ғылыми-педагогикалық білiмнiң оқу-кәсiптiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлген "Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлім (магистратура) туралы Ереже" бекітілсін. 2. Жоғары білiм департаментi (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енеді. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсін. Министр Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1035 бұйрығымен бекiтiлген Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм (магистратура) туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм (магистратура) туралы ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 7 маусымындағы "Бiлiм туралы" Z990389_ Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 желтоқсандағы N 1845 P971845_ "Жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң көп деңгейлi құрылымы туралы ереженi бекiту туралы" қаулысына сәйкес әзiрлендi.
2. Жоғары оқу орындарының магистратурасы тереңдетiлген жоғары кәсiптiк бiлiмдi мамандарды даярлауды қамтамасыз ететiн жоғары ғылыми-педагогикалық білiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламаларын жүзеге асырады.
3. Магистранттар жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары бойынша оқушылардың қатарына жатады.
4. Магистратураның мiндеттерi:
1) жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiмдi және практикалық қызметiнiң бағыты орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдарға, ғылыми және шығармашылық ұйымдарға, мемлекеттiк және экономикалық басқару органдарының жоғарғы буындарына, сондай-ақ әртүрлi меншiк нысанындағы ұйымдардың басқару қызметтерiне арналған мамандар даярлау;
2) кәсiби бiлiм беру саласында жеке тұлғаның талабын қанағаттандыру, көп деңгейлi мамандар даярлау жүйесiне тұтастық сипат беру, жоғары оқу орындарында оқу үрдiсiнiң даралық және саралық ұстанымдарын iске асыру үшiн жағдай жасау;
3) ұйымдардың тапсырысы бойынша мамандарды мақсатты даярлауды қамтамасыз ету;
4) бiлiм алушылардың таңдаған ғылыми және педагогикалық бағыттағы қызметтерiн дара теориялық және практикалық даярлықтарын тереңдету, магистранттардың әлем ғылымын тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететiн неғұрлым маңызды және тиянақты бiлiмдердi меңгеруi;
5) бiлiм алушылардың өзiн-өзi жетiлдiру мен өзiн-өзi дамыту қабылеттерiн, олардың белсендi өмiрлiк қызметiнiң бүкiл өн бойында өз бетiнше жаңа бiлiмдердi шығармашылықпен меңгеру қажеттiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыру;
6) қазiргi кездегi ғылыми және практикалық мәселелердi тұжырымдауға және iс жүзiнде шешуге, жоғары оқу орындарында сабақ беруге, зерттеушiлiк және басқарушылық қызметтi табысты атқаруға қабылеттi азаматтық көзқарасы айқын кәсiби мәдениетiнiң, оның iшiнде кәсiби қарым-қатынас мәдениетiнiң деңгейi жоғары мамандар даярлау;
7) магистратураның бiтiрушiлерiн оларға ғылымдардың тоғысқан тұсында нақты дамушы дүниедегi кәсiби жинақылыққа кепiлдiк беретiн iргелi бiлiммен қамтамасыз ету;
8) халықаралық еңбек рыногында магистрлер дипломдарының баламалылығын қамтамасыз ететiн көлемде кәсiптiк бiлiм алу үшiн жағдай жасау.
5. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша оқыту жоғары базалық немесе жоғары арнаулы бiлiм негiзiнде, Қазақстан Республикасының жоғары кәсiптiк білім беру бағыттары мен мамандықтарының Классификаторына сәйкес жүргiзiледi.
6. Магистратураның негiзгi мақсаттары:
1) жоғары бiлiмдi және жоғары интеллектуалды жаңа ұрпақ тәрбиелеу;
2) iргелi және қолданбалы ғылымды, жоғары кәсiби бiлiм беру мен мемлекеттiк басқару жүйесiн, мәдениеттi iшкi және сыртқы еңбек рыногында табысты бәсекелестiкке қабылеттi жоғары бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету;
3) әлемдiк бiлiм беру және ғылыми-ақпараттық жүйеге ұласуға жету.
7. Магистратурада оқу мерзiмi:
1) жоғары базалық бiлiм негiзiнде - 2 жыл;
2) жоғары арнаулы бiлiм негiзiнде - 1 жыл.
8. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау бiлiм беру қызметiне лицензиясы бар жоғары кәсiби бiлiм беретiн ұйымдарда жүзеге асырылады.
9. Магистратура, бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның бұйрығымен, жоғары бiлiктi ғылыми-педагогикалық кадрлармен (мамандық профилiне сәйкес бiр ғылым докторы және үш ғылым кандидатынан кем емес) қамтамасыз етiлген жағдайда, қажеттi зертханалық-зерттеу және оқыту-әдiстемелiк базалары бар және мемлекеттiк аттестациялаудан өткен жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында, олардың өтiнiштерi мен ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде ашылады.
Жақын мамандықтар бойынша, магистратура, екi және одан да көп факультеттер мен кафедралар базасында ашылуы мүмкін.
10. Магистратурада бiлiм алушылар контингентiн қалыптастыру, кадрлар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырыстарды орналастыру, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебiнен оқуға ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Магистратурада оқыту жоғары базалық бiлiм мамандығының профилiне сәйкес болуға тиiстi.
2. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң
білімдiк-кәсiптiк бағдарламаларына қойылатын талаптар
11. Тереңдетiлген жоғары кәсiби бiлiм беретiн ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы жуықтап алғанда көлемдерi бойынша бiрдей - бiлiмдiк-кәсiптiк және ғылыми-зерттеу бөлiктерiнен тұрады.
Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы магистрлер даярлау бағдарламасы немесе магистрлiк бағдарлама деп аталады.
12. Магистратурада мамандарды даярлау берiлген жоғары кәсiптiк бiлiм деңгейiне сай келетiн бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Бағдарламаның бiлiмдiк-кәсiптiк бөлiгiне жалпы кәсiптiк, ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтiк-гуманитарлық, ғылыми жетекшi және психологиялық-педагогикалық және мамандықтар мен мамандандырулар пәндерi енгiзiледi. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны жеке жоспармен анықталады.
14. Магистратурада оқыту ғылыми дәрежесi доктор, кандидат немесе ғылыми атағы профессор, доцент, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсендi шұғылданатын және аспиранттарға басшылық ететiн құқығы бар ғылыми жетекшiнiң басшылығымен iске асырылады. Әртүрлi мамандықтар тоғысқан магистрлiк бағдарламаларын орындау жағдайларында ғылыми жетекшiден басқа ғылыми кеңесшiлер тағайындауға рұқсат етiледi.
15. Магистратурада мамандар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орны бiлiм беру саласындағы орталық атқару органымен бекiтiлген мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттардың негiзiнде оқу жұмыс жоспарлары мен магистрлiк даярлау бағдарламаларын әзiрлейдi.
16. Магистратурада оқу барысында магистрант магистрлiк диссертация
деп аталатын бiтiру жұмысын орындайды. Ғылыми жетекшiнiң басшылығымен орындалған магистрлiк диссертация дербес ғылыми зерттеу жұмысы болып табылады. Магистрлiк диссертацияның тақырыбын жоғары оқу орнының ғылыми кеңесi бекiтедi. 17. Магистрлер даярлау бағдарламасы аптасына 54 сағат көлемiнде қарастырылуға тиiстi, соның iшiнде аудиториялық сабақтар көлемi 18-22 сағаттан аспауы керек. Таңдау бойынша пәндерге оқу уақытының 50% дейiнгi бөлiгi арналады. 18. Магистрант педагогикалық қызметке дайындалу мақсатында шығарушы кафедраның оқу үрдiсiне қатысып, оқытушылардың байқауымен 24 сағат көлемiнде дәрiстiк, зертханалық және практикалық сабақтардың циклын жүргiзуге тиiстi. 19. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасына пәндердiң үш циклы енгiзiледi: 1) әлеуметтiк-гуманитарлық пәндер циклы - 13 %; 2) iргелi пәндер циклы - 10 %; 3) арнаулы пәндер циклы - 70 %; 4) психология-педагогикалық пәндер циклы - 7 %. 20. Әлеуметтiк-гуманитарлық пәндер циклы магистратураның барлық мамандықтары (мамандандырулары) үшiн бiрдей болады. Пәндер тiзбесiнiң мысалы: 1. Философия; Шет ел тiлi; 3. Қазақ (орыс) тiлi;
21. Философия және шет ел тiлi бойынша магистрлер даярлау мазмұны барынша кандидаттық минимум бағдарламаларына жақын болуға тиiстi. Оқу жоспарында осы пәндер бойынша мемлекеттiк емтихан қарастырылуға тиiстi, олар Мемлекеттiк аттестациялық комиссияның шешiмiмен кандидаттық минимум емтихандарына теңестiрілуi мүмкiн.
22. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша екi практика өткiзу қарастырылады: зерттеушiлiк (магистрлiк диссертация үшiн материалдар жинау мақсатында) және педагогикалық (магистранттармен дәрiсханалық, практикалық және зертханалық байқау сабақтарын өткiзу үшiн).
Педагогикалық практика оқу сабақтарымен қатар немесе соған арнайы бөлiнген бос уақытта ұйымдастырылуы мүмкiн.
Зерттеушiлiк практика соңғы курста ұйымдастырылады.
23. Магистратурада сабақтарды профессорлар және педагогикалық стажы бар, жоғары педагогикалық шеберлiкке ие болған және өзiнiң ғылыми жетiстiктерiмен белгiлi ғылыми дәрежелерi бар оқытушылар жүргiзедi.
3. Магистрларды даярлауға қойылатын
кәсiптiк-бiлiктiлiк талаптар
24. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасының түлегi келесi талаптарға сай болуға тиiстi:
1) жалпы ғылыми әдiстеменi, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргiзудiң логикасы мен технологиясын, оның нәтижелерiн ғылыми өнiмнiң әртүрлi нысандарында ресiмдей бiлудi меңгеру;
2) ғылыми ақпараттардың көп көлемiмен жұмыс жасай бiлу, оның әртүрлi көздерiмен өздiгiнше жұмыс iстеу, iргелi ғылымда еркiн бағдарлау, кәсiби есептердi шешкенде, компьютерлiк техникаларды пайдалану, компьютерлiк бағдарламаларды әзiрлеудi меңгеру, кешендi кәсiби есептердi шешу барысында күрделi алгоритмдарды шығармашылықпен жүзеге асыру;
3) өзiн-өзi кәсiби жетiлдiруге тұрақты қажеттiлiктi сезiну;
4) жоғары мектептiң педагогикасы және психилогиясы негiздерiн бiлу, қазiргi кездегi технологияларды меңгеру;
5) шет ел тiлдерiнiң бiреуiн меңгеру;
6) бейiм қабылеттерге ие болу.
4. Қорытынды аттестаттау
25. Магистрлер даярлаудың аяқ кезеңiнде магистрлiк диссертация қорғау, сонымен бiрге мемлекеттiк емтихандар тапсыру көзделедi.
Мемлекеттiк емтихандар мен магистрлiк диссертация қорғауды құрамы жоғары оқу орнының ғылыми кеңесiмен белгiленетiн және бiлiм беру саласындағы орталық атқару органының келiсiмi бойынша бiлiм беру ұйымының басшылығымен бекiтiлген Мемлекеттiк аттестациялық комиссия қабылдайды.
26. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша оқу бiтiрген тұлғаларға белгiленген үлгiдегi, бiлiктiлiгi және магистрлiк академиялық дәрежесi мен жоғары бiлiмi туралы диплом берiледi.
Магистратура бiтiрушiге оқыған пәндерi бойынша емтихан және сынақ
бағалары, магистрлiк диссертациясының тақырыбы көрсетiлген, магистрлiк диссертациясы бойынша қорғаған бағасы, мемлекеттiк емтихандарды тапсыру қорытындылары енгiзiлiп, дипломға қосымша берiледi. 27. Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша оқуды бiтiрген және магистр дәрежесi бар жеке тұлғалардың берiлген бiлiктiлiгi бойынша жұмыс iстеуiне немесе өзiнiң ғылыми дайындығын екi жылдан аспайтын аспирантурада жалғастыруларына болады. 28. Магистратураны бiтiрмеген жеке тұлғаларға белгiленген үлгiдегi академиялық анықтама берiледi. Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева А.Ж.