктерiнен тұрады.
Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы магистрлер даярлау бағдарламасы немесе магистрлiк бағдарлама деп аталады.
12. Магистратурада мамандарды даярлау берiлген жоғары кәсiптiк бiлiм деңгейiне сай келетiн бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына, Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының жiктеуiшiне, оқу-бағдарламалық құжаттамаларға, бiлiм алушылардың жеке оқу жоспарының жұмысына, белгiленген тәртiппен бекiтiлген басқа да құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 303
бұйрығымен
.
13. Бағдарламаның бiлiмдiк-кәсiптiк бөлiгiне жалпы кәсiптiк, ғылыми-жаратылыстану, базалық және бейiндiк циклдарды қамтитын мiндеттi және таңдауы бойынша компоненттер пәндерi тiзбесiмен енгiзiледi. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны жеке жоспармен анықталады.
Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 303
бұйрығымен
.
14. Магистратурада оқыту ғылыми дәрежесi доктор, кандидат немесе ғылыми атағы профессор, доцент, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен осы ғылым саласында белсендi шұғылданатын және аспиранттарға басшылық ететiн құқығы бар ғылыми жетекшiнiң басшылығымен iске асырылады. Әртүрлi мамандықтар тоғысқан магистрлiк бағдарламаларын орындау жағдайларында ғылыми жетекшiден басқа ғылыми кеңесшiлер тағайындауға рұқсат етiледi.
Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 303
бұйрығымен
.
15. Магистратурада мамандар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орны бiлiм беру саласындағы орталық атқару органымен бекiтiлген мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттардың негiзiнде оқу жұмыс жоспарлары мен магистрлiк даярлау бағдарламаларын әзiрлейдi.
16. Магистратурада оқу барысында магистрант магистрлiк диссертация деп аталатын бiтiру жұмысын орындайды.
Ғылыми жетекшiнiң басшылығымен орындалған магистрлiк диссертация дербес ғылыми зерттеу жұмысы болып табылады.
Магистрлiк диссертацияның тақырыбын жоғары оқу орнының ғылыми кеңесi бекiтедi.
17. Магистрлер даярлау бағдарламасы аптасына 54 сағат көлемiнде қарастырылуға тиiстi, соның iшiнде аудиториялық сабақтар көлемi 18-22 сағаттан аспауы керек. Таңдау бойынша пәндерге оқу уақытының 50% дейiнгi бөлiгi арналады.
18. Магистрант педагогикалық қызметке дайындалу мақсатында шығарушы кафедраның оқу үрдiсiне қатысып, оқытушылардың байқауымен 24 сағат көлемiнде дәрiстiк, зертханалық және практикалық сабақтардың циклын жүргiзуге тиiстi.
19. Магистратураның бiлiм беру бағдарламасы:
1) базалық пәндер;
2) бейiндiк циклдарды қамтитын пәндер;
3) практика;
4) магистрлiк диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы;
5) қорытынды аттестаттаудан тұрады.
Ескерту: 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 303
бұйрығымен
.
20. <*>
Ескерту: 20-тармақ алынып тасталсын - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 303
бұйрығымен
.
21. Тарих пен философия ғылымы және шет тiлi бойынша магистранттарды даярлау мазмұны тиiстi кандидаттық минимумның бағдарламаларын барынша жақындатылған болуы тиiс. Магистратурада тапсырылатын тарих пен философия ғылымы және шет тiлiнен емтихандары кандидаттық емтихандарға теңестiрiлуi мүмкiн.
Ескерту: 21-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 303
бұйрығымен
.
22. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша екi практика өткiзу қарастырылады: зерттеушiлiк (магистрлiк диссертация үшiн материалдар жинау мақсатында) және педагогикалық (магистранттармен дәрiсханалық, практикалық және зертханалық байқау сабақтарын өткiзу үшiн).
Педагогикалық практика оқу сабақтарымен қатар немесе соған арнайы бөлiнген бос уақытта ұйымдастырылуы мүмкiн.
Зерттеушiлiк практика соңғы курста ұйымдастырылады.
23. Магистратурада сабақтарды профессорлар және педагогикалық стажы бар, жоғары педагогикалық шеберлiкке ие болған және өзiнiң ғылыми жетiстiктерiмен белгiлi ғылыми дәрежелерi бар оқытушылар жүргiзедi.
3. Магистрларды даярлауға қойылатын
кәсiптiк-бiлiктiлiк талаптар
24. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасының түлегi келесi талаптарға сай болуға тиiстi:
1) жалпы ғылыми әдiстеменi, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргiзудiң логикасы мен технологиясын, оның нәтижелерiн ғылыми өнiмнiң әртүрлi нысандарында ресiмдей бiлудi меңгеру;
2) ғылыми ақпараттардың көп көлемiмен жұмыс жасай бiлу, оның әртүрлi көздерiмен өздiгiнше жұмыс iстеу, iргелi ғылымда еркiн бағдарлау, кәсiби есептердi шешкенде, компьютерлiк техникаларды пайдалану, компьютерлiк бағдарламаларды әзiрлеудi меңгеру, кешендi кәсiби есептердi шешу барысында күрделi алгоритмдарды шығармашылықпен жүзеге асыру;
3) өзiн-өзi кәсiби жетiлдiруге тұрақты қажеттiлiктi сезiну;
4) жоғары мектептiң педагогикасы және психологиясы негiздерiн бiлу, қазiргi кездегi технологияларды меңгеру;
5) шет ел тiлдерiнiң бiреуiн меңгеру;
6) бейiм қабылеттерге ие болу.
25. Магистрлер даярлаудың аяқ кезеңiнде магистрлiк диссертация қорғау, сонымен бiрге мемлекеттiк емтихандар тапсыру көзделедi.
Мемлекеттiк емтихандар мен магистрлiк диссертация қорғауды құрамы жоғары оқу орнының ғылыми кеңесiмен белгiленетiн және бiлiм беру саласындағы орталық атқару органының келiсiмi бойынша бiлiм беру ұйымының басшылығымен бекiтiлген Мемлекеттiк аттестациялық комиссия қабылдайды.
26. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша оқу бiтiрген тұлғаларға белгiленген үлгiдегi, бiлiктiлiгi және магистрлiк академиялық дәрежесi мен жоғары бiлiмi туралы диплом берiледi.
Магистратура бiтiрушiге оқыған пәндерi бойынша емтихан және сынақ бағалары, магистрлiк диссертациясының тақырыбы көрсетiлген, магистрлiк диссертациясы бойынша қорғаған бағасы, мемлекеттiк емтихандарды тапсыру қорытындылары енгiзiлiп, дипломға қосымша берiледi.
27. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша оқуды бiтiрген және магистр дәрежесi бар жеке тұлғалардың берiлген бiлiктiлiгi бойынша жұмыс iстеуiне немесе өзiнiң ғылыми дайындығын екi жылдан аспайтын аспирантурада жалғастыруларына болады.
28. Магистратураны бiтiрмеген жеке тұлғаларға белгiленген үлгiдегi анықтама берiледi.
Ескерту: 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 303
бұйрығымен
.