Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасы 2000 жылғы 25 қараша N 433 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 5 қаңтар N 1352 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде осы қаулыны және Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. 
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2000 жылғы 25 қарашадағы   
N 433 қаулысымен бекітілген

Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында
қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесi

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Ереже клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру тәртiбiн, сондай-ақ мұндай төлемдердi жүзеге асыру кезiнде қолданылатын төлем құжатын ресiмдеу тәртiбiн белгiлейдi.
      Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
      2. Алынып тасталынды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
      3. Осы Ережеде «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысында көзделген негізгі ұғымдар пайдаланылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдер төлем құжаты болып табылатын төлем ордері негізінде жүзеге асырылады.
      Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
      5. Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру кезінде клиент те, оған қызмет көрсететін банк те төлем ордерін ұсынушы болып табылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту: Бұдан әрі мәтін бойынша "төлем құжаттары", "төлем құжаттарын", "төлем құжаты", "төлем құжаттарының", "төлем құжатының", "төлем құжатына", "төлем құжатын" деген сөздер тиісінше "төлем ордерлері", "төлем ордерін", "төлем ордері", "төлем ордерінің", "төлем ордеріне", "төлем ордерін" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.

2. Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру кезінде қолданылатын төлем ордерін ресiмдеу тәртібіне қойылатын жалпы талаптар

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Осы Ереженің Қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем ордері клиенттің банктік есепшотына қызмет көрсету, клиенттің салымы (депозиті) бойынша сыйақы есептеу кезінде, басқа жағдайларда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық кесімдерінде және/немесе клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында жасалған шартта тікелей көзделген қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру кезінде пайдаланылады.". 
      Банкке осы Ережеде көзделген нысаннан басқа төлем ордерінің өзге нысанын пайдалануға рұқсат етіледі.
      Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
      7. Банк қолданылатын төлем ордерінің өзге нысанында мынадай деректемелер қамтылады:
      1) «Төлем ордері» атауы;
      2) төлем ордерінің номері, жазылған күні, айы, жылы.
      Күні санмен, айы – жазумен, жылы - санмен көрсетіледі. Компьютер техникасын пайдалана отырып ресімделетін төлем ордерлерінде айды санмен белгілеп көрсетуге рұқсат беріледі;
      3) клиенттің банктік шотына қызмет көрсететін банктің атауы (атауының жанына оның фирмалық белгісін қоюға рұқсат етіледі), оның банктік сәйкестендіру коды;
      4) клиенттің атауы, оның жеке сәйкестендіру коды;
      5) төлем бастамашысының уәкілетті тұлғаларының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы және оның мөрі (ол болған кезде) мен мөртабандарының бедері (ол болған кезде). Тегі толық көрсетілуге, ал аты мен әкесінің (ол болған кезде) аты - инициалдармен көрсетуге рұқсат беріледі;
      6) клиенттің және оған қызмет көрсететін банктің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі;
      7) төлем мақсаты, оның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысында белгіленген код белгісі;
      8) цифрмен және жазумен белгіленген төлем сомасы;
      9) ақша жөнелтушінің коды (АЖК) және бенефициардың коды (БеК).
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      8. Бастамашысы заңды тұлға-клиент болып табылатын қағаз тасымалдағышта жасалған төлем ордерінде қол қою үлгілері мен мөр бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің уәкілетті тұлғаларының қойған қолдары және мөрінің бедері (ол болған кезде) болады.
      Бастамашысы жеке тұлға-клиент немесе заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға-клиент болып табылатын қағаз тасымалдағыштағы төлем ордерінде қол қою үлгілері мен мөрдің бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің қойған қолы және мөрдің бедері болады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      9. Бастамашысы банк болып табылатын қағаз тасымалдағышта жасалған төлем ордеріне қол қою құқығы бар уәкiлеттi тұлғалардың саны, сондай-ақ мұндай төлем ордеріне мөртаңба немесе мөрдiң бедерiн (ол болған кезде) қою қажеттiлігiн банк белгiлейдi.
      Төлем ордерін электронды әдіспен ресімдеуге рұқсат етіледі.
      Ескерту: 9-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен..
      10. Банктің төлем ордеріне клиент туралы қосымша мәліметтерді, сондай-ақ осы төлем ордерін өңдеу үшін банкке қажетті мәліметтерді қосуына рұқсат беріледі.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Төлем ордерлері, сондай-ақ оны қайтарып алу немесе орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдер клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әдiстермен берiледi.
      Ескерту: 11-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
      12. Төлем ордерлерін, сондай-ақ оны қайтарып алу немесе орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдердi электронды әдiспен беру клиент пен оған қызмет көрсететiн банктің арасындағы шартта көзделген рұқсат етiлмеген төлемдерден қорғау iс-әрекеттерiнiң тәртiбін сақтау талаптарымен жүзеге асырылады.
      Төлем ордерін электронды әдіспен берген кезде егер клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында жасалған шартта басқаша көзделмеген болса осы төлем ордерін қағазбен қосымша беруді талап етпейді.
      Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.
      13. Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасындағы шартта мұндай мүмкіндік белгіленген болса, төлем ордерінде валюталау күнін көрсетуге рұқсат беріледі.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Клиент/банк төлем ордерлері жазылғаннан кейiн, оны 10 күнтiзбелiк күн iшiнде бередi.
      Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.

3. Рұқсат берiлген төлем ордері

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Төлем ордерлерін пайдалана отырып, клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы қолма-қол жасалмайтын төлемдер Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес жасалған болса, ол рұқсат берiлген төлемдер деп саналады.

      16. Төлем ордерлерін қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiм Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес берiлген болса, ол рұқсат берiлген төлемдер деп саналады.
      Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.

4. Төлем ордерін кері қайтарып алу, оның орындалуын тоқтата тұру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген, «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына сәйкес ресімделген төлем ордерін қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді банкке жіберу арқылы клиенттің төлем ордерін қайтарып алуына немесе тоқтата тұруына рұқсат беріледі.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      18. Егер өкiм Қазақстан Республикасы заңдарының және клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы шарттың талаптарына сәйкес келмесе, банк төлем ордерін қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдi орындамайды.
      19. Банк төлем ордерін қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді уақтылы алған кезде, банк қайтарылып алынатын немесе орындалуы тоқтатыла тұратын төлем ордері бойынша төлем жасауды жүзеге асырмайды. Банк осындай төлем ордері негізінде төлемді жүзеге асырған жағдайда, банк клиентке ақшаны қайтарып береді.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5. Төлем ордерінің акцепті және оны акцептеуден бас тарту

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Клиент жiберген төлем құжаты мынадай талаптардың бiрi болған жағдайда банк акцептеген деп саналады:
      1) банк клиенттiң банктiк есепшотын дебетте және оның банктiкесепшоты бойынша оған көшiрмесiн берсе;
      2) банк клиентке акцепт туралы хабарлама жiберсе;
      3) клиент банктiң төлем ордерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішiнде банктiң акцепт туралы немесе акцепт беруден бас тартуы туралы хабарламасын алмаса (келісу белгiсi бойынша);
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында және/немесе клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы шартта көзделген басқа да жағдайларда
      21. Банк мынадай жағдайларда төлем ордерін акцептеуден бас тартады:
      1) клиент төлем жасауға қажеттi ақша сомасын қамтамасыз етпеген жағдайда;
      2) төлем ордерінің қолдан жасалғандығының белгiлерi болса, оның iшiнде төлем құжаты клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы шартта белгiленген рұқсат етiлмеген төлемдерден қорғау iс-әрекеттерiнiң тәртiбiн бұзу арқылы берiлген жағдайда;
      3) клиент төлем ордерін жасау және оны ұсыну тәртiбiне осы Ережеде және өзге заңдарда, сондай-ақ клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы шарттың талаптарында белгiленген талаптарды сақтамаған жағдайда;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) шарттың талаптарында белгiленген басқа да талаптарды сақтамаған жағдайда.
      22. Клиенттiң банк жiберген төлем ордерлерін акцептеудiң талаптары мен тәртiбi клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы шартта көзделедi.
      23. Егер банк төлем ордерін орындамаса, ал клиенттің банктік шотында төлем жасау үшін жеткілікті ақша сомасы болса және банк акцепттен бас тарту туралы нұсқауды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде хабар бермесе, банк клиентке, егер 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлімі) өзгеше белгіленбесе, олардың арасындағы шартта көзделген мөлшерде төлем сомасынан айыппұл төлейді.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      24. Клиенттiң банктiк шотынан ақшаны төлем ордерін пайдалана отырып акцептсіз тәртіпте алу клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасындағы клиенттiң банктiк шотынан акцептеусіз ақшаны алуға келісімі бар шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6. Төлем ордерінің орындалуы

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Банк клиенттiң оған шартқа сәйкес осындай аударымын жүзеге асыру бойынша өкiлеттiктер жүктеген кезде осы банкте ашылған клиенттiң бiр банктiк есепшотынан екiншiсiне ақша аударады.
      26. Клиенттің банктік есепшотын дебеттеу/кредиттеу кезінде банк клиенттің банктік есепшотынан клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында жасалған шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде көшірме беру арқылы оның банктік есепшотынан ақшаның алынуы/есептелуі туралы оған хабарлайды.
      Ескерту: 26-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001.07.13 N 283 бұйрығымен.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 7-тарау алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Төраға

Клиент пен оған қызмет  
көрсететін банктің арасында
қолма-қол жасалмайтын   
төлемдерді жүзеге асыру  
ережесіне қосымша     

Нысан

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Банкке келіп түсті
____ жылғы «__» ______________ сағат___
  (қабылдау күні және уақыты)

ТӨЛЕМ ОРДЕРІ № _______

_____ жылғы «___» ____________________
      (үзінді-көшірменің күні)

Ақша жөнелтуші
_____________________________________
           (атауы)
ЖСН (БСН)
_____________________________________

БСК |КОД_____
ЖСК

теңгемен

валютамен



БСК
ЖСК

КБЕ


Бенефициар _______________________________________________
                              (атауы)
ЖСН (БСН) ________________________________________________
Сомасы жазумен ___________________________________________

Төлем белгілеу

Төлем белгілеу коды


(Көрсетілген қызметті, шарттың нөмірі мен күнін және басқа да деректемелерді көрсете отырып)

Валюталау күні


      Банк жүргізілді
      ___ жылғы «____» ________________

Мөр (бар болса)

Уәкілетті тұлғаның тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________
                         Қолы ______________________________

Уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) _________________________________
       Қолы ______________________________

Мөртабан