Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде осы қаулыны және Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 25 қарашадағы
N 433 қаулысымен бекітілген
Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында
қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесi
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру тәртiбiн, сондай-ақ мұндай төлемдердi жүзеге асыру кезiнде қолданылатын төлем құжатын ресiмдеу тәртiбiн белгiлейдi.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
2. <*>
Ескерту: 2-тармақ алынып тасталынды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
3. Осы Ережеде "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру ережесiнiң 3-тармағында көзделген негiзгi ұғымдар пайдаланылады.
4. Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдер төлем құжаты болып табылатын төлем ордері негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
5. Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру кезiнде клиент те, оған қызмет көрсететiн банкте төлем ордерін ұсынушылар болуы мүмкiн.
Ескерту: 5-тармақта және бұдан әрі мәтін бойынша "төлем құжаттары", "төлем құжаттарын", "төлем құжаты", "төлем құжаттарының", "төлем құжатының", "төлем құжатына", "төлем құжатын" деген сөздер тиісінше "төлем ордерлері", "төлем ордерін", "төлем ордері", "төлем ордерінің", "төлем ордеріне", "төлем ордерін" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
2-тарау. Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң
арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру
кезінде қолданылатын төлем ордерлерін ресiмдеу
тәртiбiне жалпы талаптар
6. Осы Ереженің Қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем ордері клиенттің банктік есепшотына қызмет көрсету, клиенттің салымы (депозиті) бойынша сыйақы есептеу кезінде, басқа жағдайларда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық кесімдерінде және/немесе клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында жасалған шартта тікелей көзделген қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру кезінде пайдаланылады.".
Банкке осы Ережеде көзделген нысаннан басқа төлем ордерінің өзге нысанын пайдалануға рұқсат етіледі.
Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
7. Банк қолданылатын төлем ордерінің басқа нысанында мынадай деректемелер болуы тиіс:
1) төлем ордерінің атауы;
2) төлем ордерінің номерi, жазылған күнi, айы, жылы. Күнi санмен, айы - жазумен, жылы - санмен көрсетiледi. Компьютер техникасын пайдаланумен ресiмделетін төлем құжаттарында айы санмен белгiленiп көрсетiледi;
3) клиенттiң банктiк есепшотына қызмет көрсететiн банктiң атауы (атауының жанына оның фирмалық белгiсi қойылуы тиiс), оның банктiк бiрегейлендiру коды;
4) клиенттiң атауы, оның жеке бiрегейлендiру коды;
5) төлемнiң бастамашысы уәкiлеттi адамдардың аты-жөнi және қоятын қолы және оның мөрi мен мөртабандарының бедерi (егер бар болса). Осыған орай аты-жөнi толық көрсетiлiп, аты және әкесiнiң аты - инициалымен көрсетiледi.
РҚАО-ның ескертуі!
2013.01.01 бастап 6) тармақша жаңа редакцияда қарастырылған - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз) Қаулысымен.
6) клиенттің және оған қызмет көрсететін банктің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі;
7) төлемнiң мәнi, оның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген код белгiсi;
8) санмен және жазумен белгiленген төлем сомасы.
8-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген ақша жіберушінің коды (КОд) және бенефициар коды (КБе).
Ескерту: 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен; 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз), 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз), 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз) Қаулыларымен.
8. Бастамашысы заңды тұлға-клиент болып табылатын қағазға басылған төлем ордерінде қол қою үлгілері мен мөрдің бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің уәкілетті адамдарының қойған қолы және мөрдің бедері болуы тиіс.
Бастамашысы жеке тұлға-клиент немесе заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға-клиент болып табылатын қағазға басылған төлем ордерінде қол қою үлгілері мен мөрдің бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің қойған қолы және мөрдің бедері болуы тиіс.
Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
9. Бастамашысы банк болып табылатын қағазға басылған төлем ордеріне қол қою құқығы бар уәкiлеттi адамдардың саны, сондай-ақ мұндай төлем ордеріне мөртаңба немесе мөрдiң бедерiн қою қажеттiгi банктiң iшкi ережелерiнде белгiленедi.
Төлем ордерін электронды әдіспен ресімдеуге рұқсат етіледі.
Ескерту: 9-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
10. Банк төлем құжаттарына клиент туралы қосымша мәлiметтердi, сондай-ақ осы төлем ордерін өңдеу үшiн банкке қажеттi мәлiметтердi қосуға құқылы.
11. Төлем ордерлері, сондай-ақ оны қайтарып алу немесе орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдер клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әдiстермен берiледi.
Ескерту: 11-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
12. Төлем ордерлерін, сондай-ақ оны қайтарып алу немесе орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдердi электронды әдiспен беру клиент пен оған қызмет көрсететiн банктің арасындағы шартта көзделген рұқсат етiлмеген төлемдерден қорғау iс-әрекеттерiнiң тәртiбін сақтау талаптарымен жүзеге асырылады.
Төлем ордерін электронды әдіспен берген кезде егер клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында жасалған шартта басқаша көзделмеген болса осы төлем ордерін қағазбен қосымша беруді талап етпейді.
Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
13. Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы шартта мұндай мүмкiндiк бар болса, төлем құжаттарында валютаға айналдырылған күн көрсетiлуi мүмкiн.
14. Клиент/банк төлем ордерлері жазылғаннан кейiн, оны 10 күнтiзбелiк күн iшiнде бередi.
Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
3-тарау. Рұқсат берiлген төлем ордерлері
15. Төлем ордерлерін пайдалана отырып, клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы қолма-қол жасалмайтын төлемдер Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес жасалған болса, ол рұқсат берiлген төлемдер деп саналады.
16. Төлем ордерлерін қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiм Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес берiлген болса, ол рұқсат берiлген төлемдер деп саналады.
Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
4-тарау. Төлем ордерлерін қайтарып алу,
оның орындалуын тоқтата тұру <*>
Ескерту: 4-тараудың атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
17. Төлем құжаты клиенттiң банкке Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресiмделген төлем ордерін қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдi жiберу арқылы қайтарылып алынуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн
18. Егер өкiм Қазақстан Республикасы заңдарының және клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы шарттың талаптарына сәйкес келмесе, банк төлем ордерін қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдi орындамайды.
19. Банк төлем ордерін қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдi уақтылы алған кезде банктiң қайтарылып алынатын немесе орындалуы тоқтатыла тұратын төлем құжаты бойынша төлем жасауға құқығы жоқ. Осыған орай банк осындай төлем құжаты негiзiнде төлем жасаған жағдайда клиентке ақшаны қайтарып беруге мiндеттi.
5-тарау. төлем ордерінің акцептi
және оны акцептеуден бас тарту
20. Клиент жiберген төлем құжаты мынадай талаптардың бiрi болған жағдайда банк акцептеген деп саналады:
1) банк клиенттiң банктiк есепшотын дебетте және оның банктiкесепшоты бойынша оған көшiрмесiн берсе;
2) банк клиентке акцепт туралы хабарлама жiберсе;
3) клиент банктiң төлем ордерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішiнде банктiң акцепт туралы немесе акцепт беруден бас тартуы туралы хабарламасын алмаса (келісу белгiсi бойынша);
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және/немесе клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы шартта көзделген басқа да жағдайларда
21. Банк мынадай жағдайларда төлем ордерін акцептеуден бас тартады:
1) клиент төлем жасауға қажеттi ақша сомасын қамтамасыз етпеген жағдайда;
2) төлем ордерінің қолдан жасалғандығының белгiлерi болса, оның iшiнде төлем құжаты клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы шартта белгiленген рұқсат етiлмеген төлемдерден қорғау iс-әрекеттерiнiң тәртiбiн бұзу арқылы берiлген жағдайда;
3) клиент төлем ордерін жасау және оны ұсыну тәртiбiне осы Ережеде және өзге заңдарда, сондай-ақ клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы шарттың талаптарында белгiленген талаптарды сақтамаған жағдайда;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) шарттың талаптарында белгiленген басқа да талаптарды сақтамаған жағдайда.
22. Клиенттiң банк жiберген төлем ордерлерін акцептеудiң талаптары мен тәртiбi клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы шартта көзделедi.
23. Клиенттiң банктiк есепшотында төлем жасау үшiн жеткiлiктi ақша сомасы бола тұрып және банк заңда белгiленген мерзiмде акцептеуден бас тарту туралы хабар бермей, банк төлем ордерін орындамаған жағдайда, банк клиентке, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, олардың арасындағы шартта көзделген мөлшерде төлем сомасынан айыппұл төлеуге мiндеттенедi.
24. Банк клиенттiң оның банктiк есепшотынан ақшаны акцептемей алуға келiсiмi бар клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы шарттың негiзiнде ғана клиенттiң банктiк есепшотынан акцептемеу тәртiбiмен ақшаны алуға құқылы.
6-тарау. төлем ордерінің орындалуы
25. Банк клиенттiң оған шартқа сәйкес осындай аударымын жүзеге асыру бойынша өкiлеттiктер жүктеген кезде осы банкте ашылған клиенттiң бiр банктiк есепшотынан екiншiсiне ақша аударады.
26. Клиенттің банктік есепшотын дебеттеу/кредиттеу кезінде банк клиенттің банктік есепшотынан клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында жасалған шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде көшірме беру арқылы оның банктік есепшотынан ақшаның алынуы/есептелуі туралы оған хабарлайды.
Ескерту: 26-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
7-тарау. Қорытынды ережелер
27. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
Төраға
Клиент пен оған қызмет
көрсететін банктің арасында
қолма-қол жасалмайтын
төлемдерді жүзеге асыру
ережесiне қосымша
РҚАО-ның ескертуі!
2013.01.01 бастап қосымша жаңа редакцияда қарастырылған - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз) Қаулысымен.
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз) Қаулысымен.
Нысан
Банкке келіп түсті |
№ ______ ТӨЛЕМ ОРДЕРІ
_____ жылғы «___» _______
(берілген күні)
Ақша жөнелтуші СТН ____________________________ |
СОМАСЫ |
|||
БСК |
АЖК |
теңгемен |
валютамен |
|
ЖСК |
||||
БСК |
БеК |
|||
Бенефициар________________________
(атауы)
СТН ______________________________
Сомасы жазумен___________________________________________
Төлем мақсаты |
Төлем мақсатының коды |
|
(Көрсетілген қызметті, шарттың нөмірі мен күнін және басқа да деректемелерді көрсете отырып) |
Валюталау күні |
Банк жүргізді
______жылғы «____»________________
Мөрдің орны |
Уәкілетті адамның аты-жөні __________________
Қолы ________________________________________
Уәкілетті адамның аты-жөні ___________ |
Мөртабан орны |